Тең бөлу
Тақырыбы: Тең бөлу
Мақсаты: а) Оқушыларға тең бөлу іс-әрекетінің мән-мағынасын ашу. Екі амалмен шығарылатын есеп және оны түрлендіру, теңдеуді шешуге машытандыра түсу. Кестелі қосу және азайту.
ә) Оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа, зеректілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және мейірімді болуға тәрбиелеу.
б) Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі басқару әдістерін дамыту, іздену қабілеттерін үнемі дамыту.
Әдісі: сұрақ – жауап, ойын.
Түрі: Саяхат сабақ.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ суреттер, дидактикалық материалдар.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру.
4- теңдеуді шешу.
X+54=89 98-x=45
x=89-54 x=98-45
x=35 x=53
35+54=89 98-53=45
- II. Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақ – жауап.
А. Геометриялық фигураларды ата.
Ә. Екі таңбалы сандардың ондығы мен бірлігін ажырату.
Б. Уақыт өлшем бірлігін ажырату.
В. Геометриялық фигуралардың пириметрін табу.
III. Тест.
- Мына сандардың ішінен 8,40,10,9,20,70,50,7, екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз.
а. 10,20,40,50,70
ә. 9,8,7
б. 70,50,40,20,10
- Ең кіші таңбалы сан неше ондықтан және бірліктен тұрады?
а. 1 ондық 1 бірлік
ә. 1 ондық 0 бірлік
б. 1 ондық 9 бірлік
- 1 метрде неше сантиметр бар?
а. 10см
ә. 1см
б. 100см
- 25 пен 20 ның айырмасын тап.
а. 3
ә. 4
в.5
- Тоғжан 3 шелек алма жинады. Балжан 7 шелек алма жинады. Екеуі бірге неше шелек алма жинады.
а. 7 ш
ә. 10 ш
в. 4 ш
- Қосындысының мәнін тап: 7+2
а. 10
б. 9
- Суреттегі бұрышты ата?
а. Сүйір бұрыш.
б. Тік бұрыш.
в. Доғал бұрыш.
- Айырманың мәнін тап: 8-3
а. 5
ә. 11
в. 6
- Сандарды жазып көрсет: 6 ондық 7 бірлік.
а. 67
ә. 76
б. 60
- Теңдеуді шеш: 10+х=12
а. 12-10=2
ә. 10+2=12
в. 10+12=22
III. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
- Ой ашар
А. Наурыз мерекесі жайында әңгімелеу.
Ә. Ұлттық ойын түрлерін атау.
Б. Ұлттық тағам түрлерін атау.
В. Киіз үй бөліктерін атау.
Сөзжұмбақ шешу.
- Бір таңбалы жұп сан.
- Үй жануары.
- Геометриялық фигура
- Ең кіші бір таңбалы натурал сан.
- Ерте гүлдейтін жеміс ағашы
- Кез-келген санды он есе, жүз есеге ұлғайтатын сан.
- Киіз үй бөлігі.
Т | ө | р | Т | ||||
Е | ш | к | і | ||||
ш | е | Ң | б | е | р | ||
Б | і | р | |||||
ө | р | і | к | ||||
н | ө | Л | |||||
У | ы | қ | |||||
- Оқулықпен жұмыс.
Практикалық іс-әрекеттерге негіздей отырып тең бөлу үшін заттар тобын үшінші жерге біліп қою керек болса, сонша зат алынады.
1-2 тапсырмалар орындалады.
«Алтын балық» ойыны
3- тапсырма
10-1-1-1-1-1-1-1-1-1-1=10 8-1-1-1-1-1-1-1-1-1=0
10-2-2-2-2-2=0 8-2-2-2-2=0
10-5-5=0 8-4-4=0
9-1-1-1-1-1-1-1-1-1=0 12-1-1-1-1-1-1-1-1-1-1-1=0
9-3-3-3=0 12-3-3-3-3=0
12-4-4-4=0
4-есеп «Бәйге»
Барлық өнерпаз -60
Әнші-20
Биші-6
Домбыршы-?
Шешуі: 60-/20+6/=34
Жауабы: 34 домбырашы
Сергіту сәті:
Оң қолды алға соз.
Үшбұрыш сыз ауады.
Сол қол қарап тұрмасын
Шеңбер сызсын зырласын.
5-есеп. Ойын «Қыз қуу»
27+х=90 90-x=63
x=90-27 x=90-63
x=63 x=27
27+63=90 90-27=63
90=90 63=63
6-тапсырма. Ауызша орындалуы.
Ойын «Кім тапқыр?»
29+19=48 39+39=78
48-19=29 78-39=78
29+39=68 19+49=68
68+29=39 68-49=19
- IV. Бекіту.
Шығармашылық тапсырмаларды орындау.
Ойлан, тап: /7-6/+2=3
/7+6/-10=3
Сандарға байланысты мақал-мәтелдер
- Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар
- Жүз теңгең болғанша
Жүз досың болсын.
- Бір тал кессең
Он тал ек.
- V. Қорытынды
- Балалар біз бүгін сабақта не меңгердік?
- Заттарды теңдей топтарға бөлуді меңгердін.
- Тапсырмаларды толық орындадық.
- Есепте шарт құрдық немесе шығардық.
- Теңдеуді шештік.
- Ұлттық ойын түрлерімен таныстық.
Саяхатқа шықтық.