«Желсіз түнде жарық ай» А.Құнанбаев
Сабақтың тақырыбы: «Желсіз түнде жарық ай» А.Құнанбаев
Сабақтың мақсаттары: 1) Автордың өмірі мен шығармашылық еңбектері туралы
түсініктерін кеңейту. Табиғаттың ерекшелігін суреттей білуге үйрете отырып, мәнерлеп оқуға және әнімен айта білуге дағдыландыру.
2) Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойлау шеберлігі мен ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту
3) Оқушылардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғатты аялауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Ғылымилығы: А.Құнанбаевтың шығармашылығынан үлгі — өнеге алып, оқушылардың шығармашылығынан өз бетінше ізденіп, шығармашылық қабілетін арттыруға тәрбиелеу.
(Табиғи дарын қабілетін анықтау)
С / түрі : Кіріктірілген сабақ
С / әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, «Ой шақыру» шығармашылық жұмыс, Венн диограммасы
С / көрнекілігі: интерактивті тақта, А.Құнанбаев суреті, оқулық
Пәнаралық байланыс: Ән сабағы, тіл дамыту, дүниетану, математика, қазақ тілі
Сабақтың барысы
- I. Психологиялық дайындық
Қане, қатар-қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
түп түзу тұрайық
1-ші қатар жай отыр
2-ші қатар сен де отыр
3-ші қатар тез отыр
Оқушылардың оқу құралдарын тексеру,
зейіндерін сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, біз өткен сабақта М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесімен танысқан едік.
- М.Әуезов кім?
- Ол қай жылдары өмір сүріп еді? (1897-1961)
- Ол қай жерде туған? (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында туған)
— Мен сендерге М.Әуезовтің «Бала Абай» атты әңгімесін оқуға және оны мазмұндауға берген болатынмын,иә
-Оқыдық па?
Мазмұнын сұрау.
— «Менің әжем» тақырыбына шағын шығарма жазып келуге берген едім
— Жаздық па?
Шығармаларын оқыту
Сонымен балалар, біз сендермен М.Әуезотің «Бала Абай» әңгімесімен де таныстық. Бұл әңгіме кім туралы екен?
- Иә, бала Абай туралы екен, яғни А.Құнанбаевтың балалық шағына байланысты жазылыпты.
III. Жаңа сабақ
— Абай Құнанбаев кім? Абай туралы не білесіңдер?
әрі ойшыл ұлы тұлға ұлы ақын
әрі ағартушы қоғамдық
қайраткер
сазгер, композитор аудармашы
Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен танысамыз.
Кәне, кітаптарыңның 80 бетін ашыңдар, кім мәнерлеп оқып береді?
3 оқушыға оқыту.
Балалар,өлеңде не туралы айтылған?
Абай Құнанбаев жазушы ғана емес ол сазгер, композитор деп айттық.Ендеше балалар ол осы өлеңнің әнін де жазған екен.
(Ортаға ән-күй мұғалімі — Зүбида Азаматқызы шығады. Әнді тыңдау)
Суретпен жұмыс
-Балалар, суретке назар аударыңдаршы. Суретте не бейнеленген? Ай қай уақытта жарық болады? (Ай туғанда,түнде)
— Ай туғанда қандай бата береді? (ай халыққа тиышты болсын)
Біз 3 сыныпта естеріңде болса, «Жаз» өлеңімен танысып едік.Естеріңде барма? Өлеңді жатқа сұрау
Венн диограммасы.
«Жаз» «Желсіз түнде
жарық ай»
Оқулықпен жұмыс. Тапсырма.
А) «Көрінбей жердің топырағы» деген өлең жолын қалай түсіндің?
Ә) Ағаш жапырағының сыбдырын бейнелеген өлең жолдарын тауып оқы.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Б) Өлеңнен ұйқас сөздерді тап:
— дірілдеп- гүрілдеп;
— жарық ай – терең сай
— жапырағы – топырағы .
Осындай ұйқас сөздерден өлең шығаруға болады. Өлеңде неше шумақ бар? (2)
Балалар өлеңнің әр жолын тармақ деп айтады екен.Ал өлеңде неше тармақ бар екен? (8)
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық
Бүгінгі күнді жазайық
(80 беттегі өлең туралы ережені жазып алу.)
-Өлеңнің ұйқасы қай сызбаға сәйкес келетінін айт
- Қорытындылау.
Сонымен балалар бүгін біз не үйрендік? Не білдік?
-Иә, А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен таныстық. Сонымен қатар, осы өлеңнің әнін де естідік.
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Абай ақын | Желсіз түнде жарық ай | Абайдың жазған әндерінің бәрін білгім келеді |
Бағалау.
Үйге тапсырма 1. «Желсіз түнде жарық ай » өлеңін жаттау және әнімен айту.
- Өлең бойынша сурет салу