Алып бала

Ана тілі. «Алып бала». Бахиева Перизат. Шымкент қаласы №77 А.Асқаров атындағы орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Алып бала

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға Қажымұқан жайлы мәлімет беру,мәтіннің мазмұны арқылы қосымша біліммен толықтыру.

  1. Дамытушылығы: образды сомдау, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
  2. Тәрбиелігі: Қажымұқанның азаматтық бейнесі арқылы үлгі-өнеге үйрету.

Көрнекілігі: Қ.Мұңайтпасов пен Қ.Әбдіқадіровтың портреттері, Мұқан жайлы газет, журналдар, карточкалар, тест сұрақтар, С.Сейфуллин «Көкшетау», «Қазақ-тың бес алыбы».

Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, логикалық ойлау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • С.Мұқановтың «Батылдық» әңгімесі.

Мазмұнын сұрау. Жалпы сұрақ.

  • С.Мұқанов кім екен?
  • Балуан Шолақ дегеніміз кім? Қандай әңгіме оқыдыңдар? (толықтыру)

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тест арқылы (5 сұрақ)

  1. С.Мұқанов кім?

а) жазушы      ә) әнші       б) күйші

  1. Нұрмағанбет қандай бала?

а) батыл, балуан     ә) қорқақ, жылауық     б) өнерлі, әнші

  1. Қамбаға барғанда, нені байқай қалады?

а) түлкіні        ә) қасқырды        б) итті

  1. Ол қасқырды немен түртті?

а) таяқпен      ә) темірмен                   б) қайың құрышамен

  1. Қасқырды алған балуан бала кім?

а) Қажымұқан                  ә) Балуан Шолақ                   б) Сәбит

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту

— Балалар, менің үстелім үстінде 8 карточка жатыр. Сыртында сандар жазыл-ған. Осы ондық сандарды өсу ретімен орналастыру керек, сонда сөз шығады, бұл әрі сергіту кезеңі болсын.

10          20         30           40       50          60        70           80

А           Л           Ы             П         Б             А            Л            А

 

 

«Ой шақыру»

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

— «Алып бала» әңгімесі кім туралы, кім жазды екен, біз соны білеміз. Жазушы туралы «Таныстыру».

 

Мағынаны тану.

  1. Магнитафоннан мәтінді тыңдату.
  2. Жұптасып оқу.
  3. Сөздік жұмыс.

 

«Оқыра» — сиырдың үстінде тері мен еттің арасында бүркіттер болады. Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі алақтап, бет-бетімен тырандап шаба жөнелетін. Мұндайда жолында тұрмау керек.

Ұрғашы бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады. Ұрықтанысымен 1-2 сағаттан кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына 1 мезгілде 100 деген жұмыртқа салады. Ол тері астында дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20-60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болып ыңылдап ұша бастайды.

Құзар жар – биік жар

Торығып – түңіліп, ренжіген

Сұрақтар қою.

  • Мәтінде қай мезгіл бейнеленген?
  • Жаз айларын ата.
  • Жаз айында қандай құбылыстар болады? (Жаңбыр жауады, ыстық, шаң, шыбын-шіркей көп болады).
  • Басты кейіпкер кім? (Мұқан)
  • Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталады? (Мәтіннен тауып оқу!
  • Мұқан туралы не білдік? (Рольге бөліп оқу)

(денелі, қайырымды, күшті, батыл)

 

«Кубизм» әдісі.

  1. Суреттеу. «Көкшетау» поэмасынан үзінді.

Атқарып жүргенде де малайлықты

Күресте тең құрбысын талай жықты

Бір байдың ат тартпаған жүгін тартқан

Көрген жұрт деген мынау «Қалай күшті»

 

Аралап талай жерді, сан қаланы

Күресіп талай алып дәуді жыққан,

Ел кезіп елден асқан балуаның

Талайын қол ұшымен ойнап соққан.

 

Күресте, СССР-де жеке қара –

Талай дәу қыла алмаған ешбір шара

Европа, Азияда асқандар да

Поддубный, Ганс – Гауан, Қазбек Гара.

