Тапқыр болсаң –талас жоқ

Тақырыбы: Тапқыр болсаң –талас жоқ

Мақсаты:

Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту,  әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

 

Көрнекілігі: Презентация, ғылымдардың нақыл сөздері жазылған плакаттар, зал шарлармен , тапсырмалармен безендірілген.

 

Барысы:

Жүргізуші: Сәлематсыздарма  қадірлі  ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Тапқыр болсаң -талас жоқ»  атты математика  пәніне  арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құрамының бірі- ойын екендігі белгілі. Бұл сайысымызды Вергелидің «Өмірде барлығын біле алатын адам ғана бақытты» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.

 

Математика –бұралаңсыз, нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін

Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың

 

Бүгінгі танымдық сайысымызға 9-сынып оқушылары қатысып отыр.

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар-дегендейін білімпаз-жастар өздерін таныстырып өтсін.

1-ойыншы: Снасапин Темірлан

Өмірдегі ұстанымы:

2-ойыншы : Қанат Әйгерім

Өмірдегі ұстанымы:

3-ойыншы: Поляева Динара

Өмірдегі ұстанымы:

4-ойыншы: Байзақов Жомарт

Өмірдегі ұстанымы:

 

Және оларға жанкүйерлік жасап өздерінің достары мен құрбылары келіп отыр.

Тартысайық сайыста,Күш жігермен.

Айырылысайық   қимас біз, дос көңілмен

Ойын шартымен таныстыру:

Бүгінгі ойын мына дайындалған алаңда өткізіледі.Кімнің ойынды бірінші болып бастайтыны, яғни ойыншы қай қатарда тұратындығы  жеребе бойынша анықталады. Ойын алаңы 3 қатарға бөлінген. Ойын шарты бойынша кубикті ортаға лақтырады. Кубиктің жан-жағындағы сандар ойыншының қанша қадам жүретінін білдіреді. Мысалы: « 3» жағы түссе, онда  басынан бастап 3 қадам жылжып сол тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие болады. Әр қатардың  шарттары бірдей. Ойын алаңында мынадай тапсырмалар дан тұрады :

  • Әріптер тапсырмасы
  • Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп шығармашылық тапсырма
  • Жанкүйерлер тапсырмасы
  • Сыйлық
  • «0»
  • «+»
  • «-»

Егер кубик әріптерге түссе. Жауабы сол әріптен басталатын сұрақ оқылады.  Жауап берсе ары қарай жылжып отырады. Жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы  ойынды жалғастырады.

«Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп» шығармашылық тапсырмасы бойынша барлық ойыншы жауап беру  мүмкіндігіне ие болады. Жауап берген жағдайда  ойыншыларға  ұпай қосылады. Егер сол тапсырмада тұрған ойыншы  жауап бере алмаса ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Ал жанкүйерлер тапсырмасы бойынша сол ойыншының жанкүйерлері  тапсырманы орындайды. Сыйлыққа кезіксе онда сыйлық ала ма ойынды жалғастыра ма, таңдау мүмкіндігіне ие болады. Нольге тап келсе , онда ұпай алмайды. Келесі ойыншы жалғастырады. « +» белгісіне кезіксе сол ойыншыға 1ұпай қосылады. «-» белгісі 1 ұпай шегеріледі. Ойынды келесі ойыншы бастайды. Ұпай жетондармен бағаланады.

Менің көмекшім:

  • Ойыншылардың  тапсырмаларын дұрыстығын тексеріп отырады.
    • Ойыншылардың ұпайын  өз ұяшықтарына салып отырады.

Ойын алаңы сызбасы

1-ойыншы2-ойыншы3-ойыншы
ААА
Жанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасы
БББ
+++
Көзіңе көрінгеннің бәрі есепКөзіңе көрінгеннің бәрі есепКөзіңе көрінгеннің бәрі есеп
ГГГ
Жанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасы
ДДД
сыйлықсыйлықсыйлық
ЖЖЖ
КӨЗІҢЕ КӨРІНГЕННІҢ БӘРІ ЕСЕПКӨЗІҢЕ КӨРІНГЕННІҢ БӘРІ ЕСЕПКӨЗІҢЕ КӨРІНГЕННІҢ БӘРІ ЕСЕП
000
+++
ТТТ
сыйлықсыйлықсыйлық
Жанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасыЖанкүйерлер тапсырмасы
РРР
Көзіңе көрінгеннің бәрі есепКөзіңе көрінгеннің бәрі есепКөзіңе көрінгеннің бәрі есеп
ППП
000

 

Жүргізуші:

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен қайратың екі жақтап»

Олай болса «Тапқыр болсаң-талас жоқ» атты сайысымызды   бастаймыз. Іске сәт!

