Интеллектуалдық ойын: «Таңғажайып алаң»

Интеллектуалдық ойын: «Таңғажайып алаң»

Мақсаты: Оқушылардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейту, әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылықтарын ояту.

1 айналым ойыншыларына: 1-сұрақ:

Либретто музыкалық-драмалық шығармалардың сөз мәтіні немесе қысқаша мазмұны.

2 айналым ойыншыларына: 2-сұрақ:

Құрманғазының күйі: музыкасы тыңдатылады: Балбырауын

3 айналым ойыншыларына: 3-сұрақ:

Балет — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореография образдар арқылы ашылатын спектакль.

Көрермендермен ойын: 4-сұрақ:

Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады.

Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі.

Финал ойыншыларына: 5-сұрақ:

Опера — сахнада койылу үшін жазылған көлемді музыкалы — драмалық шығарма, әнмен айтылған оқиға, хиқая.

Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.

Соңғы айналым сұрақтары:

Әміре Қашаубаев- 1925 жылы Париж қаласында, шет елде өнер көрсетіп, қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.

Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

Пиано- музыкада (итал. forte — қатты және pіano — ақырын)  деген  мағынаны білдіреді.

 

Интеллектуалды ойын жеңімпазы алғыс хатпен марапатталады.