Капуста салатын жасау үшін рецепт
Капуста салаты өте дәмді салат қатарына жатады. Оны дайындау сіздерге қиындық тудырмайды деген ойдамын.
Капуста салатын жасау үшін бізге керекті заттар:
Жарты капуста (орамжапырақ)
1 үлкендеу сəбіз
2 қияр (огурцы)
2 бас чеснок
Приправа тұзы
Чим-чим
100 г. өсімдік майы
Дайындау әдісі:
Өте дəмді. Капустаны ірілеу етіп турап , приправа тұзы бар ғой соны араластырып қоясыз. Сосын сəбізді тёркадан өткізесіз, араластырасыз. Огурцыды өз қалауыңызша турайсыз. Сосын чим-чим с капустой немесе приправасын саласын, араластырмайсыз. Устіне чеснокты ұсақтап турап саласыз. Үстіне өсімдік майын қыздырып құясыз. Сосын араластырып, жарты сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз.