Көкөніс.
Дүниетану
1-сынып
Тақырыбы: Көкөніс.
Мақсаты: Оқушыларды көкөністердің түрлерімен таныстырып, оларды тануға , пайдасын білуге үйрету; көкөністердің тұқымнан , жемістен өсетіндіктерін ұғындыру; оқушыларды елін, жерін, табиғатты сүюге; өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы: Аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру; сұрақ-жауап
Пән аралық байланыс: Әліппе пәні
Көрнекілік: Көкөністер, суреттер, әріптер, Қазақстан картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу , сыныптың тазалығын , оқушылардың дайындығын бақылау, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- «Тұқым» тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, жауап алу;
- Оқушыға алма мен өріктің жемісін беріп салыстырту , тыңдау;
- Қорытындылау: осы жеміс пен тұқымнан біздің елімізде өсімдіктің көптеген түрлері өседі. Жеріміз өсімдікке бай.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Президентіміз кім?
Біздің еліміз — тәуелсіз мемлекет. Еліміздің өз Елтаңбасы , Туы, Әнұраны бар. Елбасы елдің экономикасын дамыту үшін ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлуде.
ІІІ. Сергіту сәті : Алты жастан астың ба?
Оқуға аяқ бастың ба?
Бүкіл қазақ тұрады,
Бір шаңырақ астында.
ІV. Жаңа сабақ:
- Осы үлкен шаңырақ астында бүкіл Қазақстан халқы тату –тәтті өмір сүреді. Өсімдіктің түрлері жерімізде өте көп. Сол өсімдіктің ішінде адам керегіне жарататын , пайдалы өсімдіктер де бар, ол қалай аталатынын жұмбақты шешу арқылы табыңдар:
Қияр, қызанақ, қызылша
Оларсыз салат бола ма?
Жуасыз тамақ пісірмейміз
Бәрінің атын не дейміз?
1) Дұрыс, осы көкөністерді қазір сіздерге таратып беремін. Бұларды адамдар күнде тағамға пайдаланады. Күнде көріп жүрсіңдер , танисыңдар. Қазір атын атап, түсі, пішіні, қатты-жұмсақтығын, тамаққа қалай пайдаланатынын (пісіріп, шикілей) айтасыңдар.
(Оқушыларды тыңдау)
2) Оқулықпен жұмыс «Көкөніс» мәтінін оқып беру.
Суреттегі көкөністердің атын атату , қайсысының тұқымы көрініп тұр?
Көкөністерді ( қарбыз, қауын , қызанақ, қияр) кесіп , жемісіндегі тұқымдарды көрсету.
Сәбіз бен картопты кесіп көрсету , тұқымы неге көрінбейтінін түсіндіру:
— Сәбіз, пиязшық – жеміс емес. Пиязшық-сабақтың жер асты өркенінің қалыңдаған бөлігі.
Сәбіз (картоп, шалқан , қызылша )жемтамыры — тамырдың қалыңдаған етті бөлігі.
- Қияр , қызанақ гүлден пайда болады. Тағы қандай көкөністер гүлден пайда болады?
- Көкөністер қысы-жазы біздің дастарханымыздан кетпейді. Қыста оларды қайда өсіреді?
Дұрыс , жылыжайда өсіреді. Сондықтан қалалық жерде қысы-жазы жас көкөністер үзілмей базарда сатылып тұрады.
3) Қорытындылау:
- Ойын «Әріптен сөз құрастыр»
— Осы көкөністің барлығы біздің Отанымызда , жерімізде шығады. Сондықтан «Отан» деген сөзді тақтаға жазайықшы. Қай көкөністің атында «о» әрпі бар?…
(тапқан оқушылар әріптерді тақтаға қойып шығады)
VI . Сабақты қорытындылау
Сұрақтар қою, толық жауап алу.
- Көкөністердің бізге беретін пайдасы көп және олардың емдік қасиеті бар, бойында дәрумендер көп. Бау-бақшада көкөністі өсіруге , жинауға үлкендерге көмектесу керек.
VII . Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма :
«Көкөністер» мәтінін оқу, ұнаған көкөністің суретін салу.