Ұстаз деген кім?
Ұстаздық еткен жалықпаc Ұстаз кім?
Ол-жас шәкірттің жүрегіне жол табушы, білім нәрін себуші десек аз болады. Балаң шәкірт-келешк ұрпақ. Бұл-ұстазға жауапкершілік.
Бүгінгі таңда еліміздің егеменділігін, тәуелсіз Қазақстанды үлкен өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, сол мектептің басты тұлғасы-ұстаз. Баланың адам болып қалыптасуында ұстаздың алар орны бөлек. Ұстаздық жол – қиындығымен қызық, ерекше мамандық. Қиындықты жеңе біліп, жауапкершілікті көтере білу кез-келгеннің қолынан келе бермесі анық. Олай болатын себебі, алдына келген жас жеткеншек баланың білімін, ой -танымын, өмірлік көз қарасын, қала берді алдағы өміріне мақсатына жол сілтеуші. Бала өсіп, білім алып өз өміріне қожалық еткенше ата-анасы қандай қиналса, ұстаз да сол тауқыметке қатар түседі.Сол себепті ұстаз үнемі ізденіп, әр шәкірттің балапанын ұясында баптаған құс секілді шыр-пыр болып, тер төгеді.
Барынша асыл қасиет, мол білім, тапқырлық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, өнерде ұстаз бойынан табылуы шарт.
Гүлжан апай — өз саласы бойынша пәндік білімі жетік, педагогика мен психологияны толық меңгерген әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, өз педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай білген. Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дархан ерен еңбекшіл, ойы өткір бола білген — ардагер ұстаз.
Ұстаз –ұлағатты есім. Сіздің ұстаздық жолыңыздағы берген тәлім-тәрбиеңіз, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегіңіз орасан зор екенін айтқымыз келеді. Міне, осындай үлкен еңбектеріңздің арқасында сізді мектебіміздің қасиетті тұлғасы екенін мақтанышпен айтамыз.
Дайындаған: физика пәні мұғалімі Бозаева Нұрғайша