Ақ арман

Ақ арман

Сенімен кездеспегем

Сыртыңнан таныстырған.

Жүректі сезгіш деген ,

Жақынсың , алыс тұрған .

 

Жанымды қиял тербеп ,

Көңілім көкке өрлеп ,

Тартады өмір өрнек ,

Келісті , керім ,  келбет .

 

Аққусың айдындағы…

Көзіңде сағыныш бар …

Көңілімнің көркем бағы…

Тазаға мәңгі құштар…

 

Ажарлы ай екенсің ,

Жан дүниең қандай әсем .

Рухани бай екенсің ,

Тек жүрші аман есен .

 

Бәрі де жететіндей ,

Мың сұрақ мазалайды .

Бұл өмір өтетіндей ,

АР-УАҚЫТ жазалайды .

 

Шаң тұрған далаларды ,

Ақ жауын тазалайды .

Жандағы жараларды ,

Ешкім де жаза алмайды.

 

Бәріне уақыт емші ,

Жайнаған гүлсің дер ем.

Жүрегім бәрін жеңші

Жанымда дүрсіл неден ?

 

Көңілің алаңдайды…

Жаныңды жұбатар кім?

Қуаныш ,уайым ,қайғы ,

Жүреді бір қатар тым.

 

Көріндің тым ертерек ,

Бәйшешек қар астынан .

Өсіпсің гүл-бәйтерек ,

Қанаты талмас қыран .

 

Баянды бақытыңды,

Тіледім сезінерсің.

Ақ арман ағытылды ,

Жырымды өзі дерсің…

06.06.2004жыл.