Ән: Сағыныш сәттер
Ән: Сағыныш сәттер
Сағыныш сәттер…кешегі күндер елес пе?
Шуақты үндер, тоңдырған түндер бәрі есте.
Жәудірей қалған жауқазын едің жайдарлы,
Күн нұрын күткен белесте…
Нұр құйып еді жаныңның шырай шаттығы,
Басыла алмай жүректің дүрсіл аптығы.
Жанымда болып, жалынға орап кеттің сен,
Сезімнің сыршыл пәк гүлі…
Есімде бәрі, есіме түсе бересің,
Көңілімде көркем ай дидар әппақ елесің.
Көктемнің күні, найзағай болсам күркіреп,
Ақ жауын болып клесің…
Қимастық сәттер…қиыла қалған кезің-ай,
Ұйқысыз таңнан мөлдіреп жанған сезім-ай.
Қоштасар сәттен сағыныш қайта басталған,
Қимаған жүрек өзін-ай…
Ұялған сәттер…қызарып беттер өзгеріп,
Жастық-ай жалын, сұлулық-сиқыр сөзге еріп.
Жия алмай есті, кездесу кешті мың ойлар,
Келе ме ару сөз беріп?
Қуаныш сәттер…ыстық нұр бойды кернеген,
Жалынға орап, шабытпен өрге өрлеген.
Кешегі арман кейінге жалған көрінер,
Сезінбей адам сенбеген…
Сезінбей адам сенбеген…
03.03.2008жыл.