 

Әріптерге байланысты сұрақтар:

А:

  1. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)
  2. Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген/ алты бұрыш/
  3. Ақиқаттығы сөзсіз тұжырым (Аксиома)
  4. Әрі қиылыспайтын, әрі паралель емес түзулер (айқас түзулер)

 

Б

  1. Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)
  2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)
  3. Сан ол сызықпенен бөлінген
    Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
    Әсем түрде керілген
    Математиканы ұқпас адамға
    Құбыжық боп көрінген
    Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
    Түрлері оның берілген     (Бөлшек сан)
  4. Натурал сан нешеден басталады (1)

 

Г: 1. Жерді өлшеу туралы ғылым. ( Геометрия)

  1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)
  2. «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)
  3. Бұрыштың өлшем бірлігі  (градус)

Д:

1.Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш (доғал)

2.Дөңгелектегі ең үлкен хорда  (диаметр)

  1. Өмірің сенің қызық,
    Жолында жоқ түзу сызық,
    Басы да жоқ аяғы.
    Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
  2. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

 

Ж:

  1. 180-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)
  2. Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
  3. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

  1. Бірге және өзіне бөлінетін сандар (жай сандар)

 

 

П:

  1. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
  2. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы (Периметр);
  3. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)
    Егіз туған қос жүйрік

Жарысқа шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да (параллель түзу)

 

Р:

1.Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)

 

  1. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)

 

  1. Бүтін сан, бөлшек сандар
    Құрамына кіреді

 

Бұл R белгіні көрсетсеңіз

 

Қай сан екенін біледі (рационал сандар)

 

  1.  Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб )

Т:

  1. Сызықтық функцияның графигін атаңыз. (Түзу )
  2. Тәулік қай кезде қысқа? Қыста ма әлде жазда ма? (тең )
  3. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? тік бұрыш
  4. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (Теорема)

«Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп» шығармашылық тапсырмалар:

Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек. Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы  Гете

1 -тапсырма.

Ауызша есептеу-ойға жаттығу.

Тақтада қазақ алфавитінің әрбір әріптеріне сәйкес кесте берілген. Сіздердің алдарыңызға есептер жазылған кеспе қағаз беріледі. Кеспе қағаздағы есептің жауабы алфавиттің әріптеріне сәйкес келеді. Орта Азияның ұлы математигі  Жәмшид  әл –Кәшидің  жазған еңбегінің , кітабының аты жасырылған. «Арифметика кілті»

 

 

100

 

8*9-7*7

 

100/2-38

 

600/20-1

 

6*7-5*5

 

4*4-28/4

 

5*5-0*5

 

600/50

 

42/6+49/7

 

7*7-6*8

48/6+36/665/5+5*564/4225/1576/2+3*0
  1. Берілген суреттің әр бөлігін тиісті түспен боя
  2. Цифрларды қолдану арқылы сурет құрастыр

 

 

4 «Танграм  ойыны»  туралы мағлұмат беру

Танграм –  шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген  7  әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.

Ойын шарты

Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.

Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.

Фигуралар бір – біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда  бір  нүктеде  жанасып тұруы тиіс   Яғни , қандай да бір фигура   қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай   болса ойын шарты бұзылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттегі  шаршы жеті бөлікке  бөлінген. Осы  бөліктерден тұратын  түрлі фигуралар құрастырыңдар.

Мысалы:

 

 

Слайдтан суреттер көрсету танграм сызбасы арқылы көптеген жиһаздар құрастыруға болады /слайд/

 

5-тапсырма: Сандық пирамиданы құрастыру

Алдыңғы тапсырмаларды орындай отырып есепте қандай заңдылық орындалатынын тауып есепті аяқта

 

 

«Логика өнері — адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

  1. Логикалық тапсырма

Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек?    (40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. –екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек).

 

  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)

 «Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал  білгенімен ұтады» — деп Белинский айтпақшы, бүл кезеңде екі топқа  үш есеп беріледі

  1. Формулалардың ішндегі дұрыс формулаларды тап
  2. (а+в)²=а²+ 2ав+ в
  3. (а -в)²=а -2ав +в²
  4. (а -в)(а+ в)=а²- в²

 

  1. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметрге артық
  2. Сағаттың ¼ -і неге тең?   15 минут
  3. Электропойыз батысқа қарай 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Ал одан шыққан түтін қалай қарай, қандай жылдамдықпен ұщшады? (электропойыздан түтін шықпайды)
  4. Барыс бір секіргенде 288см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр? /2м 8дм 8см/
  5. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? /Дәреже/

 

«Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»

Жанкүйерлер тапсырмасы

Әр бөлікте бір қоян не бір өсімдік  тұратындай етіп үш түзумен бөл

  1. Екі ұқсас балаларды тап

 

2-4

  1. Сағатты 6 бөлікке бөл, әр бөліктің қосындылары бірдей болатындай етіп

 

 

  1. Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? (Сен ұйықтап жатырсың ба?)

