Ю — әрпінің жазылуы

Ю — әрпінің  жазылуы

Мақсаты:        Оқуыларға  сөзде  йу  дыбысы  естілгенімен  , оның  орнына  ю әрпі

жазылатындығын  түсіндіру

Есте  сақтауын , зейінін , логикалық ойлауын және шығармашылық

қабілетін дамыту

Сауаттылыққа , ұқыптылыққа  ,  жауапкершілікке  тәрбиелеу.

 

Әдісі:               Сұрақ-жауап,  түсіндіру,  ойын.

 

Көрнекілігі:     Сюжетті  суреттер,  плакатқа  жазылған  өлең-сөздер,  әріптер.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Психологиялық дайындық

 

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

  • Қазір жылдың қай  мезгілі?
  • Күзде неше ай бар?

Күз келеді , амандасып , қонаққа  келгенін  хабарлайды.

  • Үй жұмысы , 107 – жаттығу, оқыту; сөздерден сөйлемнің  дұрыс  құрылғанын  тексеру; я дыбысы  бар  сөзді  атап,  я әрпінің  алдынан  келген  дауыстыны  атау;  ережені  қайталау.
  • Ойын «Я әрпі бар сөз  айт-тез айт»
  • Қорытындылау

ІІІ. Жаңа  сабақ

Жұмбақ :        Орманнан  ,  жалпақ  даладан

Бал  іздеп  бірақ  жортады

Кіп-кішкене  арадан

Үп-үлкен  боп  қорқады.

—  Аю  деген  сөзде   көп  кездеспейтін  қандай  дыбыс  естіп  тұрсыңдар?  Қанша  дыбыс  естіледі?

—  Ю әрпі де  я  әрпі  сияқты  орыс  тілінен  енген  дыбыс. Ю әрпін   қосарлы  дыбыс  дейміз.  Ол  дауысты  дыбыс  ,  бірде  жуан,  бірде  жіңішке  идыбысталады.  Аю-айу (жуан) ,  есею (жіңішке).

Оқулықпен  жұмыс

110-жаттығу,  суретті  атау: аю,  ою,  -екеуіне  ортақ  әріп? – ю

Музыка  сабағынан  жан-жануарларға әндер тақырыбында  аю  туралы  ән  жаттадық

Кәне  айтайық.

 

ІV.  Сергіту  сәті  «Аю»  әні

Балпаң,  балпаң  басамын,

Алты  қырдан  асамын.

Аю  деген  ағаңмын,

Аңшы  көрсем  қашамын.

 

—  Ал  ою  бейнелеу  өнерінің  қай  жанрында  қолданылады?

111-жаттығу. Өтірік  өлеңді  оқытып  ю  әрпінің  қандай  дыбыстан  құралғанын  сұрау; осыдан  қандай  ереже  шығаруға  болады?

— Ержені  қайталау. 3-4  оқушы.

Табиғаттың  түрі  пәс

Бау-бақшалар  жалаңаш

Орманның  да жоқ  шуы,

Естілмейді  құс  үні

Ұйқыға  кетті  аю да,

Болады  бұл  қай  айда? (қазан айы)

 

—  Осы  айда  аю  балға  тойып  ұйықтау  керек.  Сол  туралы  112-жаттығу  өлеңді  оқиық.  Оқушы  өлеңді  оқиды,  бәрі  қайталап   оқып  жаттап  дәптерге  жазады.

Бір  оқушы  тақтаға  жазады.

 

  1. Дәптермен жұмыс

Көркем  жазу.  112-жаттығу жазады

113-жаттығу. Тапсырмасын  оқытып  ,  тақтаға  сөздерді  өзгертіп  жаздыру (күшей+у-күшею)

Күшею, азаю,  молаю,  тою,  көркею,  тыңаю.

 

Қалған  оқушылардан   күзде  не  күшейетіні,  не   азайатыны,  не  молаятыны  туралы  сұрақтар  қоямын.

114-жаттығу  тапсырмасын оқытып  тиісті  іріпті қойып  өз  бетімен  жазуды  тапсыру.

Үлкею,  шалқаю,  есею,  сарғаю,  қою.

 

  1. Ойын «Әріптерді  тіркестіріп  сөз  құра»

б е к ө ю      көбею

ғ с п а ю а    сарғаю

ү к е л ю      үлкею

 

Шығармашылық  жұмыс. Плакат ілу

Өлеңдегі  жоқ  сөздерді  тауып  өлең  құрастыру

Қойды……..керек

Етін  сорғытып……..керек

Терісін  тұздап………керек

Қуырдағына …………керек

Сонан соң қалаға………керек

 

VII. Сабақты  қорытындылау

  • Бүгін қай  әріпті  өттік?
  • Ол қандай  дыбыс?
  • Ю әрпін сөзде  қалай  жазамыз?

 

Бағалау .

 

VIII. Үйге  тапсырма  —  115-жаттығу. Ребусты  шешіп,  сол  туралы  әңгіме  жазу.