«Қарты бар ел-қазыналы ел»

Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар! Бұл мереке-сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жұмсақ сәулесімен қуантатын, алтын күз шағымен тұспа-тұс келетін кезең.

Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға ұрпақтарымызға бас иетін күн.

Мерекелеріңіз құтты болсын ата — апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата — әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
2-жүргізуші:

«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең.

Ауылында ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең» — деген екен біздің бабаларымыз. Иә, өйткені осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес. Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әдемі әжелеріміз емес пе?

1-жүргізуші: «Дария кеуде, тау мүсін,

Қарттарым аман-саумысың!?» дей отырып «Қарты бар ел-қазынылы ел» атты концерттік шарамызды бастауға рұқсат етініздер! Құттықтау сөз мектеп директоры Берікбол Нұргелдіұлына беріледі.

Би: «Қазақ биі»   Орындайтын: 4 сынып қыздары

2-жүргізуші: Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар!

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің асыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ән: «Ана»   әні: Ғ.Қайырбеков     сөзі: Ж.Омаров

Орындайтын: Рымтай Сандуғаш

Келесі құттықтау сөз ауыл әкімі Абзал ағаға беріледі.

1-жүргізуші: Мен білмеймін.

Басыңа әлде орнап бақ,

Шәһар салып, жасадың ба жаннат бақ.

…Әлдеқалай тасқа түскен таңбаға

Табынамын тарихымдай ардақтап.

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын

Домбыраңның пернесінен іздедім.

Күй: «Бозшолақ»   Құрманғазы   Орындайтын: 8ә сынып оқушысы Қуаныш Әсем

2-жүргізуші: Жыраулардың жазбай кеткен жырларың,

Арулардың ашпай кеткен сырларын,

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенің құла түздерің,

Не білмеген, не көрмеген ізгі елім.

Жазылмаған тарихымның жолдарын

Ауызекі аңызыңнан іздедім.

9 сынып оқушылары жыр шумақтарын арнайды.

Совет Мөлдір 9а сынып оқушысы «Қарттарым»

Армысыңдар қарттарым

Шежірелі хаттарым

Қатарың сиреп барады,

Бәйтеректі бақтарым.

Селдір тартып шаштарың,

Бір қосылып бастарың

Еске түсіп отыр ма

Бозбалалық шақтарың

«Кешегінің артымыз,

Бүгінгінің қартымыз» —

Дейсіңдер – ау сырласып

Күн барады қырды асып,

Небір бейнет көрдіңдер

Кермек дәмін сездіңдер

Заты асыл қарттарым

Бәріне де төздіңдер

Жадырап жаз өткесін

Қазанды күз жеткесін

Зейнетін көру шын бақыт.

Дәні жақсы болады,

Сабағы нәрлі болады,

Қарттары назды болады

Әдепті болса ұрпағы,

Қартайғанмен өмірлерің

Сарғаймасын көңілдерің

Әрқайсысы жеке тарих

Маңдайдағы әжімдерің….

1-жүргізуші: Мейірімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді.

Кемеңгерім көреген,

Өмірге азық өнегең.

Аяулы едің не деген …

Асыл әже! – дей келе әжелерімізге арнап  «Асыл әжем»  әні, Орындайтын: 9 сынып оқушылары: Кеңесбек Мархабат, Совет Мөлдір

2-жүргізуші: Халқымызда «Өзің өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын М.Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен.

Нағыз бала ойласаң,

«Немере» екен, тәтті екен.

Немерелер 5 сынып оқушылары жыр шумақтарын арнайды.

1-жүргізуші: Ата салты – ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Би: «Қазақ биі»   Орындайтын: 9 сынып қыздары

2-жүргізуші: Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз-дария

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ән: «Әке жыры»   Орындайтын: 5 сынып оқушысы  Сәрсекова Құндыз

1-жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

2-жүргізуші: Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар, мәселен, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос – ақылшың, ақылшы дос —  жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

1-жүргізуші: Ұстаз деген — ұлылардың анасы,

Ұстаз деген – ұлылардың данасы.

