Білімді тиянақтау

Қазақ тілі. Білімді тиянақтау. Назарова Бибісара Айдаровна. Қ. Сыпатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

 

Сабақ мақсаты:  1.Оқушыларды болымды және болымсыз етістігімен таныстыру.

2.Сауатты жазуға дағдылану, өздеріне деген сенімін нығайту, көркем жазуға   баулу.

  1. Ой шапшандығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.

 

Көрнекілігі: Оқулық, тірек сызба, Венн диаграммасы ереже.

 

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

 

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр, Бүгінгі сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік. Бәріміз Елбасының жолдауына назар аударайық.. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде». (барлығы дауыстап оқиды).
  3. Қазақ тілі өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді, ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

  1. Сонымен балалар кішкене «Ой қозғау» сәтін жасап жіберейік.

 

 

                                               Сұрақ жауап сәті.

  1. ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай тіл? (қ .т.)
  2. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (11.07.1997)
  3. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ата заңымыздың      7- бабында «ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп жазылған.

Сондықтан, өз тілімізді құрметтеп, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза        білуіміз керек. Осының бәрін үйрететін қай тіл екен?  (қ.т)

 

 

  1. Олай болса қане сауаттылығымызды тексеріп көрейікші. Өткен сабақты пысықтау мақсатында, қазір тірек-сызба бойынша жұмыс.

 

 

 

 

 

 

Етістік

 

 

 

 

 

Тұлғасына қарай                  Іс — әрекетінің жүзеге асу                   Құрамына қарай

аспауына қарай

 

 

 

 

 

III.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Болымды және болымсыз етістік ережесін сұрау.

 

  1. Балалар, «Ой ашу» кезеңінің тапсырмасы 1-минут ішінде қимылды білдіретін сөздерді жазуға тапсырма беремін.

 

  1. Венн диаграммасы.

 

Болымды                Болымсыз

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

 

  1. 357-жаттығу. Сөйлемдерді тақтаға орындау. Зат есімнің астын- 1, етістіктің астын- 2 рет сыз.
  2. Сурет бойынша жұмыс. Суретті тақтаға ілу. Сурет мазмұны бойынша шағын әңгіме құрау. Наурыз мерекесі туралы айту.
  3. Жұмбақты жатқа жазу. ( Есте сақтау қабілетін байқау). Болымсыз етістікті табу.

 

 

 

 

VII.      Сергіту сәті.

 

 

 

                 Ойын түрінде өткізу. «Кім жылдам?»

Зат есім.                        Етістік.

(Стол үстіндегі сөздердің ішінен қай сөз табының сөзі         екенін тауып астына қою.)

 

 

 

VIII. Семантикалық карта.

 

 

 

 

Етістік Болымды Болымсыз Дара Күрделі Негізгі Туынды
Сызды

Кел

Ауырма

Келіп отыр

Көрінбей кетті

+

+

 

+

 

 

+

 

+

+

+

+

 

 

 

+

+

 

+

 

+

+

 

+

 

+

 

 

  1. Өзіндік жұмыс.

 

  1. Бәйге сұрақтары.

 

 

     1) Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі. (Бастауыш).

2) Сөйлемде бастауыш, баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері. (Тұрлаусыз)

3) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем (Жалаң).

4) Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есім. (Есептік).

5) Екі түбірден жасалған сөздер. (Біріккен сөздер).

6) Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем. (Жай сөйлем).

7) Көңіліне келу. (Ренжу).

8) Ит арасы қияда. (Алыс жерде).

9) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау).

10) Бетінен от шығу (ұялу).

11) Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы. (Етістік).

12) Негізгі және туынды болып бөлінетін сөз таптары. (Етістік, сын есім, зат есім).

13) Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз. (Қаратпа сөз).

14) Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымша (Тәуелдік жалғау)

15) Алфавиттің соңында келетін қосарлы дауысты дыбыс. (Я).

  1. Сабақты қорыту.
    1. Үйге тапсырма.
    2. Бағалау.