Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс кептіру қажет?

Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс кептіру қажет?

Саңырауқұлақтарды бірнеше әдістермен сақтауға болады: тұздап, консервілеп, мұздатқышта және кептіріп. Кептірілген саңырауқұлақтар өзінің пайдалы қасиеттерін, иісін жоғалтпайды. Бірақта, оларды дұрыс кептіру керек.

Жас саңырауқұлақтарды консервілеп немесе мұздатқышқа салып қойған дұрыс. Үлкен өлшемді саңырауқұлақтарда тиімді пайдаланылады. Олар кептіруге қолайды. Сонымен қатар, оларды сақтау біршама ыңғайлы, себебі осы өнімнің құраушысының 90% су болып табылады. Кептіру кезінде саңырауқұлақтар өздерінің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Оларды сақтау жақсы, себебі олар кепкен соң көлемін кішірейтеді. Кез келген саңырауқұлақты кепітіруге болады, алайды түтікшелі түрін кептірген дұрыс.

Кептірілген түрде олар, әсіресе қысқы мерзімде сорпаларға және гарнирлерге тамаша үйлесім болады. Бұл етті жақсы алмастыратын өнім.

Саңырауқұлақтарды қай жерде және қалай кептіру керек:

Кептірудің бірнеше нұсқалары бар:

  1. Күн көзініде және ауада. Егерде сіз жеке секторда тұратын болсаңыз, онда алаңда саңырауқұлақтарды кептіре аласыз. Ең бастысы, жақсы ауа райы мен күннің көзі жарқырап тұрса болғаны. Сонымен қатар күн шуақты күндері оларды жіпке тізіп, балконға іліп қойсаңыз болады.
  2. Пеш. Пешті 60-70 градусқа дейін қыздырып, табаға саңырауқұлақтарды тізіп шығыңыз. Пеште ауаны циркуляциялайтын мүмкіндігі болуы керек.
  3. Электрокептіргіш. Табаға саңырауқұлақтарды тізіп шығып, қажетті температураны таңдаңыз. Оларды кезеңді түрде тексеріп және ауыстырып тұрыңыз. Жақсы кепкен саңырауқұлақтарды алып басқа ыдыстарға салып қойсаңыз, сіз бұл шаруаны жылдамырақ аяқтап және кептірілген өнім аласыз.