«Шеберлігіңді шыңда» (Сыныптан тыс жұмыс)
Тақырыбы: «Шеберлігіңді шыңда» (Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
- Оқушыларға қолөнермен жалқау адамның жолдас бола алмай -тындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығу шылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу.Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.
- Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқа ғыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту.
- Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батыл- дыққа,еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Типі: қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау және жүйелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, нұсқау беру, талдау
Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз,түрлі-түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, шыны ыдыс, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи материалдар, сүлгі т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта(презентация), балалар шығармашылығынан көрме,нақыл сөздер
Өту барысы:
- Ұйымдастыру сәті
- Психожаттығу. «Мен бәрін жасай аламын»
Бүгінгі күн тамаша,
Мен өзімді жақсы сезінудемін.
Менің көңіл күйім керемет жақсы.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.
- «Шеберлігіңді шыңда» тақырыбында ұйымдастырушы -лық — танымдық әңгіме
- Кіріспе сөз
Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс — ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты.Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді,шеберленеді.
- Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз.Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен, 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Шеберлігіңді шыңда» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
- Таныстыру.
Енді осы қызықты сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейін.
3 «А» сыныбынан – Сұлтанбаева Айдана,Әліпбай Мәди
3 «Ә» сыныбынан – Амантаева Әмина, Ахметжанова Камила
3 «Б» сыныбынан – Даукенова Нелля, Өмірзақова Аружан
4 «А» сыныбынан – Қуатбек Анар, Бақытова Арна
4 «Ә» сыныбынан – Хасен Салиха, Қосайдарова Алуа
4 «Б» сыныбынан – Досаева Аружан, Абирбаева Гауһар
Осы өнерлі шебер балалардың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- Суреттер сөйлейді (интерактивті тақтамен жұмыс)
Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Мұнда, өздерің сияқты шебер балалардың қолдарынан шыққан өнер туындылары:
- Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс
- Табиғи материалдармен жұмыс
- Қағазбен жұмыс
- Оригами
- Құрастыру
- Матамен жұмыс
Осылардың ішінде бүгін біз табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз.
- 3 сынып оқушыларына –панно жасау
- 4 сынып оқушыларына құмыраны әртүрлі материалдармен әшекейлеу.
- Практикалық жұмыс
Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Құрал — жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек.Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.
Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.
Олай болса, іске сәт, балалар!
- Сергіту сәті
III. Қорытындылау.
Жасалған жұмыстарын қорғау.
Қазылар алқасы ақылдасып, шешім шығарғанша өздерің сияқты өнерлі қыздардың өнерін тамашалайық.
- Аружанның орындауында «Туған жер» әні
- Камиланың орындауында «Әке» әні
- Қазылар алқасына сөз беру.