Ж дыбысы және әрпі

Тақырыбы :              Ж дыбысы және әрпі

Мақсаты :                1.Оқушыларды Ж дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген

сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

  1. «Ж» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың

білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдық

дағдыларын  дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру.

3.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сурет көрнекілігі:  Оқулық. суреттер, Ж әрпінің баспа жазба түрі, ; кеспе әріптер, кеспе буындар

суретті плакат.

Сабақтың түрі:        Дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі:       Сын тұрғысынан ойлау, үш кезеңді қолдану (қызығушылығын ояту, мағынаны

ажырату, ой толғаныс) түсіндіру , сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі :

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ойын: «Кім жылдам?»

1.Берілген сөздерді оқу

2.Оқыған сөздерге сөйлем құрастыру

3.Үй тапсырмасын бекіту.

3.Жаңа сабақ: Ж дыбысы мен әрпі.

Жау-жау жаңбыр жау жаңбыр!

Жау, егіннің көгі өссін.

Сұлудай бұраң құрақты

Айдын шалқар көл төссін!

  • Балалар оқылған өлеңнің алғаш жолындағы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
  • Ж дыбысынан
  • Өте дұрыс. Бүгінгі танысатын , үйренетін жаңа дыбыс Ж дыбысы мен әрпі.

 

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Жұмбақ шешу:
  • Ішіне тамақ салынған

Есігі тастай жабылған (жұмыртқа)

  • Ж дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында да кездесе береді.
  • Ж дыбысынан басталатын немесе «ж» дыбысы кездесетін сөздерді айту: Жусан, Жарас, жұмыртқа, жапырақ.. «Ж» дыбысы көк үйге қонаққа барады.
  • Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жасау:

 

Ж  А  П   Ы   Р    А    Қ

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс

Мағынаны ашу

а) сөздерді буынға бөліп оқу

жа  ға               жа  лау           жо  та         жан  тақ            жу  ан

жа  са               жа  сау           жу  а           жу  сан             жу  ас

Буындық талдау жасау. (ашық, тұйық, бітеу)

ә) «Жусан» мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

б) Дәптер жолдағы сөздерді оқу – Жүз жасаған – Жыр алыбы

Жамбыл атамыздың портретін көрсету

в) Жолбарыс – сөзінен сөздер шығару

 

 

Жол                     барыс

 

 

жарыс                              арыс

 

г)  Буындардан сөздер құрастыру:

жа  ға            та  на            па  на           да   ла

ай  ға             та  ға

 

  1. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық

Көгершінге ұқсайық

Ұшып-ұшып алайық

Әдемі етіп жазайық.

а) Ауада жазу. Тақтаға жазу. Элементтерін көрсету

ә) Дәптерге жазу. Диктант:  Жасыл жапырақ.

 

  1. Ой толғаныс: Мәтіндегі негізгі ой.

Венн диаграммасын құру

 

  1. «Біліп ал!» ойыны.
  2. Жақсыдан үйрен,

Жаманнан  жирен! сюжетті сурет бойынша жұмыс.

Сергіту сәті: Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық

Жаса – жаса жарқын күн

Жаса-жаса алтын күн.

  1. Бағаландыру . Жапырақ беру