Көпбұрыштың периметрі
Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі
Сабақтың мақсаты: 1 «сынық сызық» түсінігін (тұйықталған, тұйықталмаған); сынық сызықтың ұзындығын табуға үйрету.
«Көпбұрыштың периметрі» түсінігімен таныстыру және оны табуды үйрету.
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп, формула жазылған плакат.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Біз бақытты баламыз,
Ойлап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз.
- Үй тапсырмасын тексеру.
78 беттегі №4 тапсырманы тексеру.
- Ауызша есептеу.
- «Сиқырлы алтыбұрыш» тапсырмасы;
- «Қай қатар жылдам?» ойыны ; Тізбектегі амалдарды орындау.
- Математикалық диктант.
— 7-ні 9-ға арттыр;
— Азайғыш 18, азайтқыш 8. Айырманың мәнін тап;
— 30 бен 50 сандарының қосындысын тап;
— 6 ондық, 8 бірліктен тұратын санды жаз;
— 1 дм 5 см неше сантиметр болады?
- Жаңа сабақ.
а/ Геометриялық конструктормен жұмыс.
ә/ Практикалық жұмыс. (сыммен жұмыс)
- Әр кесінді буын, буындарды санату.
- Сымның ұштарын қосып тұйықталған сынық сызық шығатынын көрсету.
б/ Суретпен жұмыс №1 тапсырма
- Фигураларды атату;
- Тұйықталған сынық сызықтардың көпбұрышты құрайтынын түсіндіру.
в/ Оқулықпен жұмыс. Р түсіндіру. №2-79б.
г/ Периметр табу. Сыныптың бөлмесінің ұзындығын метрмен өлшетіп, Р тапқызу. Өмірмен байланыстыру: құрылысшылар еденнің жиегіне қағатын ернеулікті сатып алу үшін, еңбек сабағында аппликациялық жұмыстар орындау үшін, …
- Өзіндік тапсырма орындату.
Оқушылар өздері білетін геометриялық фигуралар жасайды.
- Есеп шығарту. №5 а, ә бөліктері, р табу.
- Қорытынды.
- Бүгін сабақта не үйрендік, не білдік кәне ортаға салайық.
— Көпбұрыш деген не?
— Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
- Үйге тапсырма беру. №7 – 81б. жақшалы өрнектерді шығару, амалдарын көрсету.
- Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын айтып, бағалау.