Алаштың ұлы жаршысы сайыс сабақ

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Алаштың ұлы жаршысы» (сайыс сабақ)

Пәні: Қазақстан тарихы(сабақтан тыс шара)

Оқытушы: Азанова С.У.

Сабақтың тақырыбы: «Алаштың ұлы жаршысы» (сайыс сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сайыста студенттердің білімін шыңдау; жалпы пәндер бойынша  білімін кеңейту, оны ұштау.

Дамытушылық: Студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін дамыту, ой қорытындысын өз бетінше жасай білуге, ортақ пікірге келуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Студенттерді алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі  тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Құрал —  жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, сандық,құмсағат т.б.

 

Сабақтың жоспары:

1 – кезең: Көкпар

2 – кезең: Бәйге

3 – кезең: Дода

4 – кезең: Жүйрік

 

1 — жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер және ойынға қатысушы сайыскерлер!


2 — жүргізуші:
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің колледжімізде екі топ арасында өткелі отырған «Алаштың ұлы жаршысы» сайысына қош келдіңіздер! 

1 – жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз

«Алаштың ұлы жаршысы » сайысын біз бастаймыз.

2 — жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.

4.
1 — жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие — тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол  алда,- дей келе  топ сайыскерлерімен таныс болайық.

1 – топ: «Алаш орда»

2 – топ: «Жас Алаш»

 

2 — жүргізуші: Бүгінгі сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1 – кезең: Көкпар

2 – кезең: Бәйге

3 – кезең: Дода

4 – кезең: Жүйрік

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілейміз!

 

1 — жүргізуші:

1 – кезең: Көкпар
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп, білімді сарапқа салар бірінші кезеңді бастайық .
2 — жүргізуші:

Шарты: Мұнда барлық сайыскерлерге 10 сұрақ беріледі.Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1 – кезең: Көкпар

 

Сұрақтар:

1.Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) кім?  (Әлихан Бөкейханов)

2.Қай жылы қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі құрылды? (1916 жылы 13 желтоқсан)

3.Алаш астанасы қай қала? (Семей)

  1. Әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара қалай аталады? (Қазақстан мен Ресей)

5.Әлихан Бөкейханов «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп аталатын мақаласы қай жылы жазылды? (1914 ж7)

6.Қазақ үшін Алаш идеясы неше ұстанымнан тұрады? (5 ұстаным)

7.Әлихан Бөкейхановтың  тұңғыш қызының аты кім? (Лиза)

 

  1. Әлиханды бақылауда ұстаған Самар губерниялық жандарм басқармасы оны сыртынан қандай есіммен атаған? (Асман)

9.Әлихан Бөкейханов қай қалада өлім жазасына кесілді? (Мәскеу)

  1. Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

1 – жүргізуші: Келесі кезең «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлер сіздерге әр түрлі барлығы 8 сөз  беріледі. Сіздер бұл сөздердің мағыналарын ашуларыңыз керек. Бұл сайыста қай топ алдындағы жалаушаны тез көтерсе  сол топ жауап беруге рұқсат алады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Олай болса  сіздер дайын болсаңыздар біз ойынды бастаймыз. 

1/2- жүргізуші:Сіздерге сәттілік тілейміз.

Сұрақтар:

1.Революция (төңкеріс) — белгілі бір топ адамдардың  мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.

2.Монархия —  мемлекетті басқару жүйесінің бір түрі, мұнда билік бір адамның қолында болып, атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.

  1. Партия — ( лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсатарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.
  2. Алаш – қазақ деген мағынаны білдіреді.
  3. Автономия — бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.
  4. Оппозиция — қарсы әрекет, қарсы саясат, қарсы көзқарас жүргізу.
  5. Зиялылар — түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.
  6. Унитарлы мемлекет — жері біртұтас мемлекетті атаймыз.

2– жүргізуші: 3 – кезең: Дода

 

 

Мықты болсаң — алдағыны басып оз,
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың«Дода» аталатын үшінші кезеңін бастаймыз.

 

1 – жүргізуші: Бұл кезең Дода 2 минуттық құмсағат бойынша жүргізіледі. Сіздерге 2 минут ішінде сұрақтар оқылады, сіздер сол аралықта бірнеше сұраққа жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауақа 1 ұпай беріледі.Сіздер дайын болсаңыздар біз бастаймыз.

