«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» Әдеби кеш

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» Әдеби кеш

Пәні: Қазақстан тарихы(сабақтан тыс шара)

Оқытушы: Азанова С.У.

Сабақтың тақырыбы: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

Бейнеүзінді: Әлихан Бөкейханов дүниеге келген күн

1 жұргізуші

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны

Әнұран орындалады

 

1.Мұғалім сөзі.

Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында  Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ  өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.

2 жүргізуші :

Алаш туы астында,

Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген ер үшін,

Төгілсін біздің қанымыз

Аялмасын барымыз

Жасасын, Алаш ,жасасын

МДБ-33 тобының студенті Үкібаева Д. орындауында « Тепеңкөк» күй

1 жүргіуші:

Мен –қазақ,қазақпын  деп мақтанамын

Ұранға алаш деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі,өзім –қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай,Ертіс,Сырдария,Есіл,Жайық

Арасын қоныс қылдым ірге жайып,

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып

Ер жеттім ен далада құшақ жайып

 

Қазыбек Ұлт мақтаныштары не себепті ұмытылмайтынын білесің бе?

2 жүргізуші: Мұның себебі кезiнде кеңес заманының ұр да жық саясатының құрбаны болып, қызыл им­перия­ның қылышына iлiнiп кеткен саңлақтарымыздың салған соқпақтары сайрап жатыр. Сол асыл тұлғаларымыз туралы бүге-шегесiне дейiн бiлмей, туған тарихымыз түгел деп айта алмаспыз, сiрә

Алашорда автономиялы үкiметiнiң тұңғыш төрағасы, бес­аспап бiлiмпаз, ғибраты мол ғұлама, ұлт көсемi Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы.

МДБ-33 тобының студенті орындауында «Қазақ биі»

1 — жүргізуші:

 Айбану осы сен білесіңбе Әлиханды.? Алаштың арыстары наркескендер,1917 жылы белгілі Алаш қайраткері  Әлихан Бөкейханов Тірі болсақ алдымыз-үлкен той.

Алаштың баласы бұл жолы болмаса ,жуық арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар еді. Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк.Бізге бірлік болып ,іс қыла білетін шебер табылса , Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түседі.Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс ,не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар.Осыны  аңғар, жұрт ым қазақ-деп үндеу жолдады

МБ – 11 тобының студенттері  Алиева Раушан  мен Назар Жақсылықтың орындауында – «Алтын бесік» әні .

2 — жүргізуші: Иә Әлихан Бөкейхановтың қанында бар қасиет – ұлтшылдығын бүгiнгi ұрпаққа үлгi етсек болады. Ұлт көсемi ұсынған ұлттық идеяның түп қазығы – қазақты, өз жерiңдi, өз елiңдi, өз тiлiңдi шын сүю, сондай-ақ мәде­ниетiңдi құрметтеу, қадiрлеу.Ұлтшылдық дегенiмiз осы. Осы идея жүзеге аспай бүтiн, толық, тұтас тәуелсiздiк болмайды. Бiз қазiр ұлтшыл болудан тырақайлап қашамыз, не шеке терiмiз тырысып қалады. Ұлтшылдықты нацизммен, фашизммен қосақтап қойып қарап отырмыз. Ұл болсаң, ұлтшыл бол демеймiз. Олай болса ендігі кезекті Алаш орда зиялы қауымына арналған көркем өлең шумақтарына береміз.

Бейнеүзінді; Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  Алаш ұраны атты өлеңі

1жүргізуші : Ә.Бөкейхановтың ақжарма адалдығын айту керек. Өзi хан-сұлтандардың тiкелей ұрпағы бола тұра, сол ата-бабаларын қатал сынға алады. Қазақтың отар елге айналуын сол билiк құрған бабаларынан көредi. Мұндай ерлiктi бұрын-соңды ешкiм айтып та, жасап та көрген емес. Қазiргi таңда қолынан келгендер қонышынан басып, бабаларын тарихта болмаған батыр, аталарын әлемде жоқ ақылды қылып көрсетедi. Шемiшкедей шағып, құрастырған шежiресi шындыққа жанаспайды.

 

МДБ-11тобының студенті Маликаның орндауында«Қазағым »   әні

1 жүргізуші: Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш алыптары халқына адал да кiршiксiз қызмет еткен. Алдау мен арбауды ар санаған. Әлиханның өзi төре баласымын деп төсiн қақпай, кiшiпейiл болған. “Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деп ант берген. Сол уәдесiн мүл­тiксiз орындаған да. Алғашқы Алашорда үкiметiнiң құрамына кiлең сайдың тасындай тау тұлғалы ұлтшыл адамдар топ­тас­қан.Қазақ үшiн бастарын бәйгеге тiккен. Қазiргiдей ант-су iшкiш, бiрiн-бiрi сүйреп жүр­ген бiреулер емес. Бiр кiсiнiң бетiне қарап отырмаған. Билiк­ке жетiп, былыққа батып, бетi күйiп жатпаған. Өз елiнiң мүд­десiн бәрiнен жоғары қойған кiлең жайсаңдар болған.

1жүргізуші: елдiң тұтастай экономикалық тәуелсiздiкке қол жеткiзуiн басты мақсат санаған. Ә.Бөкейхановтың асыл арманы әзiрше әдiре қалып тұр. Бар байлығын басы бүтiн қазақтiкi деп айта алмаймыз. Қазақ жерiнiң түйiр тасы түйме болмады. Уыс жүнi киiм бол­ма­ды. Мұхит мұнайы “ухит-сухит” болып жатыр

МБ-11тобының студенті Алиева Раушанның орындауында Атамекен әні

2жүргізуші: Әлихан Бөкейханов қазақтың қабырғалы қайраткерi ғана емес, Мұстафа Кемал Ататүрiк, Махатма Ганди се­кiлдi әлемдiк деңгейдегi алып тұлғалардың бi­рi. Ұлт көсемiнiң мұраттары мен асқар мақсаттары, күрескерлiк келбетi мен қымбат мұралары. Ол бүгiнгi қоғам үшiн ауадай қажет, келер ұрпақ үшiн таптырмас қазына.
МДБ-11тобының студенті    Маликаның орндауында«Атамекен»            әні

Бейнеүзінді :  «Алаш орда көсеміне 150 жыл»Алатаудың биік шыңына, Алатаудайбиік тұлғаның атына лайық