Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта.
Батыс Қазақстан облысы.Теректі ауданы. Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқытушысы
Сариева Гульнара Есенгельдиевнаның
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.
Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлауларын, дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және заманның түрлі кезеңдеріндегі балаларға айтуға болатындай да мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді дегендей менің сабақтар топтамамдағы сыни тұрғысынан ойлаудың Выготскийдің сындарлық тұрғыдан оқытуды түсіну оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде алынғандығын көрсетуге болады. Выготскиидің пікірі бойынша , оқушылар нақты мақсаттарды көздеген ,көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған.
Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас»дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы , тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым .
- Кіріспе
- Жаңа материалдың таныстырылымы
- Жаңа материалды қолдау
- Қорытынды бөлімі
Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір-біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы бір оқушым « анаңнан үнемі жылы сөз естігеніңді қалаймын » десе Бекзат деген оқушымның «күнің де түнің де сәтті болсын »деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын.
Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға
Он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген , барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі — үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты . Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып , жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым . Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Топтастыру стратегиясы бойынша «Туған жер »
деген сөзді қалай түсінеміз , мағынасын кім айтады дегенде оқушылар өз түсініктерін айта бастады. Олар туған жер – атамекен , туған топырақ , айналаны қоршаған орта деп айта бастады. Сол уақытта дарынды оқушымның біреуі туған жер — елорда , Астана деген кезде, мен ендеше Астанаға саяхат жасаймыз, ол жөнінде ой – санамызды , білімімізді толықтырамыз дей келе жаңа сабақты бастап кеттік. Сол уақытта балаларым да жинақталып , Астана туралы мағлұмат алғысы келген кезде , мен елордамыздың көрікті жерлеріне тоқталып, интербелсенді тақтадан көрсетіп , әңгімелеп өттім.Осы жерде оқушылардың арасынан Астанаға барғандары да болып шықты . Ол – Данияр деген оқушым еді . Бәйтерекке барып өзінің арман тілегін айтқанын да әңгімелеп берді . Яғни балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып белсенділік таныта бастады . Астананың Қазақстан картасы арқылы орналасқан жерін , жалпы Қазақстанның бес елмен шектесетінін айтып өттім .
Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс , ұмтылыс , жұмыстану қабілеттері пайда болады .Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да,оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым . Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды . Оқушыларға дүниетанудан алған « Астана — Қазақстан Республика
сының елордасы » атты сабағымда топтық жұмыс берген болатынмын . Осы уақытта балалар өздеріне берілген тапсырма бойынша іздене түсті . Яғни олар өз беттерінше ізденді , пікірлесті , ой болісті өз жұмыстарын көркемдеп , мазмұны жағынан да мағыналы болуын қалады . Сын тұрғысынан ойлаудың әр стратегиясын алсаң да тиімді жақтары көп және нәтижелі жақтарын көруге болады . Бұл модулді пайдалану барысында баланың ашылмай жүрген қасиеттерін көріп , танып , оны ары қарай баулып ұштауға мүмкіндік болады дегім келеді .Мы салы «Қазақстан көп ұлтты мемлекет»деген сабағымда тәуелсіз мемлекетіміздің басты белгілеріне тоқтала отырып , өзге ұлттармен салыстырмалы түрде айырмашылықтарымызға түсінік бере білді . Ал, екінші «Қазақстан халықтарының достығы »атты сабағымызда мақал – мәтелдердің мағынасын аша білді және ойларын ірікпей еркін ,түсінікті баяндай білгені қуантарлық жай дер едім . «Қазақстанның ұлттық мәдениеті»атты сабағымда жыршы мен жыраудың айырмашылығына жақсы түсінік беріп әңгімеледі және тұжырымдамасын түйінді қорытындылай білді деп білемін . Балалардың сабақ барысында кейбір қабілеттері көрінгенін байқай отырып, өз жұмыстарын еркін түрде баяндап , қорғап бергендерін көргенде жеткен жетістігімнің бір ұшы деп білдім . Олар әр сабаққа тиянақты дайындықпен келетін болды . Ата -аналарының көмегі арқылы да ғаламтор көздерін пайдаланып , сабаққа қатысты қосымша материалдар дайындап әкеліп отырды және оны сабақ барысында пайдалана білді . Дарынды оқушылар өлең , шығарма жазса , сонымен қатар төмен оқитын оқушылардың да сабақ қорытынды сында өз жұмыстарын көрсете білуі қуантарлық жай еді . Сабақ соңында ойлау , сөздік қорын молайту барысында бір сөзден бірнеше сөз шығартып немесе бес жолды өлең құрастырттым . Осылайша сабағымның жақсы жақтары балалар үшін де пайдалы да тиімді екендігіне көз жеткіздім .
