Дауыссыз Л мен Р
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Л мен Р
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Л мен Р дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту;
- Оқушылардың тілдік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту; әдемі, көркем жазу қабілеттерін, жазу дағдыларын қалыптастыра түсу;
- Сауатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Л,Р фонемаларының артикуляциялық кескіні, таблица, әріптер жазылған пирамидалар, шар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Өткен сабақты қайталап, еске түсіру.
«Кел, балалар, ойнайық!
Тектен-текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Жолдастарға сыйлайық» — деп «Алма теру» ойынын бастайық. Алма жемісі бар ағаштың суретін тақтаға іліп, әр алмадағы сұрақтарға жауап алу.
- Дыбыс туралы не білесің?
- Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөз жаса.
Жүре …, күре …, көбеле …, түлі … .
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Үнді дауыссыздарды ата.
- Қатаң дауыссыздарды ата? «Тақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Ұяң дауыссыздарды ата. «Бота» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ІІІ. Ал, балалар! Енді көркем жазу ретінде мына сөздерді әдемі етіп, дәптерімізге жазып шығайық.
Лақ, лай, рай, рахмет.
- Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Л, р.
- Ендеше келесі жолдың жартысына дейін Лл, жартысынан соңына дейін Рр әріптерін әдемілеп жазып шығамыз.
- Лл, Лл, Лл, Рр, Рр, Рр.
— Біз қандай әріптерді әдемілеп жаздық?
— Л, р.
— Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы л және р әрпі мен дыбысы туралы тереңірек білу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын балалар, бірінші тыныс алу жаттығуларын жасап алайық. Ол үшін алдымызда жатқан шарды үрлейміз – деп мұғалім өзі үрлеп көрсетеді және оқушылардың да солай үрлеуін талап етеді.
- Балалар Л және р дыбысы туралы не білеміз?
- Л-да, р-да дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарына жатады.
- Бұл дыбыстар сөздің басында да, ортасында да, соңында да келе береді екен.
Енді мына суретке назар аударайық – деп л және р фонемаларының артекуляциялық кесінділерін көрсете отырып, л, р дыбыстарының айтылу ерекшеліктеріне тоқталып кетемін.
-л-
- Тілдің ұшы қызыл иекке қарай жоғары көтеріледі, тілдің өзі қатыңқы, арқа тұсы көтеріңкі;
- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
- Жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады.
- Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады;
- Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып, дірілдетеді.
ҮІІ. Р-Л дыбыстарына ортақ тілге арналған артикуляциялық жаттығулар.
-р-
Еріннің қалпы л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа байланысты өзгеріп тұрады.
- Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге қарай көтеріңкі;
- Тілдің екі жақ шетімен азу тістердің арасында ауа жолы шығатындай саңылау бар, тілдің түбір жағы көтеріңкі, л дыбысын айтқанда түсіңкі;
- Дауыс желбезегі біріккен және желбіреп тұрады;
- Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады;
- Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
- Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.
5) Таблицамен жұмыс.
Сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктеріне тоқталу, ережені оқу және жаттау;
6) Оқулықпен жұмыс.
163-жаттығу. Сөздерді әр оқушыға жаздырта отырып, сөз мағынасын түсіндіру.
Ү. Сергіту сәті. Үнтаспадан музыкаға ілесе отырып, өлең айтып, би билеу.
7) 164-жаттығу. Мақалды жаттау. Оны тақтаға жазып, сөз басында келген л, р әріптерінің астын сызу;
ҮІ. Ойын: «Пирамида құрастыру».
166-жаттығуды ауызша орындату. Сөздерді салыстыра отырып, кейбір сөздер буынға бөлінуіне орай і, ы әріптері сақталып жазылатынын ескерту, сөздерді шапалақпен буынға бөлдірту.
ҮІІ. Сабақты қорыту:
- – Л, р дыбыстары қандай дыбыстар қатарына жатады?
- Осы дыбыстардың айтылу ерекшеліктерінің ережесін айт. Мысал келтір. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
ҮІІІ. Үйге: 165-жаттығу.