4.Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)

  1. Не ауыр? Бір кг түбіт ауы ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
  2. Үндістанның адамдары оны «сунья», ал араб математиктер «сифр» дейді. Біз ол санды қалай атаймыз./нөл/
  3. Үлкен-кіші сандарды сен

Ажыратқын келсе егер

Қандай таңба қояр едің

Кане ойлан білсең егер (теңсіздік)

  1. Кез келген арифметикалық амалдарды пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал /111-11=100/
  1. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
  1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
  2. Ең кіші үш таңбалы сан (100)
  3. 1 кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма(бірдей)
  4. 4 және 5 цифрларымен жазылатын екі таңбалы сандарды ата (44,45,54,55)
  5. Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр, 24 сағаттан кейін күн шығып тұруы мүмкін бе?

 

Айгөлек әнімен:

  1. Айталық, кел жандырып,

Матемді жыр, ән қылып, таң қылып

Ғылымды бұл мәнді ұғып,

Алуымыз мәңгілік заңдылық

Қайырмасы:

Өмірді тану сан-салалы,

Жолдары матеманен басталады

Болашақ білімнің тұтқасы бұл

Бағынар бар ғылым, басқалары

 

2.Керек ғылым маған да

17 мың ғаламда, саған да

Ел-жұртымыз аманда

Болсын білім әмәнда, санаңда

 

Қайырмасы:

Өмірді тану сан-салалы,

Жолдары матеманен басталады

Болашақ білімнің тұтқасы бұл

Бағынар бар ғылым, басқалары

  1. Ғылым сырын ұғына

Шығып білім шыңына, шыңына

Қаныңыздар сусындап

Математика сырына, сырына

 

Қайырмасы:

Өмірді тану сан-салалы,

Жолдары матеманен басталады

Болашақ білімнің тұтқасы бұл

Бағынар бар ғылым, басқалары

 

Қорытындылау

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендеріңе көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет

Сайысты қорытындылау жинаған ұпай  сандары  бойынша

жеңімпаз  топ  анықталып ,  марапатталады.


 

 

 

 

Бекітемін:                                                                       Тексерілді:

Аудандық білім, дене шынықтыру  және

спорт бөлімінің жаратылыстану,                                       Мектеп директоры

математика кабинетінің әдіскері                                       Ш.И.Кушекова

А.Ж.Имангалиева

 

«         »………..2013ж                                                            «         »………..2013ж

 

 

 

  «Әдістемелік жұмыс –ұстаз еңбегінің жиынтығы» аудандық семинар

 

       

      Тақырыбы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:Аденова ГауҺар Темірханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Саға -2013      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

азіргі за­ман­да ма­те­ма­ти­ка барлық мем­ле­кет­те ерек­ше ғылым бо­лып са­на­ла­ды.  Ма­те­ма­ти­ка — ол қай ел­де бол­ма­сын ма­те­ма­ти­ка. Математиканың  бір фор­му­ла­сы барлық ел­ге заңды-лық, ол өзгермейді, барлық жер­де ке­рек. Ғылымның оқыған адамға еш қиындығы жоқ. Мен қызығып оқимын. Бір есеп­ке қарасаң, қиын сияқты бо­лып көрінеді. Бірақ фор­му­ла­ны дұрыс білсең, есепті шыға-руға бо­ла­ды.  Есеп дұрыс шыққанда қуанасың.

 

Біздің ғасырымыз — тех­ни­ка ғасыры.  Ал­геб­ра, гео­мет­рия пәндері барлық уақытта ал­ды­мыз­дан шығады. Міне сондықтан, ма­те­ма­ти­ка­сыз өмір сүру қиын. Оқыған адамға ма­те­ма­ти­ка — оңай. Мен үшін көп қиындығы жоқ. Ең ба­с­ты­сы фор­му­ла­ны білу ке­рек деп ой­лай­мын.

 

  1. Қатесін тап.

Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету  қажет.

  1. (а+в)²=а²+ 2ав+ в
  2. (а -в)²=а -2ав +в²
  3. (а -в)(а+ в)=а²+ в²
  4. (а +в)³=а³+ 3ав+ 3ав²+ в³
  5. (а -в)³=а³ +3а²в -3ав² -в³
  6. а³ +в³=(а+ в)(а²+ ав+ в²)

а3 -в³=(а- в)(а²+ ав+ в²)

  1. Дыбыстық гимнастика
    Оқушылар өздерін жай, еркін арқасын тік ұстау керек.
    Бірінші мұрынмен терең дем алып, дем шығарған кезде дауыстап шапшаң дыбыстар шығарамыз.
    А – барлық ағзаға жақсы әсер етеді.
    Е – қалқанша бездеріне әсер етеді.
    О – жүрекке жеңіл әсер етеді.
    И – ми, көз, құлақ, мұрынға әсер етеді.
    У – ағзаның ішкі құрылысына әсер етеді.
    Я – барлық ағзаның жұмыс жасауына әсер етеді.
    М – барлық ағза мүшелеріне әсер етеді.
    Х – мүшенің тазаруына әсер етеді.