Пайдалы қазбалардың түрлері

Ақмола облысы Щучинск қаласы

№8мектеп –гимназиясының

3 «Ә» сынып мұғалімі

Боранбаева Тазагүл Салубековна

Сабақтың тақырыбы:  Пайдалы қазбалардың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: пайдалы қазбалар туралы; олардың қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға, салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу,ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.

Сабаққа қажетті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалалары картасы, пайдалы қазбалар топтамасы,слайдтар,сызба-кесте,практикалық жұмыс,нұсқа тапсырмалары,қатар бойынша топқа бөлу,тәжірибелер,көзге және қимылды сергіту сәттері.

Сабақтың түрі: жаңа білім  беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сөздік диктант, оқулық бойынша жұмыс, сызбалар,өзіңді тексер(тест),тәжірибемен жұмыстар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Слайд №1,2

ІІ. Психологиялық дайындық.

Сен пайдалы қазбалар туралы не білесің?

 а)Миды шынықтыру. Пайдалы қазба деген не?

Пайдалы қазбалар қандай екі үлкен топқа бөлінеді?

Сен қандай пайдалы қазба туралы білесін? (Темір кені)

Кенсіз пайдалы қазбалар да екі топқа бөлінеді, ол қандай топтар? (Құрылыстық және жанғыш қазбалар)

 

ә) Сызба-кесте пайда болады: Слайд№3

 

Пайдалы қазбалар
КендіКенсіз
Темір

кені

ҚұрылыстықЖангыш
Гранит, әктас, құм, сазКөмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ

 

(сұрақ-жауап әдісі,мақсатын түсіндіру,жоспармен таныстыру.)Слайд №4,5,6.

 

ІІІ. Мағынаны тану:

Оқулық бойынша жұмыс. Слайд №7,8 Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет. Слайд №9,10,11.

(есте сақта,темір рудасы,гранит,әктас туралы түсінік беру,)

Слайд №12 (қимылды сергіту сәті)

 

Сергіту сәті:

Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.

 

б) тәжірибе жасау: ( техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескерту)

Слайд №13,14  (таскөмір туралы жалпы түсінік,тәжірибе.)

  • Тәжірибе: №1Таскөмір кесегін қолыңа алып,сындырып көр.Сындыра алмайсың. Таскөмір қатты. Енді көмір кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Тұжырым: Таскөмір морт сынғыш.
  • Таскөмірді суға саламыз. Не байқадың?Суға бірден батып кетеді.

Тұжырым: (ерімейді,судан ауыр,)

 

Слайд №15,16 (мұнай туралы түсінік беру және одан өндірілетін заттар.)

  • Тәжірибе: №2. Слайд №17 №1.Стақандағы суға аздап мұнай қосамыз да,жақсылап араластырамыз.

— Не байқадың? (мұнай суға ерімейді және судың бетінде қалқып жүр)

Тұжырым: мұнай судан жеңіл.

  • №2. Металл тостағанға кішкене мұнай құйып,оған жанып тұрған сіріңкені жақындатамыз. Не болады? (мұнай жанады,одан жылу бөлінеді,толық жанып кетеді).

 

Слайд №18 (саз туралы түсінік беру)

  • Тәжірибе: №3. Слайд №19 Тостағанға саз балшық, су, цемент, құм салып араластырамыз. Не байқадың? (сұйық ботқа пайда болды) енді осы ботқаны кірпіш формасына құямыз,сабақтың соңында байқаймыз. Не болады деп ойлайсыңдар?

Тұжырым: (қатады, кірпіш формасы шығады)

  • сол сияқты кесе,құмыра,табақ және мүсіндер жасап шығаруға болады.Оның созылмалы қасиетін пайдалану.

 

Слайд №20

Көзге сергіту сәті: (планета)  Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса,

соның бәрін біздің жерімізден ,яғни жер қойнауынан табуға болады екен.

Слайд №21 Мына байлықтардың барлығы да жер астынан шыққан дүниелер.

 

Тіл дамыту жұмысы: Слайд №22

Пайдалы қазба атауларын ата.( Гранит, әктас, құм, саз)жалпы атауын ата.(құрылыстық) Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ(жанғыш)

Жұмбақтарды шешейік:(қатар бойынша топқа бөлу)

1-топ: шымтезек,темір кені,таскөмір.

2-топ: гранит,мұнай.

3-топ: құм,саз.

  • Жеңіл, ылғал тартады, жақсы жанады, малға төсеніш, тыңайтқыш қызметін атқарады. (Шымтезек)
  • Ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады. (Темір кені)
  • Қара түсті, аздап жалтырайды, қатты, суға батпайды, жанады. (Таскөмір)
  • Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін.

Бірнеше минерал бөлшектерден, шпат, қварц, слюдадан тұрады. (Гранит)

  • Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, бензин мен мазут алынады. (Мұнай)
  • Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)
  • Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады. (Саз)

1-тапсырма: алдыңдағы кестені толтыр.Слайд №23,24

 

АтауықасиеттеріМаңызы мен қолдану аясы
Таскөміржанғыш,судан ауыр,

қара түсті,морт сынғыш.

Үйде пеш жағуға,завод пен фабрикаларда,ауыл мектептері,монша т.б.

жылу береді.

Мұнайжанғыш,сұйық,иісі бар,

судан жеңіл.

АЗС,машина,үй жылы-

туға,т.б.жылу береді,

қозғалыс күшін туғыза-

ды.

сазсудан ауыр,созылмалы,

су өткізбейді,қоңыр түсті

Фарфор табақша, кесе,

құмыра,мүсіндер т. б.

 

ІV. Ой толғаныс:

Оқыған материалды пысықтау. (2-нұсқаға тапсырма ) Слайд №25

Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.

1-нұсқа                                                2-нұсқа

Таскөмір, құм                                     Мұнай, саз

  1. Жанғыш 9. Су өткізгіш
  2. Қатты 10. Сусыма
  3. Сұйық 11. Судан жеңіл
  4. Судан ауыр 12. Газтәріздес
  5. Қара түсті 13. Ақ түсті
  6. Сары түсті 14. Ериді
  7. Морт сынғыш 15. Созылмалы
  8. Иісі бар 16. Су өткізбейді
  9.       Қоңыр түсті

 

 

1-нұсқа  —  таскөмір — 1,4,5,7                      2-нұсқа  —  мұнай – 1,3,8,11

құм  — 2,4,6,10                                          саз – 4,15,16,17

 

Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

 

Сызба құру: Слайд №26,

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
Жанғыш
Кенсіз
Кенді

 

 

 

 

 

 

 

көмір, шымтезек,                   темір кені                         гранит, әктас,

мұнай, табиғи газ                                                           құм, саз

 

Слайд №27

Пайдалы қазбалар деп нені атаймыз?(жанғыш,кенді,кенсіз)

Табиғаттағы пайдалы қазбалар қандай күйде жатады? (Қатты, сұйық, газтәріздес)

 

  1. Рефлексия: Слайд №28

— Сабақ саған ұнады ма?
— Несімен ұнады?
— Саған жаңалық болған не?
— Болашақ өмірде қолдануға пайдалы  білім алдың ба? Ол не?
түсіндіріп берсең.
— Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?

— Өзіңді тексер.(жинаған жетондарын санау)

VІ.     Үй жұмысы.  Слайд №29,30 «Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын оқу, 51-бет. 5-жолды өлең құру.

1-топ: Таскөмір

2-топ: Мұнай

3-топ:Саз

VІІ. Бағалау: Слайд №31