Т. Молдағалиев. Біздің ту. Тасымал

Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев. Біздің ту. Тасымал

Жалпы мақсаты:

  1. Оқушыларға бір буынды және бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін кеңейте отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

ІІ. Үй тапсырмасы.
«Қазақстан картасы»

Сөз жұмбақ шешу:

  1. Тарысы мол өлке?
  2. Мұнайлы өлке?
  3. Кен алынатын өлке?
  4. Жері жайсаң облыс?
  5. Жер жанаты?
  6. Шыңғыстаудай қорғаны?
  7. Қызыл бидайға бай өлке?
  8. Жайық өзенінің жағасында орналасқан қала?
  9. Алтай саясындағы қала?

 

АҚТӨБЕ
АТЫРАУ
ЖЕЗҚАЗҒАН
АЛМАТЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН
СЕМЕЙ
ҚОСТАНАЙ
ОРАЛ
ӨСКЕМЕН

 

Ой қозғау.
— Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
— Қазақстан қандай ел? (Егеменді, еркін, тәуелсіз)
— Елбасымыз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
— Рәміздерге не жатады? (Ту, Елтаңба, Гимн)

— Біз қай ауылда тұрамыз? (Қарашоқы)

— Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата-ана, ауылымыз, т.б.)

 

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.

ҚРМ — тік туының авторы Ш. О. Ниязбеков. Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.
Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді. Ашық аспан бейбітшіліктің, аманшылықтың, белгісі болған.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі — байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі – қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.
Өрнек — белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы, ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.

 

Тасымалдауға болмайтын сөздерді түсіндіру
1) Бір буынды сөздер: от, сүт, қант;
2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о — рақ, ө — зен, а- ю, ұ — я, қи-я.

 

  1. 1. Тапсырма

76-жаттығу. «Менің Отаным» рөлге бөліп оқу.

Менің Отаным

— Бекжан сен кімнің баласысың?

— Атамның баласымын.

— Қайда тудың?

— Алматы қаласында.

— Отаныңды білесің бе?

— Білемін, менің Отаным – Қазақстан.

— Ержеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?

— Барлық күш-жігерімді Отаныма арнаймын!…

Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу. (сен, бе, күш)

 

Сергіту сәті.
«Амандасу түрлері»

Қазақстанда қол алысады,

Италияда құшақтасады,

Бразилияда иықтан соғады,

Макидонияда шынтақпен амандасады,

Никарагуада қол соғып, шапалақтап, секіреді.

 

Мағынаны тану

  1. Т. Молдағалиев туралы мағлұмат беру

Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 жылы Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиевтің көптеген өлеңдері бар. Соның бірімен біз бүгін танысамыз.
2. 77- жаттығу. Т. Молдағалиев «Біздің ту» өлеңін оқыту
3. Өлең мазмұнын ашу.

  1. Өлеңнің ішіндегі тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу. (тақтаға екі оқушы шығып жазады.)

 

  1. Пысықтау. Бүгін қандай тақырып өттік? Біз бүгін нені білдік?
  2. Бекіту тапсырмасы
    1. Тасымал дегеніміз не?
    2. Сөзде неше буын бар екенін анықтауға болады?

    VI. Үйге тапсырма.
    Өлеңді мәнерлеп оқу.
    VII. Бағалау.