  1. Зерттеу. «Қазақтың бес алыбы» кітабы бойынша әңгіме.
  2. Өз ауылымызда балуан бар ма? (Сейлі балуан)
  3. Салыстыру. Қажымұқанмен жай адамды салыстырайық. (бала жігіт)

Ұқсату.

  1. Балуан дегенімізде көз алдымызға қандай адам елестейді?
  2. Балуандық ұнай ма, әлде жоқ па?

— Ал, балалар, енді мен балуанмен таныстырайын. Қазақтың тұңғыш балуаны, дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 14 жасында жалшылықта жүріп, атты шана-ның үстіне салып, сүйреп келген. (Кітапшадан көрсету).

Теңдесіз балуандылығымен жер шарын аралап, 28 мемлекетте күресе түсіп, 56 медаль олжалаған. Қажымұқан сынды мықты ХХ ғасырдың басында түрік халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Балуандығына тәнті болғаны сондай түріктер «Қажы» деген атақ берді. Қажымұқан кеңес өкіметі тұсында балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген балуандық шеберлігін одан әрі жетілдіреді. Осы елдің атынан көптеген жарыстарға қатысып үлкен жеңіспен оралды. Сондықтан оған Қазақстан өкіметі «Қазақ даласының батыры» атағын береді.

Тамаша цирк әртісі де болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында өнер көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, оны майдандағы қазақстандықтарға сыйлайды. Бұдан балуанның өз Отанын сүйетіндігін көреміз.

Ұрпақ – тіршілік көзі (дүниетану). Ұрпақтары бар. 1940 жылы туған Айдархан деген ұлынан Шаттық деген немересі ата жолын жалғап жүрген ұрпақтарының бірі.

Ол 25 жасына каратэ –  спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды. 2002 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Жанәбіл                                      Жанар                          Еркежан

Бақытжан                     қазақша күрес

әнші                              облыс чемпионы

Спорт мектебі: Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл Серіков, Ольга Шишигина сияқты саңлақтар осы мектептен білім алды.

Газет бойынша әңгіме.

Ақындықты қалады. Көріпкелділігі бар.

Қажымұқан айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып — өстім. Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ.

1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» кол-хозында қайтыс болады.

Қорытындылау.

Ойын «Балуан». Ол үшін сұраққа жауап беру.

  1. «Алып бала» әңгімесін әңгімеле.
  2. Кім жазған? Ол қандай іс қалдырған. Қандай ортақ қасиеті бар? (Қайырым-дылық, отаншылдық).

Үй тапсырмасы.

1-топ. Қажымұқанға мінездеме.

2-топ. Балуан Шолақ пен Қажымұқан Венн диограммасын құру.

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

 

Бұлшық еті даланың.

                            (Қажымұқанға)

Сайын далаң — өзің анаң, өз әкең.

Сол далаға тартпай туған аз екен.

Осындай да ұл таба алам дегендей

Тапқан сені қазекең.

 

Туған жерің тұла бойыңа құйып қан,

Темір қолың тиген жерін ұйытқан.

Абырой боп, албастының өзін де

Ала түстің иықтан.

Көкорайда түрсе бабаң балағын,

Майдан қыдың кілемін сан қаланың.

Сен «Әуп!» — десең, түйілетін тас болып,

Бұлшық еті даланың.

 

Атып ұрмай қоймаушы едің кезенсең,

Сені көріп жер болатын ез еңсе.

Сен жығылсаң – далаң бірге жығылды,

Далаң жеңді – сен жеңсең.

 

Тау көтерсең қарың сенің талмапты,

Сондай күшпен ата-бабаң мал бақты.

Саған арнап құйған шойын ескерткіш

Болмас сенен салмақты!

 

Сайын далаң — өзің анаң, өз әкең.

Сол далаға тартпай туған аз екен.

Осындайда ұл таба алма дегендей

Тапқан сен қазекең!