«СУПЕР МАМА» сайысы

«СУПЕР МАМА» сайысы

 

Жүргізуші:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам.

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған кейбір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Құрметті қонақтар, ардақты ата – аналар, қадірлі әжелер, қымбатты  ұстаздар мен аяулы қыздар және оқушылар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршасындай болып, Аналар мерекесі келеді. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпарған 8 – наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын! Аналар мерекесіне арналып ұйымдастырып отырған «СУПЕР МАМА» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті «Супер мама» сайысына қатысушы аналар ортаға келіңіздер.

(Супер мамалар ортаға шығады, слайдтан әр қатысушының бейнесі шығады)

Стол үстіндегі нөмерлерді алып, бүгінгі сайыстың бөлімдерімен танысыңыздар. (Слайд)

  1. «Өзім туралы мәлімет» таныстыру кезеңі
  2. «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі
  3. «Шебердің қолы алтын » моншақ тізу кезеңі
  4. «Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс – әрекетті көрсету кезеңі
  5. «Он саусағы майысқан» қамыр илеп және жаю кезеңі
  6. «Ас адамның арқауы» үй тапсырмасын көрсету кезеңі

 

Ал халайық ықылас пен демелік,

Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.

Ақылы мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік. – деп  әділ қазылар алқасымен танысайық:

  1. Мектеп директоры – Мұхаметрахимов Амангелді Сайлауұлы
  2. Оқу ісінің меңгерушісі – Тұрлашова Гүлсан Ермековна
  3. Аға вожатый – Саржанова Айниса Мамановна
  4. Кәсіп одақ төрағвсы – Маханов Руслан Жалғасбаевич

(Әділ қазылар алқасы сайланды)

 

 

 

Жүргізуші:

1.Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,

Көздерінен жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді – деп

1.«Өзім туралы мәлімет» таныстыру кезеңі басталды (уақыт 3 минут)

 

Жоғарғы ұпай 5 тен 2 балл аралығнда

Әділ қазылар таныстыру кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

2.Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына кең екен.

Би билеп, ән айтып жырламайтын,

Өнерсіз қазақ деген кем екен – деп

2.«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі (уақыт 3 минут)

Әділ қазылар өнер көрсету кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

     

 

3.Ал аналар қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарын майысып,

Шеберлік көрсет халыққа.

3.«Шебердің қолы алтын » моншақ тізу кезеңі ( уақыт 5 минут)

     

 

Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары – дей отыра

Аналарымыз моншақ тізіп болғанша әсем әуенге кезек берсек.

Ән:  «АйДанАру» триосының орындауында «Аналар алтын» әні

Дания, Айсамал, Аружан

 

 

Әділ қазылар моншақ тізу кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

4.Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Болмаса сұлу қыз ару әйел,

Табысып бүкіл әлем жарасады.

4.«Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс – әрекетті көрсету кезеңі (уақыт 3 минут)

  1. Аяқкиімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз.
  2. Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адам кейпін көрсетіңіз.
  3. Ұтыс билетінен қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсетіңіз.
  4. Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз әмияныңыз жоқ, ұрланыпты, сіздің іс-әрекетіңіз.
  5. Түн. Сіз ұйықтайындеп жатырсыз. Есік қағылды қонақтар келді. Сіздің іс – әрекетіңіз.
  6. Өте қымбат сырғаңызды жоғалтып алдыңыз. Сіздің іс – әрекетіңіз.
  7. Шын күлкіңізді көрсетсеңіз?

 

 

 

 

Әділ қазылар қимыл мен іс-әрекет көрсету кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

5.Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз тез арада майысып.

 

 

 

 

 

 

5.«Он саусағы майысқан»  қамыр илеп және жаю кезеңі

 

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге өз құттықтауын, рақметін өнерімен көрсеткісі келген балалардың әндеріне береміз.

Ән: Сәтсапар  «шоқ қыздар» ән орындалады

Әділ қазылар қамыр илеп және жаю кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

6.Бойларында от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым – деп

6.«Ас адамның арқауы» үй тапсырмасын көрсету кезеңіне берсек.

     

Әділ қазылар үй тапсырмасы кезеңінің бағаларын көрсетсеңіздер

Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша бір әсем әуенге кезек берсек.

«Супер мама » сайысының жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

   

        

Жүргізуші:

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды – деп сіздерге «Ешқашан қартаймаңыздар» дегіміз келеді. Әрқашан балаларыңыздың құрметіне бөленіңіздер. Көріскенше күн нұрлы болсын.