Жан сәулем (әнге арналған)
Жан сәулем (әнге арналған)
Жанымда болып алыссың,
Айта алмай қалдың тілекті.
Ең жақын болып, таныссың,
Ауыртып кеттің жүректі.
Қайырмасы:
Арман боп қалдың аңсаумен,
Үмітпен өтті күн ұзақ.
Жаныма нұрсың жан сәулем,
Кеттің ғой қалқам шын ұзап.
Келісті көркем көктемде,
Күн болып бойды еріттің.
Аққу боп аңсап жеткенде,
Көрінбей кеттің көріктім.
Шарқ ұрып іздеп келемін,
Көңілдің таппай бір емін.
Сағыныш саған сенемін,
Аман бол ару, тілегім.
15.04.2008жыл.