Сөз таптары
Сабақтың тақырыбы . Сөз таптары
Сабақтың мақсаты : 1.Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту. 2.Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. 3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы.
ІІ.Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз ?
сан есім Сөз таптары зат есім
сын есім етістік
Ендеше, бүгінгі сабағымыз топпен өтеді.
- топ «Зат есім» -Жақанов Нұржан
- топ «Сын есім» — Нургалиева Сандуғаш
- топ «Сан есім» -Какимжанова Әсем
- топ «Етістік»- мен өзім жүргіземін.
Әр топта тапсырмалар берілген , сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді.
Әр топ білімі текшелермен бағаланады.
Қызыл — өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.
Оларды әр топ оқушылары тақтадағы қалташаларға салады.
1 топ – Зат есім
1 тапсырма :
- Зат есім дегеніміз не? / заттың аты/
- Зат есімнің сұрақтары қандай? / кім, кімдер, не, нелер/
- Зат есім түрлері. / жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара , күрделі/
- Зат есімнің септелуі./ 7- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес/
2 тапсырма.
271- жаттығу. (зат есім) — теріп жазу.
Алаша , текемет, ауа, аңшы.
3 тапсырма. /Зат есімді сыз/
- Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
- Оқу- білім азығы,
Білім- ырыс қазығы.
4 тапсырма. (тест сұрағы)
- Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс- әрекетті білдіретін сөз
ә) заттың атын білдіретін сөз
б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз
- Туынды зат есімді тап
А) қала ә) малшы б) тау
- Көптік жалғаулы зат есім
А) батыр ә) оқушылар б) тау
- Жалқы есімді тап
А) журнал ә) ағаш б) Алматы
- Зат есім тобын тап
А) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау, арман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады
2 топ – Сын есім 1 тапсырма
- Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/
- Сын есім сұрақтары / қандай, қай/
- Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/
- Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/
2 тапсырма
271- жаттығу (сын есім)
Қоңыр, дөңгелек, қышқылтым, ақылды, әдемі.
3 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу:
1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/
- Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/
- Қандай жолдас болдады? / жаман/
- Алма қандай болады? / сары/
- Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/
- Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/
С | |||||||||
Ы | |||||||||
Н | |||||||||
Е | |||||||||
С | |||||||||
І | |||||||||
М | |||||||||
4 тапсырма / тест сұрағы/
- Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіретін сөз
ә) Заттың түрін білдіретін сөз
б) Заттың қимылын білдіретін сөз
- Сын есім сұрақтарын көрсет
А) қандай?, қай?
ә) қанша? , неше?
Б) не істеді?, қайтті?
- Туынды сын есімді көрсет
А) сулы, күшті, білгіш
ә) таза, әдемі, сұлу
б) ақ, сары, көк
- Негізгі сын есімді көрсет
А) талапты, көңілді, икемді
ә) жаңа, қызыл, ақ
б) өнерлі, бойшаң, инабатты
- Сын есім нені білдіреді?
А) атын, орнын, мөлшерін
ә) түсін, көлемін, сапасын
б) аумағын, жерін, орындалғанын
3 топ – Сан есім
1 тапсырма
1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/
- Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші /
- Сан есім түрлері /дара,күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды /
- Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше /
2 тапсырма / сан есімдерді теріп жаз /
271- жаттығу
Тоғыз, бесінші, жеті
3- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Жұмбақ:
Бірінші буыным құс аты,
Ал екіншісі- бояу түсі.
Екуін біріктіріп оқысақ,
Оңынан да, солынан да,
Ұлт болып шығамын
/қазақ/
4 тапсырма / тест/
- Сан есім нешеге бөлінеді?
А) есептік, реттік, қатарлық
ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік
- Сан есімді көрсет
А) бес, сана, ұйықта
ә) елу бес, жас, кәрі
б) қырық, елу, жүз
- Реттік сан есім қатарын белгіле
А) екі, үшеу, үшінші
ә) үшінші, төртінші, бесінші
б) бесінші, алтыншы, бесеу
- Сан есім сұрақтары
А) қанша?, қайда?
ә) қанша?, неше?
Б) неше?, қашан?
- Сан есім дегеніміз не?
А) заттың санын білдіреді
ә) заттың қимылын білдіреді
б) заттың түрін білдіреді
4 топ- Етістік
1 тапсырма
- Етістік дегеніміз не?
- Етістік түрлері
- Етістік сұрақтарын ата
- Болымды, болымсыз етістік
2 тапсырма
271- жаттығу
Жүгірді, тазала, көмектесті.
3 тапсырма оқыды күлді
отырды ойнады
оқушы биледі айтты
барды келді
жазды
4 тапсырма / тест сұрағы/
- Дара етісті тап
А) келе жатыр
ә) келді
б) ойнама
- Күрделі етістікті тап
А) күлді
ә) күліп келе жатыр
б) барма
- Болымды етістікті тап
А) бар ә) ойнап жүр б) ойнама
- Болымсыз етістікті тап
А) оқыды ә) оқыма б) оқып отыр
- негізгі етістікті тап
А) жазып отыр ә) жаз б) жазба
Ең соңында текшелерді санау, қорытынды жасау.