Үй жағдайында күмісті қалай дұрыс тазалауға болады
Күмістен жасалған әшекей бұйым немесе ас үй аспаптары әрбір үйден табылады, алайда ылғалдың әсерінен және терімен ұзақ уақыт жанасуының нәтижесінде ол қарайып өңін жоғалтуы мүмкін. Сіздің күміс бұйымдарыңыз жарқырап тұрсын десеңіз, оларды үй жағыдайында тазалауды білгеніңіз тиімді.
Күмістер тез арада өңін жоғалта беретін болса, күмістің қараюына әсер ететін факторларды анықтап алу керек:
Ылғал. Ылғалды ауаның әсерінен, немесе ылғалды терімені жанасатын күміс тез қарайғыш болады.
Косметикалық құралдардың әсерінен. Әсіресе құрамында күкірт бар өнім, күмістің қараюына себепші болып жатады.
Адам ағзасының ерекшелігіне де байланысты болады.
Үй жағыдайындағы күмісті тазалаудың ең бір жақсы әдісі – супермаркеттердің шаруашылық бөлімінде немесе әшекей бұйымдарын сататын дүкендерде сатылатын арнайы құралдарды пайдалану болып табылады.
Мүсәтір спиртінің көмегімен күмісті тазалау. Қолдағы бар құралдармен күмісті тазалаудың көптеген әдістері бар. Мүсәтір спиртін пайдаланып тазалау, ең көп таралған әдістердің бірі болып табылады. 10% мүсәтір спиртінің аз бөлігін алып күміс бұйымды 15 минутқа салып қоямыз. Содан кейін сумен жақсылап жуып және жұмсақ матамен сүртіп кептіреміз.
Лимон қышқылымен күмісті тазалау. Лимон қышқылымен күмісті тазалау қарапайым және қолжетімді. Эмаль ыдысқа жарты литр су құйып, лимон қышқылының 100 г. салып араластырып, су ваннасына қойып ерітіп аламыз. Осы қоспада 15-20 мин. бұйымды қайнатамыз.
Соданың көмегімен тазалау. Тағы бір қарапайым әдістің бірі. Жарты литр суға 2 ас қасық ас содасын салып ерітеміз. Жақсылап араластырып отқа қойып, бұйымды саламыз. Бірнеше минут өткен соң бұйымыңыз жарқырай түседі.
Тіс пастасының көмегімен күмісті механикалық тазалау. Кез келген механикалық тазалау кезінде күміс біртіндеп сырылады, сол үшін әдемі жұқа оюлы бұйымдарды бұлай тазаламайды. Алайда тіс пастасы әрқашан үйден табылатын болғандықтан, бұл ыңғайлы. Ескі тіс щеткасын алып, кішкене тіс пастасын пайдаланып күміс бұйым жарқырағанша ысқылаймыз.
Егерде сізде, сирек қолданатын күміс бұйымыңыз болса, онда оны бір бірінен жекелей фольгаға орап құрғақ жерде сақтаңыз. Осылайша бұйымдар өзінің жарқыраған түрімен сізді қуантатын болады.