*Мен оқушыларымды берген сұрақтарымның жа уабына орай дұрыс бағаладым деп ойлаймын . Мыса
лы олар менің сұрағыма толық , мағыналы жауап берсе өте жақсы ,мазмұнын біліп жеткізе алмаса жақ сы, мазмұнын жүйелі айтпаса орташа бағасын қоямын. Және бағалары неліктен осындай болғанына түсінік беріп отырамын . Осыдан барып олар өз білімдерін әлі де толықтыру қажет екенін ұғынып , ізденіп , ын талана түседі .
*Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін жетек ші сұрақтар және ой қозғау барысында сұрақтар қою ға болады деп білемін .
*Жекеленген оқушылардың оқу қажеттіліктерінде анықтау барысында бірнеше сұрақтар дайындауға тырысамын . Ондай сұрақтарды көбінесе орташа , төмен оқитын оқушыларға қоямын . Мысалы: « Мұ — хаммедәлі сен осы өлеңді оқыдың ба? Онда не ту ралы айтылған ? Мәтіндегі кейіпкерлерді атай аласың ба? десем оның жауабынан өткен сабақты оқығанын немесе түсінгенін байқаймын және тағы басқа сұрақтар қоюға болады деп түсінемін .
* Жекеленген оқушылардың қажеттіліктерін ескеру үшін тағы
— Неше рет оқыдың ?
— Мазмұнын түсіндің бе ? т.б. сұрақтар қоюға болады деп ойлаймын.
* Менің осындай сұрақтарым , жалпы сабақ барысындағы сұрақтар да қабілетті немесе орташа деңгейде оқитын оқушыларға әсер етеді деп ойлаймын.
Себебі олар әр сұраққа жауап бере білді . Мысалы олар өткен сабақты есіне түсіріп , жинақталып , ойларын қорытып , толық айтуға ұмтылды. Яғни сұрақтардың қойылуының балаларға ықпалы зор болды.
- Жоғары деңгейде балалардың ойлауын қалыптастыру үшін , қосымша шығармашылыққа жетелейтін сұрақтар қоямын . Бұл сұрағыма көбіне қабілеті жоғары оқушылар алдымен жауап береді. Мысалы: Сен Болаттың орнында болсаң не істер едің ? немесе түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойып отырамын . Оқушы осы уақытта өз ойларын еркін түрде айтып беруге тырысады . Сыни тұрғыдан ойлау балаларға дамытушылық жағынан көп көмегін береді . Онда жекеленген , жұптық , топтық жұмыстар да болады . Бұл модульді алған себебім сабақ барысында пайда болатын , бір тақырыпты ашу барысындағы түйінді ойлар ( оқушылар айтатын ) қызықтырады . Менің оқушыларым сыныпта осындай бағытта көп жұмыстанады . Олар нені білу , түсіну , айту қажеттігін түсіне біледі және жұмыстанудың да бағытына едәуір төселіп қалғандарын да байқауға болады .
Негізінен тек тақырыпқа байланысты емес , жалпы тәрбие сағаттарында да осы бағытта жұмыстанамын . Олардың сөздік қоры жақсы дамып , сөйлеу мәдениеті де қалыптасады . Менің түсінгенім балаларды бұрынғыға қарағанда ізденушілік , қызығушылық пайда болды.
Сабақ кезінде оларға уақыт берсен , оларды жұмыстануға бағыттасаң өз мақсатыңа жетуге болады деп ойлаймын . Мысалы: маған осы модульдің ерекшеліктері ұнады . Ондағы әр стратегияның балалар үшін де берері мол . Балалар өздерінің ой пікірі , жұмыстары бағаланатының сезді және ынталана түсті. Жұптық , топтық жұмыстарда өз ісіне сенімі аз балалардың да сабақ барысына қатысуына көмегі көп болды . Кейбір оқушылардың айтқан жауаптары таңқалдырды . Мысалы: Мәдина деген оқушым сабағы жақсы болғанмен өзі тұйықтау еді . Бірақ , ол туды зерт- теп , таныстырғанда өзінің еркін сөйлеу қабілеті бар екені анықталды бұрын бұл оқушым тақырып мазмұнын айтумен ғана шектелетін . Ал Нұрдана сұраққа жауап барысында « Туған жер» туралы түсінігін өте жақсы жеткізді және жауабына таң қалып ,сөздік қоры жас ерекшелігіне сай екенін , сөйлеу мәнерінің де қаншалықты қалыптасқанын аңғардым .
Ал, сабақ барысында Мұхаммедәлі , Дильназ сияқты оқушыларымның жұмыстанып , қатысып отырғаны жақсы нәтиже берді . Әрине бұл сыни тұрғысынан ойлаудың кейбір қиыншылық тудыратын кездері де болады . Бұ лай дейтінім топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар тасада қалыс қалып жатады . Ондайда оларға тақырыпқа сай жұмыс беруге тырысамын. Балалар негізінен өздері сөйлеуге жаттығып , өзгенің пікірін тыңдап , санаса біледі , кейде ке
ліспеушілік те туындайды . Ондай уақытта өз ойларын дәлелдеуге тырысады .
