К. Сегізбаев. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Сабақтың тақырыбы:  К. Сегізбаев. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Сабақтың мақсаты:

а). Білімділік: Мәтінді түсіндіре отырып, мәтіндік мазмұнын, негізгі идеясын ашу.

ә). Дамытушылық: Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, жылдам оқу машықтарын жоғарылату. Қоршаған орта мен тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

б). Тәрбиелік:Оқушыларды табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге үйрету.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО әдістері ( Топтастыру, түртіп алу, кубизм, ББҮ әдісі)

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Суреттер. Үлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс:Дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Б. Соқпақбаев. «Қамқорлық»

1.Балалар үйге берілген мәтіннен өз түсінгендерін «АВС» әдісі бойынша баяндайды.

  1. Мәтінге жоспар құрады.

1.Жанталасқан торғай.

2.Жантастың жауыздығы.

3.Қамқоршы Қожа.

ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

1.Өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап.

2.Ребус шешу   (арқар)

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Қызығушылықты ояту.

Арқар қандай аң? Арқар жайлы не білеміз?

  1. Оқулықпен жүмыс. К. Сегізбаев өмірі мен шығармаларына тоқталу.

Мәтінді тізбектей оқыту.

  1. Мәтінді бөлімдерге бөлу.
  2. Түртіп алу әдісі бойынша сөздікпен жұмыс.

Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

1.Кубизм әдісі бойынша сұраққа жауап беру.

  1. ББҮ әдісі бойынша кестені толтыру.
         Білемін     Білгім келеді        Үйрендім

ҮІ. Қорытындылау.

1.Топтастыру

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді түсініп оқу. Арқардың суретін салу.

ҮІІІ.Бағалау.

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз