Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Ашық сабақ 4-сынып Математика
Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір-біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой-өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал- мәтелдер айту,ойын ойнату)
Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану,ана тілі
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта , бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Пәнге бағыттау
- Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері»
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн дүйсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
3.Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу «Достық» , «Бірлік»
Ұрандарын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
№9 тапсырма
ІІІ. Оқушыларды жан- жақты тексеру:
- 1. «Қызықты төрттік» ойыны
10 | 40 |
30 | 20 |
20 | 10 |
40 | 30 |
ІҮ.Жаңа сабақ:
-Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз.Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?
— Жапырақтар неге сарғаяды?
Ендеше жапырақтарды жинау арқылы №1 тапсырманы орындайық.
Кестені толтыру.
а | 200 | 15 | 6 | 120 |
в | 30 | 30 | 40 | 5 |
с | 5 | 9 | 100 | 15 |
d | 4 | 2 | 4 | 3 |
(а+в+с)*d |
-Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?
— Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік . Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.
- Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
(а+в)*с=а*с+в*с
с*(а+в)=с*а+с*в
22341*2 123200*3 111202*4
- Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
(а+в):с=а:с+в:с
44682:2 369600:3 444804:4
Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
-Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық. Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.
ҮІ.Жаңа сабақты қорытындылау.
Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.
Есепті шығар.
ҮІІ.Сабақты бекіту.
Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.
309*2+516:4 295:5*3+4 093 9 800-408:2
7 809-29*4+7 700 10 000-623+420:2 45*(145-136)-219
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру №5
ІХ. Бағалауз