Оқушылар сыни тұрғыдан ойланғанда тақырыпты ашу үшін дәлелдемелерге тоқталады . Негізінен берілетін тапсырманы оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне сай беріп отырған дұрыс деп түсінемін және өзім оларды сол бағытқа бейімдеуге тырысамын . Негізінен таңдап алынған «жоғары , орташа төмен »деңгейдегі үш оқушымның күн делікті сабақ барысындағы әрекеттерін зерттеген кезде олардың тапсырмаларды қалай , қандай бағытта орындайтынына көп көңіл бөлдім . Олар жұмыс барысында өз деңгейлеріне сай немесе одан жоғарыда жұмыстана бастағанын байқадым .
Сабақта берілетін тапсырмалардың барысы , мақсаты оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұр ғыдан ойлауы болып табылады . Олар өз жұмыс тарын баяндап , талдап айтуға ұмтылады . Сын тұрғысынан ойлауды дамыту диалог арқылы да жүзеге асады . Бұндай оқыту сыныптағы қарым – қатынасты жақсартады . Сыни тұрғыдан ойлау бақылау , талдау , қорытынды , интерпретация сияқты дағдыларды дамытады . Кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер балалардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік туғызып , жаңа үдеріске сүйенгенде білім беру бағдарламасында ғы қажеттіліктерді ескеруіміз керек . Жалпы сыни тұрғысынан ойлау әдісі өз – өздерін реттей алатын ой толғанысы ретінде бейнеленіп отыр . Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін мұғалімдер тыңдау мен зерттеу арқылы оқуға көңіл бөліп , шешім қабылдап тиісті дағдыларды меңгерткені жөн .Ол үшін біз теорияның мазмұнын толық меңгеруіміз қажет деп ойлаймын . Оқушы жұмыстарының қорытындысы мен тұжырымдамасын қалыптастыру үшін жаңа әдістермен технологияларды дамытуы мыз керек деп түсінемін . Мысалы оқушылар айналаны қоршаған ортаны танып – білуі үшін немесе әдебиеттік оқу сабағын алсақ та қолданылатын дағдылар төмендегідей болады деп ойлаймын .
*олар әртүрлі дәлелдерді жинап топтастырады , суретін салады , фотосуретке түсіреді , дәлелдемелер жинақтайды .
*негізгі деректерді анықтайды және сұрақ қоя біледі .
*негізгі деректерді жағдаяттық қорытындылармен салыстыра алады және ойларын талқылап , жинақтайды .
*кейбір болжамды жұмыстары мен ұсыныстарын қайта қарауы мүмкін .
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп қортындылаған кезде мұғалімдермен кеңесіп , талқылап , олардың кеңестеріне ой жүгіртіп , қайта қарап , төмендегі рет бойынша көмек бере мін және жұмыстарының жүзеге асуына осы дағдыларды қолданамын .
*көру арқылы немесе дәлелдемелер арқылы ақпараттар б еруге тырысамын .
*негізгі іс – әрекетті анықтайтын тақырыптан ауытқымауды ескертіп , ұсыныстар айтамын .
*олардың өзара байланысын анықтатамын .
*жұмыстарының ұқсастықтары мен айырмашы
лықтарын салыстыртамын .
*оларға түрлі ақпарат көздерімен мүмкіндік болса байланыс жасауға ұсыныс жасаймын . Негізінен балалардың өздігінен реттелетін білім алуының үш элементіне де тоқталып өткенді жөн санадым . Олар төмендегіше болады
*тапсырмамен жұмыстану барысында өздігінен бағыттала біледі
*олар проблемалары мен алғы мақсаттарын өздіктерінен айқындай алады
* проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдің тиімді жолын өздіктерінен таңдайды
Шет ел ғалымы Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясындағы үш жастағы балаларға зерттеу жүргізгенде үлкен нәтижеге жеткен .Яғни содан түйгеніміз балалардың өз бетінше жұмыстану қабілеті бар екенін білгеніміз деп түсінемін . Диалогтық оқытудың да сыни тұр ғысынан ойлау модуліне байланысы өте ерекше . Себебі 2004 ж. Александер диалогтық оқытуды зерттегенде сұрақ – жауаптың жасаған қорытынды лардың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жет кізгенін байқаған ,ал Мерсер болса сыныптағы талдаудың үш түрін анықтаған оны біз күнделікті сабақ барысында пайдаланып жүргені міз анық . Айта кететін болсам
* пікірталастық әңгіме
* кумулятивтік әңгіме(бір – бірінің айтарын сынамайды
*зерттеушілік әңгіме (ұсыныс , дәлел , сыни тұрғыдан ойлану
Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес үнемі ізденіс пен толғаныста болады . Бұл жердегі менің де тоқталып айтар негізгі ойым «жаңа форматтағы мұғалім» болу үшін , жаңа үдерістегі жарқын да ,бейнелі болашағы зор жаңа модульдерді күнделікті сабақ барысына үнемі енгізіп , жүйелі жұмыстану барысында әріптестермен ортақ шешімге келе отырып , биік белестерді бағындырсам деймін .