Сұрақтар:

1 – топ: «Алаш орда»

  1. Сиырдың пірі. ( Зеңгі баба).
    Жылдан құр қалған жануар. (Түйе ).
    3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі).
    4. Басты байлық (Денсаулық).
    5.Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)
    6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға. (Президент).
    7. Қара алтын. (Мұнай).
    8. Ұя салмайтын құс. (Көкек).
    9. 12 ай. (Жыл).
    10. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы. (Ыбырый Алтынсарин).
    11. Абай әжесі. (Зере).
    12. Көру мүшесі. (Көз).
    13. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
    14. Табиғи жарық көзі (Күн)
    15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі. (Карта).
    16. Қазақ хандығының 150 жылдығы қай жылы болды ? (2015 ж).
    17.Бәйтеректің биіктігі? (97 метр).
    18.Қазақстан -2030 стратегиясы қай жылы жарық көрді. (1997 ж).
    19. Күйді орындаушы адам. (Күйші).
    20. Ақан серінің тұлпарының аты. (Құлагер).
    21. Түйенің пірі. (Ойсылқара).
    22. Жыл басы не? (Тышқан).
    23. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты. ( Топырақ).
    24. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі. (Орыс тілі).
    25. Адам денесінің тірегі. (Қаңқа).
    26. Үкіметті кім басқарады? (Премьер — министр)
    27. Ақ алтын. (Мақта).
    28. Орман дәрігері. (Тоқылдақ).
    29. 7 күн. (Апта).
    30. «Менің атым Қожа» повесінің авторы. (Б. Соқпақбаев).

2 – топ: «Жас Алаш»

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы. (М. Әуезов).
2. Есту мүшесі. (Құлақ).
3. Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)
4. Қырғызстан астанасы. (Бишкек).
5. Жер қыртысынтолтырыпжатқанденелер. (Тау жыныстары).

  1. Қазақстанның конституциясы қашан қабылданды . ( 30 тамыз 1995ж.).
    7. 16- желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні).
    8. Баланы тәй- тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең. (Тұсау кесер).
    9. Біржанмен айтысқан ақын қыз. (Сара).
    10. Қобыландының тұлпарының аты. (Тайбурыл).
    11.Халқаралық тіл (ағылшын)

12Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

13.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)

  1. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)

15.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)

16.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)

17.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

18.Қыс мезгілінің екінші айы  (қаңтар)

19.Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болды (наурыз 1992 ж.)

20.Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)

21Қазақстанның қай қаласы ның жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

22.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс)

  1. «Кел, балалар, оқылық” кімнің өлеңі?(Ы.Алтынсарин)

24.Бала дәрігері (педиатор)

25.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

26.Мұсылмандар діні (Ислам)

27.Төд теңгеміз қашан шықты? (15 қараша 1993 ж.)

  1. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)

29.Бір жылда 12 не бар? (ай)

30.Наурыз көжеден  ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)

 

2 – жүргізуші:Келесі төртінші кезең «Жүйрік». Бұл кезеңде 10 20 30 ұпайлық сұрақтар сандықшада жасырылады. Әрбір сандықшада 3 сұрақ болады.Оның ішінде логикалық, қазақ салт – дәстүрі бойынша және қазіргі Қазақстан туралы сұрақтар болады. Дайын болсақ, біз ойынды бастаймыз.

10 – ұпай. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам) логикалық сұрақ

20 – ұпай.«Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?(алдында отырған)

30 – ұпай. Қазақстандағы ақ тарының мекені қай қала? (Ақтөбе)

10 – ұпай. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан шыққан Алаш қайраткері кім? (Әлихан Бөкейханов)

20 – ұпай. Жеті қазынаны  ата? (Еп жігіт, сұолу әйел,ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.)

30 – ұпай. .Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? (Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.)логикалық сұрақ

 

 

10 – ұпай. Үш арсызды ата? (ұйқы. тамақ, күлкі)

20 – ұпай.Шыбын секундтына неше рет қанатын қағады? (57 рет) логикалық сұрақ

30 – ұпай.Қазақстанның жеті кереметін ата? (Маңғыстаудағы жер асты мешіті, домбыра, киіз үй, бәйтерек, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, Алтын адам,тасқа қашалып жазылған жазулар)

10 – ұпай. Үйдің ең суық жері? (Сырты)

20 – ұпай.Конституцияда не туралы жазылған?( құқық пен міндет)

30 – ұпай:Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған ұлы билеуші? (Әмір Темір)

Қорытынды:

1 – жүргізуші: 

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Сарапшылар сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаз кім болып сарапталды? – деп «Алаштың ұлы жаршысы» зияткерлік сайысымыздың әділ  — қазы мүшелеріне  сөз берміз.

2 – жүргізуші:Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!!!

1/2 – жүргізуші:

Бойларыңызда от бар екенін байқадық,
Жүректеріңізде шоқ бар екенін байқадық.
Тек осы от пен шоқты сөндірмей

Жетіңіздер асулардан асып жүріп ақтарып