Табиғат біздің үйіміз

Сабақтың тақырыбы: Табиғат біздің үйіміз

Мақсаттары:

Білімділік: балаларды ғаламшар,табиғат жалпы жер әлемі туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Шығармашылық әңгімелеу қабілеттерін ойлау,сөйлеу процесін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге, қабылдауға, оған қамқорлық, аяушылық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Ғаламшар, табиғаттың көрінісі — арман суреті, эмблема, «сиқырлы қоржын», асықтар.

 

Әдіс тәсілдер: Практикалық, көрнекілік, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндірк, әңгімелеу.

 

Барысы:

 

Балалар бүгінгі сабақта көптеген қонақтар келіп отыр, өзіміз әдепті, ұғымтал бала екенімізді көрсетейік деп. Балалардың назарын өзіме аударамын да, шеңбер жасап тұрғызамын да;

 

  • Балалар, қолымызды ұстап бір – бірлерімізге жақсы лебіздер тілейік:

1 бала: — Мен су тасқыны болмаса екен деймін.

2 бала: — Жерде апат болмаса екен деймін,

бала: — Суларымыз таза болсын деймін

бала: — Елімізде соғыс болмасын т.с.с…..

Балалардың жылы лебізінен соң балаларды орнына отырғызу.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстанда (балалар жауабы)

—  Қазақстанның Елордасы қандай қала?

-Астана (балалар жауабы)

— Қазір қандай мезгіл?

— Күз мезгілі

— Күздің қазір қандай айы?

— Қараша

— Бүгін қарашаның нешесі?

— Аптаның қай күні?

— Балалар бүгін бреинг – ринг жарыс сабағымызда біз екі топқа бөлінеміз.

Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Табиғат біздің ортақ үйіміз» (тақырыпты айту ашу).

  • Балалар біздің жарыс сабағымызға біреу қонаққа келе жатқан секілді.

«Жер ана» қонаққа келеді.

Ғаламшармен таныстыру.

І-топ: Ұлдар командасы:

-Біздің топ: «Күн әлемі»

— Біздің ұранымыз: Күн нұрын күт,таза ауа жұт.

ІІ-топ: Қыздар командасы

— Біздің топ: «Гүл әлемі»

— Біздің ұранымыз: Гүлдер өсті жараса,

Көз тоймайды қараса

І – топтың, І – тапсырмасы:

Күннің пайдасы, қажеттілігі қандай?

ІІ- топтың, І – тапсырмасы:

Гүлдер не үшін қажет Пайдасын ата?

ІІ – тапсырма:

І – топ: Өлі табиғат дегеніміз не? Оған нелер жатады?

ІІ  — топ: Тірі  табиғат дегеніміз не? Пайдасы, қажеттілігі?

ІІІ – тапсырма: Күн, су, ауа туралы сұрау.

«Егер де не болар еді» ойыны:

Егер де жер болмаса, не болар еді?

Егерде су болмаса, не болар еді?

Егерде ауа болмаса, не болар еді?

Егерде күн болмаса, не болар еді?

Балалар жауабы:

ІҮ- тапсырма:

«Жер, су, ауа» ойыны:

(2- команда бірге доппен ойнау).

Ү- тапсырма:

Табиғатқа байланысты болжамдар, тыйым сөздер, табиғатқа байланысты тақпақтар, мақал-мәтелдер:

І- топ: «Күн әлемі»

Табиғат болжамдары:

1.Ай шалқасынан туса,

Күн жайсыз салқын болады.

2.Түнде жұлдыздар ашық жиі-жиі орналасса,

Ертеңінде күн ашық болады.

3.Жаңбыр көп жауса,

Көк мол болады.

4.Аралар ұясына тығылса

Жаңбыр жауады.

5.Қойдың жүнін қолмен ұстап көрсе, дымқыл болса, кешікпей жаңбыр жауады.

6.Егер қойлар бір бағытқа қарай жайылса, кешікпей боран болады.

Тыйым сөздер:

1.Суға түкіруге болмайды

2.Күлді баспа

3.Көкті жұлма

4.Түнде шомылуға болмайды

5.Жарғанат пен Жапалақа тиюге болмайды, қарғайды.

6.Егер құстар жерге қарай бауырлап ұшса, күн бұзылады.

7.Құмырысқаның илеуін бұзуға болмайды, үй ішіне кесапаты тиеді.

8.Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

Мақал – мәтел

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Қарға мақтанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.

3.Адам жерге нәр береді,

Жер адамға нан береді.

