Озық оқушы
Тақырыбы: Озық оқушы
Мақсаты:
1)Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу.
2.Оқушылардың математика , дүние тану пәндеріне деген қызығушылығын молайту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі:Ойын сабақ.
Қолданылатын құралдар: көрнекілік ,плакат,карточкалар.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу. Бұл сабаққа 3-4 сынып оқушылары қатысады. Оқушыларды екі топқа бөлу.
3- сынып I-топ 4- сынып I I- топ
Барысы:
Ойын 3 турдан тұрады.Әр турдың бөлек- бөлек тапсырмалар беріледі.
I – ТУР
ОЙЛАН, ТАП
1.Алдымен танысамыз.
Таныспастан бұрын «менің атым»….. деген сөздерден бастап өзін- өзі таныстырады.
2.Сұрақтарға жауаптар жазу, жауап беру.
Алдымен оқып алады.Сосын жауаптарын кезектесіп айтады.
3- сынып
I тапсырма
1.Отбасына кімдер жатады?
2.Сөйлем неден тұрады?
3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
4.1 тоннада неше кг бар?
5.Өз атын атап шақыратын құс?
Жауабы:
- Әке,ана,бала,әже,ата.
- Сөздерден.
- 3ке
- 1000кг.
- Көкек.
4сынып
II тапсырма
1.Құрманғазының шәкірті?
2.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
3.Көбейтудің компаненттері.
- = км
5.Мысық тектес жануар.
Жауабы:
1.Дина
- 2-ге
3.Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні.
4.1000М= км.
5.Жолбарыс, Сілеусін.
III тапсырма Жұмбақтар оқылады солардың жауаптарын, қазақша және орысша айту керек.
- Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.(Күн -солнце)
2)Қабат – қабат қаптама .
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)
3)Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі.(Қалам-ручка)
4)Ілулі тұр кең дала,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп.
Сүртем сосын өшіріп.(Тақта-доска)
4)Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім. (Жол-дорога)
5)Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ , басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш-веник)
6)Ішіне мұз қатқан, өзін – өзі мұздатқан.(Тоңазытқыш-холодильник)
7)Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе.
Жығады ол күн сайын, ең күштінің өзінде. (Ұйқы-сон)
II тур. Зерделілер
Тақтаға сөз ілінеді сол сөзде берілген әріптерден басқа сөздер құрастырып жазу.
Екі топ оқушылары тақтаға шығады.Сөздер құрастырады.
Берілген сөз: Алтыбақан.
III тур. Шарықтау шыңы.
Логикалық тапсырмалар.
- Парақ қағаздардан фигуралар жасау.
- Логикалық сұрақтар.
3 сынып.
Ауылда екі ақ қайың өсіп тұр.
Атам біреуінен 2 шелек алма алды,
Екіншісінен 2 есе артық алды,
Неше шелек екінші қайыңнан алды?
4 сынып .
Аулада он екі аяқ 4 бас жүр.
Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр.
Осыларды есептегенде неше бұзау неше тауық .
Жауабы: Екі бұзау 8 аяқ. 12
Екі тауық 4 аяқ.
3-сынып
Мына берілген кейіпкерлердің аттарын жалғастырып айт.
Күн астындағы….
Ай астындағы…..
Алты жасар………
Ығай мен………….
Керқұла атты……
Жауабы: Күнекей, Айсұлу, Алпамыс, Сығай, Кендебай.
4-сынып
Кеше Катяның туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Катяның
туған күні аптаның қай күнінде болды ?
Жауабы: Сейсенбі
3-сынып
. Эрика дәптер алу үшін 10 евро төлегенде, сатушы 1 евро қайтарып
берген. Егер бір дәптердің бағасы 3 евро болса, Эрика неше дәптер
сатып алды?
Жауабы: 3 дәптер.
4-сынып
. Жаттықтырушының бірінші рет ысқырығынан кейін маймылдар
6 қатарға сап түзеп орналасқан. Әр қатарда 4 маймыл болған. Екінші
ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда
әр қатарда неше маймыл болған?
Жауабы: әр қатарда 3 маймылдан болған.
Қорытынды: Оқушыларды мадақтау, марапаттау.