Б.Майлин. Күлпаш
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин. Күлпаш
Сабақтың мақсаты: Б.Майлин туралы түсінік беру, «Күлпаш» әңгімесін талдап, шығарманың идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқыған әңгіме туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым-қатынасын көрсете білуге үйрету.
- Оқу және оқырмандық дағдыларын қалыптастыру.
- Өткен өмірді, тарихты білу, елінің азаматтарын қадірлеуге, оларды құрметтеуге, еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаныс.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, Б.Майлин портреті, жазба қағаздар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
а) топқа бөлу
ә) ой ашар
І. Қызығушылықты ояту
«Бұл кім? Ол не?» ойыны
Суреттер: Бөгенбай батыр, Абылай хан. Бұқар жырау
Сөздер: жасақ, ақылгөй, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы жырау, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы хан.
- Үй тапсырмасын тексеру.
З.Шашкиннің «Азаттық жолында»
1 – 2 оқушыдан мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын “Бәйге”ойыны арқылы пысықтау
Сұрақтар:
- Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? (60)
- Түрмеде оған қандай айып тағылды? (50)
- Тоқашқа жолығуға кім келді? (10)
- Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы? (20)
- Айыптаудың қорытындысы не болды? (40)
- Тоқашты кіммен тығыз байланыстаболды деді? (30)
- Түрмеге анасымен бірге кім келді? (10)
- Тоқаш айыптау қорытындысымен неше күннен кейін танысты? (30)
- Зарлы дауыс кімнің даусы? (20)
- Жаңа сабақ
а/ Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мына кісіні танимыз ба? (Бейімбет Майлин)
- Ендеше, біз бүгін Б.Майлиннің «Күлпаш» мәтінін оқимыз. Алдымен автормен танысып алайық.
ІІ. Мағынаны тану
- Балалар, қазір біз «Күлпаш» жайлы мәтін оқимыз. Бұл мәтін 1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды. Сондықтанда мәтінмен таныспас үшін «Ашаршылық» туралы ойлаймыз. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап аламыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұптарыңмен ашаршылық туралы не білетіндерін туралы тізім жасайсыңдар. Көбірек жазғандарың маңызды. (Олардың ойларын қағазға түсіремін)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі.
- Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз.
Оқу барысында сендерге мынадай тапсырмалар жүктеледі.
ә) Сергіту сәті
Жаттығу жасату
б) Оқулықпен жұмыс.
- Егер оқу барысында мағынасы түсініксіз сөздер кездескен болса, сол сөздердің астын сызып отырамыз.
- Сөздік жұмыс
Өрім – өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей – өте кедей
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
- Ой толғау.
Тапсырмалармен жұмыс
- Мәтін кейіпкерлері?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді қалай түсінесің?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
- Оқулықтағы суретпен жұмыс
— Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
— Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.
ІІІ. Ой толғаныс.
- Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс
Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.
1-топ.
Сен қандай заманда өсіп келесің?
2 -топ.
Мықтымның отбасын асырауына не кедергі болды?
3 -топ
Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер.
- «Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды.
- Қорытынды
Венн диаграммасы
Қали өмір сүрген заман Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері
|
- Үйге тапсырма
Мәнерлеп оқу. Бөлімдерге ат қою
- Бағалау