Біздің Отанымыз
Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз.
Сабақтың мақсаттары:
А) Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, мәтінді меңгерту.
Б) оқушылардың ой — өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық есте сақтау қабілеттерін арттыру, өздіктерінен жұмыс істету, қорытынды шығаруға машықтандыру.
В) Оқушыларды Отанын сүюге, елін жерін қорғайтын патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың пән аралық байланысы: Математика, ана тілі, музыка, информатика.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой ашар, мағынаны тану, ой тұжырым, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Н.Назарбаев портреті, ел рәміздері, Қазақстан картасы, слайдтар, сызбалар, бүктемелер, компьютер, интерактивті тақта, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
ІҮ. Ой қозғау.
- мәтінді оқу.
- Түртіп алу жүйесі +,-,v,?.
- Топпен жұыс.
Ү. Мағынаны тану
- Отан — ана әңгіме.
- Байлығы мен табиғатынан үзінді.
- Мәтінді мазмұндау.
ҮІ. Ой тұжырым
Туған жер жайлы өз ойларын айтқызу.
- Жаңа тақырыпқа шағын әңгімі.
- Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдер.
- Экология әліппесі.
ҮІІ. Сабақты қорыту.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
І Психологиялық дайындық.
— Сәлеметсіздер ме!
Балалар, егеменді еліміздің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті қасиетті белгісінің бірі — Әнұран, Ендеше, бәріміз бірігіп Әнұранды қосылып,айтып жіберейікші:
Әнұран «Менің Қазақстаным»
Сөзі: Н.Ә.Назарбаев
Ж.Нәжімединов.
Әні: Ш.Қалдаяқов.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Өткенді еске түсіру.
-Қазақстан сөзін естігенде қандай сөздер естеріңе түседі?
Елбасы
Ата заң Қазақстан Декларация
Ту Елтаңба Әнұран
- – топ. Мемлекеттік туымыздың авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
- — топ. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім? ( Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
- — топ. Мемлекттік Әнұранның авторын ата. ( Сөзі: Н.Ә.Назарбаев Ж.Нәжімединов
Әні: Ш.Қалдаяқов.)
ІІІ – «Кубизм»
1-қыры – Конституция деген сөз нені білдіреді? (Ата Заң)
2-қыры – негізгі заң әрбір азаматқа қандай міндеттер артады? (Жақсы оқу, терең орта білім алу,
еңбек етеуге дайын адам болуды міндеттейді)
3- қыры — Мемлекетіміздің нағыз азаматы болу үшін әрбір оқушы не істеу керек? (Жақсы
оқуымыз керек, көп еңбектенуіміз керек)
4- қыры- Қаталдыққа тиым салатын заң бар ма? (Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге,
ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ)
5- қыры – 12 бап туралы не білесің? (Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне
араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, жазысқан хаттарын оқуға ешкімнің
құқығы жоқ)
6- қыры – Ақысыз оқу, мамандық алу туралы заңның қай бабында айтылған? (26 бап)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, алфавитті пайдаланып, реттік нөмерлерімен сәйкестендіріп мына шифрограмманы шешейік.
І – топ: 3 38 11 7 38 19
Б і з д і ң
ІІ – топ: 20 25 1 18 37 17 37 11
О т а н ы м ы з
ІІІ – топ: 15 1 11 1 15 24 25 1 18
Қ а з а қ с т а н
Сонымен, бүгінгі тақырыбымыздың аты шықты.
Слайд №1 – Қазір сендерге Отан туралы бейнефильмді ұсынамын.
Біздің Отанымыз, Отан – анамыз. Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Біз осында туып өстік, ана тілімізде сөйлейміз
Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Қазақстан – біздің Отан анамыз, бізді нанымен суымен асырайды.
Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа елдер, мемлекеттер көп. Бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан – ана да ол үшін біреу ғана.
Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Сол себепті бұрын біздің елімізді дала өлкесі деген. Жеріміз соншалықты бай, алуан түрлі: таулардан буырқанып сулар ағады, бетіне соры шығып жатқан тақырлар айнайдай жарқыраған көлдер мен алмасады, суы мол өзендер толқи ағып келедіде, құмға сіңіп жоқ болады.
Ұлы Отанымыз қандай тамаша!
Оның ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, шағын ауылдары мен алып қалалары бәрі – бәрі кімді болсын таң қалдырады. Әрине, сен осындай Отанын болғанын мақтан тұтасың.
ІҮ. Ой қозғау.
Отан деген не? Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін қағазға түсіру.
Қазақстан Атамекен
Туған жер Отан Туған ел
Астана Мамырсу
1.Оқулықтан Біздің Отанымыз тақырыбын оқу.
- Алдын – ала таратылып берілген қағаздарды -,+, v, ? белгілерін соғып не білетіндерін, ненің олар үшін жаңа екенін анықтайды.
І – топ. Мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді пайдаланып, Қазақстанды неліктен «Отан», «Отан ана» дейтінді әңгімеле.
ІІ – топ. Мәтінен Отанымыздың байлығы мен табиғатының сан алуандығы туралы айтылатын үзіндіні тап.
ІІІ – топ. Оқыған мәтінді қысқаша айт.
Сергіту сәті: Ән «Отаным» сөзі: А. Қалманбетов.
әні: К. Қуатбаев
Ү. Ой тұжырым.
Туған ауыл туралы өз ойларын айтқызу.
Слайд№2 І – топ. Жануарлары мен құстары.
ІІ – топ. Климаты мен ішкі сулары.
ІІІ – топ. Топырағы мен өсімдіктері. Қазына байлықтары.
ІҮ. Қорытынды.
І – топ. Бүгінгі сабаққа байланысты шағын әңгіме.
ІІ – топ. Отан, туған жер туралы мақал – мәтел айтқызу.
ІІІ – топ. Экология. Өмір ағашын толтыру.
ҮІІ. Бағалау. Әр топ өзін — өзі бағалап, ұпай санын шығарып, қалташаға салады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Біздің Отанымыз. Оқу, мазмұндау,Бүгінгі тақырып бойынша қосымша деректер табу.
ән. «Қазақстан.» сөзі: Қ.Ыдырысов.
әні: Т.Базарбаев