Ұстаз деген — жақсылардың жалғасы,

Ұстаз деген ұлылардың каласы, — дей келе ұстаздарға «Ұстазым» әні, Орындайтын: хор 9 сынып оқушылары

2-жүргізуші: Мархабат, бақытты болу оңай ма?

1-жүргізуші: Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең ақылдылықты үйрен, — деген данагөй қариялар.

Күй: «Торжорға»   Абай    Орындайтын: 7 сынып оқушысы Канафия Камила

2-жүргізуші: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халқымыз ұрпағына атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Сөз кезегі данагөй ата-апаларымызға беріледі. (бата беріледі)

Би: «Попури»   Орындайтын: 9 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ән: «Анашым»   Орындайтын: Кеңшілік Біржан

2-жүргізуші:  Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

1-жүргізуші:  Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

2-жүргізуші:  Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп,әлі де талай асулардан аса беріңіздер демекпіз. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыларыңыздан таймаңыздар! Бүгінгі жастар үшін сіздердің жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіздің маңызы ерекше. Талай жас буын тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер, оларға берген ізгі тәлім-тағылымдарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Келесі көріскенше сау болыңыздар! Зейін қойып, назар аударғандарыңызға үлкен рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарттарым

Армысыңдар қарттарым

Шежірелі хаттарым

Қатарың сиреп барады,

Бәйтеректі бақтарым.

Селдір тартып шаштарың,

Бір қосылып бастарың

Еске түсіп отыр ма

Бозбалалық шақтарың

«Кешегінің артымыз,

Бүгінгінің қартымыз» —

Дейсіңдер – ау сырласып

Күн барады қырды асып,

Небір бейнет көрдіңдер

Кермек дәмін сездіңдер

 

 

Заты асыл қарттарым

Бәріне де төздіңдер

Жадырап жаз өткесін

Қазанды күз жеткесін

Зейнетін көру шын бақыт.

Дәні жақсы болады,

Сабағы нәрлі болады,

Қарттары назды болады

Әдепті болса ұрпағы,

Қартайғанмен өмірлерің

Сарғаймасын көңілдерің

Әрқайсысы жеке тарих

Маңдайдағы әжімдерің….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарты бар ел –

                қазыналы ел                                                                                                            

 

Көп жасаған қария –

Ақылы теңіз дария.

 

Көп өнеге сөзі бар,

 

Сөзі – соқпақ, сөзі –нәр.

Адам ұрпағымен мәңгі жасайды десек, өмірден көргендері мен көңілдеріне түйгендері мол аға буын өкілдерінің ғибраты өскелең өрендер үшін әрқашанда үлгі – өнеге болары хақ.

 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағлымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Өткеніміз бен бүгініміздің арасын жалғастырар алтын көпіріміз, кеудесі қазынаға толы, даңагөй қарияларымыз болып ортамызда жүре беріңіздер деген ниетпен, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын, немерелеріңізбен, шөберлеріңіздің қызығына тоймай, шаттыққа кенеле берулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз!

 

Атаның сөзі –

                ақылдың көзі

 

  • Қарты бар үйдің қазынасы бар.

 

  • Өсер елдің қарты қазына  болар,

Өспейтін елдің  қарты қазымыр болар.

 

  • Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 

  • Өнегелі қарт жоқ жерде,

Өнерлі бала да жоқ.

 

Кәріге құрмет –

балаға міндет.

 

Ақсақалы сиреген ауылдан

ар-иман қашады.

 

Жас әдемі болғанмен,

Қарт ақылды емес пе.

 

 

  • Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.

 

  • Өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласын, досың бала болса, өзің шала боласың.

 

  • Достык пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па» дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз, көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өмірінді өшіреді.

 

Ғасыр жасаған әже Абзалбекова Биғайша ана

 

  • Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін — адал дос. Адал дос — ақылшың, ақылшы досың — жақының. Досы көптің табысы көп,

табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады.