Босанғаннан кейін шашыңыз жиі түсе бастаса не істеу керек?
Босанғаннан кейін, шамамен 3-4 ай өткеннен кейін, әйелдерде шаш түсу мәселесі байқалады. Бұл мәселенің туындауына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Сол себептен, бұл мәселені өздігінен шешуді ойланбастан бұрын, арнайы маманнан кеңес алған жөн.
Әдетте босанғаннан кейін шаштың шамдан тыс түсуі, шаштың жүктілікке дейінгі қалпына қайта келуінде болуы мүмкін.
Босанғаннан кейін шаштың түсуі себептері.
Жүктілік кезіндегі физиологиялық алопеция
Жүктілік кезінде гормондардың өзгеруінен әйел адамның ағзасында да өзгерістер туындайды. Шаштың сыртқы көрінісі жақсарып, қалыңдап, өсуі жылдамдап және тіпті түспейтін болады. Босанғаннан кейін ағзадағы гормондық фонның өзгерісі орныққан соң, шашта біртіндеп жүктілікке дейінгі қалпына келе бастайды.
Күйзеліс.
Баланың өмірге келуі – әйел ағзасы үшін әрқашан күйзеліс алып келеді. Сонымен қатар, ұйқысыз түндер, шаршау және көптеген тұрмыстық мәселелер де шаштың қатты түсуіне сепебші болуы мүмкін.
Жүктілік кезіндегі қандағы гемоглобиннің деңгейінің төмендеуіде әсер етуі мүмкін.
Дәрумендер мен минералдардың жетіспеуі
Шаш үшін маңызды дәрумендер мен минералдардың жетіспеуі сондай-ақ босанғаннан кейінгі шаштың түсуін туғызатын себептердің бірі болуы мүмкін.
Шаш түскен жағыдайда не істеуге болады?
Физиологиялық себептер кезінде.
Шаштың түсуі әдетте, босанғаннан кейінгі төртінші айта анық біліне бастайды, және шамамен 10-12 айда аяқталады. Алайда бқл үрдіс физиологиялық болып табылғандықтан, бқл туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Түскен шаштардың орынына, жаңа шаштар өсіп шығады.
Шаштың түсуіне әсер ететін факторларды іздеп, алдын алу шараларын жасағаныңыз жөн:
- — Бала ұйықтағанда, бірге 1-2 сағат ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Себебі ұйқы кезінде, сіздің ағзаңызда демалатын болады.
- — Баламен бірге таза ауада көп серуенге шығыңыз. Таза ауаның пайдасы орасан.
- — Дәрігеріңізбен кеңесіп, дәрумендер жиынтығын ішіңіз;
- — Шашыңыздың типіне қарай, шаштың түсуіне қарсы маскаларды пайдаланыңыз.
Сонымен, босанғаннан кейінгі шаштың түсуін алдын алуға болады. Қандай шара қолдансаңызда, дәрігердің кеңесін алыңыз.