Ән: Сағынып жүрген шығарсың..

Ән: Сағынып жүрген шығарсың…+

 

Сағынып жүрген шығарсың,

Бірге өткен ыстық күндерді.

Айта алмай іштен тынарсың,

Сен жақтан тылсым үн келді.

Қайырмасы:

Сұлусың бүршік жарғандай,

Ұқсайсың жасыл аршаға.

Сүйікті жанын армандай,

Сағынған жандар қаншама?

 

Мөлдірей қалдың мөлтілдеп,

Көздегі жасты жасырып.

Езіліп кеттім елпілдеп,

Өзіңе жүрмін асығып.

 

Тал бойың әсем қылықтым,

Жайқалған бағым сен бе едің?

Түбінде тұрып тұнықтың,

Күн сайын аңсап,шөлдедім.

 

Сұлулық сәнің сиқырлап,

Көркіңе көркем асыққам.

Өзіңмен көңіл күй құрмақ,

Іздедім сені тасып қан.

11.02.2009жыл.