Өткен шақ

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Оқушыларға етістіктің өткен шағын меңгерту. Етістік туралы білім, білік, дағдыларын кеңейту.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдылырын, тіл байлығын және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық            жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстар суреті,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылар назарын сабаққа аудару
  2. Психологиялық дайындық

Мұғалім сұрағы:                                      Оқушылар жауабы

  • Әрбір адам? — Досым, сыныптасым
  • Әрбір сабақ? — Үйрену, оқу, іздену
  • Әрбір ісің? — Тірлік, тірек, адамдық
  • Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық
  1. Үй жұмысын тексеру.

29-жаттығу. Екеуара жұмыс.

Етістіктің осы шағын қайталау.

ІІ. Ой қозғау

         Көңілді санамақ (2-екі)

Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік.

«Алып қапсын 2лік,

2ншідей 2ңді,

Көрсетпе»- деп ж2ді.

  • Етістіктерді тап, сұрақ қой.
  • Осы санамақты көркем жаз.

ІІІ.    V – нені білемін?

        

 

дара                                                                   күрделі

болымды                                                          болымсыз

негізгі                                                                 туынды

жіктеледі                                                            3 шақта өзгереді

 

  1. IV. Жаңа сабақ

1.Ынтымақсыз іс бітпес

1-топ: Өтті күндер боранды,

            Аязды күн жоғалды.

         2-топ: Көктемді ертіп соңына,

Жыл құстары оралды.

3-топ: Қар көлкіді су болып,

Сулар ұшты бу болып.

4-топ         :Аязды күн өтті енді,

Шуақты күн жетті енді.

5-топ:Жауқазынмен қаулаған,

Қарсы алдық біз көктемді.

Тапсырма: сөйлемді көшіріп жазу, етістіктерді        табу,сұрақ қою.

Етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр.

2.Оқулықпен жұмыс

31-жаттығу

Ауызша орындау.Мағлұматты оқу,есте сақтау.

V.Жаңа сабақты бекіту

1.Адасқан буындар ойыны.Өзіндік жұмыс.32-жаттығу

Мен биле ді                  Біз биле діңіздер

Сен биле дім                 Сендер биле ді

 

Сіз биле дің                   Сіздер биле дік

Ол биле діңіз                 Олар биле діңдер

2.Тездет, бірақ қателеспе.Жұппен жұмыс.34-жаттығу

Аяжан атасының ауылына келді.Жолда оған Ораз кездесті.Ол Аяжанды атасының үйіне дейін апармақ болды. Аяжанның ауыр чемоданын көтеріп алды.

VI.Білімдерін тиянақтау

1.Шығармашылық жұмыс.33-жаттығу

2.Венн диаграммасы

 

Өткен шақ                                                                    Осы шақ

Не істеді?                                                                     Не істеп жатыр?

Дара                                  ЕТІСТІК                             Күрделі

Бұрын болған іс-                                                         Қазір болып жатқан іс-

Әрекет                                                                         әрекет

VII.Сабақты қорытындылау

+ — Нені үйрендім?

Бағалау.

Үйге тапсырма:35,36-жаттығу.