Өзіндік жұмыстың маңызы

Өзіндік   жұмыстың маңызы

Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жатты-ғуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты  білім алуға ұмтылады.

Өзіндік жұмыс дегеніміз — сабақ үстінде алған

білімді мұғалімнің Көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.

Өзіндік жұмыстың тиімділігі:

1,зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді

тереңдетуге;

  1. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады

3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды

Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:

1.мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойыншамәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар

2.түрлі кестелерді толтыру;сөзжұмбақтар құрастыру

3.Бастауыш сынып оқушылары  үшін де өздік жұмыстың маңызы

зор.Өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы — оқушыға

шамасы жетіп, орындауға мүамкіндігі болатындай және танымын

арттыратындай, өзіндік көзқарасын   білдіріп,шығармашылықпен

орындай алатындай тапсырмалар    беру. Тапсырма арқылы оқу

материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі

4.тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу;

слайдтар жасау; презентация жасау;альбом жасап, газет   шығару т.б

Аталмыш жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының жазбаша және ауызша тіл мәдениетін көтеруге қызмет етеді. Мұндай өзіндік жұмыс түрлері шығармашылықты дамытуды көздейді. Осыған орай берілетін тапсырманың шығармашылық  сипатына басты назар аудару қажет.  Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін жұмыс түрлері олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өз бетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады. Жоғарыда келтірілген кей жұмыс түрлеріне тоқтала кетейік. Қазақ тілі немесе әдебиеттік оқу сабақтарында ең жиі қолданылатын тапсырма түрі – шағын әңгіме жазу. Сондай-ақ баланың қызығушылығын арттыратын өзіндік жұмыстар қатарында альбом жасап, газет шығаруды, газетке материал дайындауды атауға болады. Төртінші сынып балаларына интервью жүргізуді үйретіп, осы бағытта тапсырмалар беруге болады. Өзіндік жұмыстың қызықты түрі ретінде рөлдік ойындарды, іскерлік ойындарды назардан тыс қалдыруға болмайды.

Рөлдік ойындар арқылы барлық   оқушыны жұмысқа жұмылдыру мүмкіндігі жоғары. Мұғалім тапсырмасына сәйкес оқушылар өзіне бекітіліп берілген рөлді орындауға ынтамен кіріседі.

Осы арада

мұғалімнің міндеті:

1.Әр оқушының қабілет-        қарымына қарай рөл бөліп беру;

2.Қалай жүріп-тұруды үйрету;

3.Дауыс мәнеріне көңіл бөлу

  1. Рөлді ойнауға мәжбүрлемеу

Әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сыныптың жоғары сатысы үшін белгілі бір тақырыпты өткенде немесе ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысқанда жиі берілетін тапсырма түрі – реферат жазу. Реферат теориялық бағыттағы тапсырма түріне жатады. Өйткені, ол баланың зерттеушілік қабілетін шыңдайды. Кейде реферат жазуды оқушылар тақырып төңірегіндегі ақпаратты көшіріп әкелу деп түсінеді. Реферат – кейіндері орындалатын күрделі ғылыми жұмыстың  алғашқы түрі. Оның безендірілуі, құрылымы, әдебиеттерді пайдалану тәртібі мұғалім тарапынан түсіндірілмеген жағдайда, бұндай қателіктер қайталана береді. Кестелер, тірек-сызбалар толтыру оқушыны нақтылыққа, бірнеше ақпараттың ішінен нақты қажеттісін бөліп алуға үйретеді

Ақпараттық техника дамыған қазіргі заманда слайдтар жасау, презентация жасауға деген оқушы қызығушылығы жоғары болып отыр. Өзіндік жұмыстың орындалуы мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына негізділгенмен, мұғалімнің қатысынсыз орындалатынын айттық. Алайда, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатыны ақиқат. Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:

1.мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;

2.оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;

3.нақты нұсқаулар беріледі;

4.күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;

5.қажет болғанда, дайын үлгілермен таныстырады;

6.талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады

Өзіндік жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Әдебиеттік оқыту мен қазақ тілі сабағында берілетін өздік жұмыстың түпкі нәтижесі оның мұғалім тарапынан өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Өзіндік жұмыстарды бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.