4.Отан оттанда ыстық.

Тақпақ, өлеңдер:

1.Таулар – таулар шөккен бір,

Нар түйенің өзіндей,

Бұлақ  – бұлақ мөп  – мөлдір,

Ботақанның көзіндей.

2.Табиғат ол  – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз.

3.Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзіне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

 

ІІ – топ «Гүл әлемі» Ү –  тапсырма:

Табиғат болжамдары:

1.Мысық бұйығып ұйықтаса,Күн суық болады.

 

2.Құстар бірігіп ұшса,

Жаңбыр жауады.

 

3.Жаңбыр көп жауса,

Көк мол болады.

 

4.Ит ұлыса,

жамандық шақырады.

 

5.Егер қазан айында күн күркіресе,

Қыс қысқа болады.

 

6.Құрмен Шіл қар астында қорғалдаса,

Кешікпей боран болады.

 

7.Жазды күні құйын көп болса,

Қыс қатты болады.

 

Тыйым сөздер:

 

1.Малды санама

2.Егінді, шалғынды баспа

3.Ақты төкпе

4.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

5.Айға қолыңды шошайтпа

6.Аққу құсты атуға болмайды

7.Жұлдызды санама

8.Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды.

 

Мақал – мәтел

1.Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне.

2.Туған жердің күні де ыстық,

Түніде ыстық.

3.Көлінен безген қаз болмас,

Елінен безген ер болмас.

4.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

5.Ел көркі – мал,

Өзен көркі  – тал.

Тақпақтар

 

1.Алтын сары, қызыл көк

Алуан  – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

 

2.Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты

Ақ жүзіндей ананың,

Көктем келді шуақты.

 

3.Тамылжыған жас иісті,

Жазғы жасыл көк дала.

Жайылған жібек кілемдей

Қызылды  – жасылды, көк ала.

ҮІ- тапсырма

Ойын: «Анның сүйікті тағамы».

Допты кімге берсе сол бала жауабын айтады:

Мысалы:        Тәрбиеші:               Бала:

Қоян                        сәбіз

Аю                                           бал

Кірпі                        алма

Түлкі                      тауық

Тиін                       жаңғақ

Қасқыр                      ет

 

ҮІІ- тапсырма

Сабақтың тәрбиелік мәніне байланысты тақтамен жұмыс

 

ҮІІІ- тапсырма

Жер шарын,ғаламшарды,әсемдеу.

Оригами гулдер, балықтар

Жер шарына гулдерді орналастыру, су,көлге балықтарды орналастыру керек балалар.

 

Сергіту сәті:

Амансың ба, Табиғат!

(тізелерін бүгіп отырады).

Амансың ба, Құстар!

(құстар секілді ұшып жүреді).

Амансың ба,орман,тау, егін,өзен

(қолдарын жоғары көтереді).

Амансың ба,аңдар,(қасқыр, қоян,аю,түлкі болып әр аңның бейнесін салып жүреді).

Х- тапсырма

Ойын

Қоңыр текше өлі табиғат

Жасыл текше тірі табиғат

 

Мысалы:

Қоңыр текше нені білдіреді?

Ол қандай табиғатқа жатады?

Жасыл текше нені білдіреді?

Ол қандай табиғатқа жатады?

Тәрбиеші:

Текшелерді кезек- кезек көтеріп тұрады,балалар болса жауап айтып тұрады.

 

ХІ- Тапсырма «Ертегіні жалғастыру»

Балалар табиғаттың сұлулығы аңдар ендеше қазір аңдар туралы ертегіден үзіңді:

Мысалы: домалап домалап қасқырға кездесіпті (балалар ертегінің атын айтады) осылай бірнеше  қайталанады.

 

ХІІ -тапсырма

Табиғат қандай жэағдайда бұзылады?

(Газ, от, түтіндерден т.с.с).

 

ХІІІ- тапсырма

Капитан командаларға тапсырма:

(көздерін жұмып ойдан табиғат, күз мезгіліне байланысты сурет салады).

 

ХІҮ- тапсырма

Сабақтың соңында ойын:

Не жаман?

Не жақсы?

1.Ағаш отырғызу——

2.Суды ластау———-

3.Құстарды өлтіру——                   (балалардың жауабы)

4.Гүл егу——-

5.Суға түкіру——

6.Ағаштарды күту——

 

 

ХҮ- тапсырма

Сабақ соңыңда жеңіске жеткен команданы марапаттау,білім кілтін ұсыну,сыйлықтарын тарату.