Т т дыбысы және әрпі

Сабақтың тақырыбы: Т т дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: әліпби,суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанышты күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Балақай!
II қайталау
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
III үй тапсырмасын сұрау
1) А қандай дыбыс?
А) дауысты, б) дауыссыз
А а дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
А) ортасында Ә) басында Б) барлық буында
Мысал Ай, тай, Дала
Жаңа сабақ:
Жұмбақ жасыру:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/
1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу.
а) ас — осы буынға «т» дыбысын қосу арқылы сөз құрату «тас».
ә) өлшем құру.
2. Сергіту минуті 
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
3. Суретпен жұмыс:
— Ненің суреті? Не байқадыңдар?
— Тау.
— «Тау» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Тт — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен «т» дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти.
ә) тай, тас, тос, тон т. б.
4. Ойын: «Т» дыбысын тап.
АӘБИТШЗТНКД
5 Дәптермен жұмыс.
Әдемі, сауатты орындату
а)Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып,
қолдарын жазуға даярлау:
ә) Т әрпін ayада жазу.
б) Т әрпін қолымен үстінен бастыру.
в) Т әрпін жаздыру.
6. Торсықпен жұмыс.
а) «Тор-сық» буынға бөлгізу.
ә) Дыбысын тапқызу.
б) Торсықтың қасиетімен таныстыру.
7. Торғайдың суретін көрсету:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып-ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.
ә) Торғай қалай ұшады?
б) Қанатын қалай сермейді?
в) Сергіту сәтімен жалғастыру.
8. Қорытынды
1) Көз жұма отырып т дыбысын жаздырту
2) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттап айтқызу
3) Ермексаздан т дыбысын жасау
Балаларға: тақия, торсық,тостаған сөздерін анық және дұрыс айтқызу.
Топпен жұмыс
1 топ: Торғайдың суретін салады
2 топ: Т дыбысыта байланысты жанылпаштар тақпақтар айтқызу
3 топ: Т дыбысы бар сөздер айтқызу.
9. Мадақтау, бағалау.