Дүниетану пәнінен тест тапсырмалары
Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті
4 – сынып
Дүниетану 1 – нұсқа
1.ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?
а) 1990 ж ә) 1991 ж б) 1992ж
- «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?
а) салтанатты ән ә) көңілді ән б) ана туралы ән
- Тірі табиғатқа не жатады?
а) ауа, тас ә) күн, су б) өсімдік, қоян
- Табиғат қандай болады?
а) тірі және өлі табиғат ә) тек тірі табиғат б) тек өлі табиғат
- Қазақстанның астанасы қалай аталады?
а) Ақмола ә) Целиноград б) Астана
- Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың атауы?
а) Қызыл кітап ә) Жасыл кітап б) Қара кітап
- Отбасына кімдер кіреді?
а) достар, мұғалімдер ә) нағашы, жақын б) әке-шеше, ата-әже, туыстар
- «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
а) туған күн ә) табиғат б) жаңа күн
- Біз тұратын құрлық?
а) Австралия ә) Еуразия б) Африка
- Өзен, көл, теңізде тіршілік ететін өсімдік?
а) жантақ ә) бақбақ б) балдыр
- Отбасында ер адамның міндеті?
а) тамақ жасау, үй жинау ә) білім алу, оқу
б) отбасын асырау, үйдегі ауыр жұмыстарды атқару
- Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
а) әктас, бор ә) мұнай, газ б) темір, мыс
- Адамның негізгі дене мүшелері:
а) бас, мойын, кеуде, аяқ, қол ә) жүрек, бауыр, өкпе б) көз, мұрын, шаш
- Қаңқаның негізгі қызметі қандай?
а) денені күту ә) дененің тірегі б) дене сымбаттылығы
- Мұрын қандай мүше?
а) сипап сезу ә) дәм сезу б) иіс сезу
- Қоршаған ортадағы барлық нәрселер қалай аталады?
а) заттар ә) денелер б) құбылыстар
- Денелер қандай екі топқа бөлінеді?
а) тірі және өлі ә) үлкен және кіші б) табиғи және жасанды
- Қайсысы қатты кен жынысына жатады?
а) құм мен саз ә) гранит пен тас көмір б)газ, мұнай
- Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?
а) қойма ә) кеніш б) жер қойнауы
- Сүйектерді не қозғалысқа келтіреді?
а) буын ә) тері б) бұлшық ет
- Ересек адамның организмінде қанша литр қан болады?
а) 5-6 литр ә) 3-4 литр б) 10-12 литр
- Адам өміріне не қажет?
а) доп, сағат, үстел ә) ауа, жарық, су, жылу, қорек б) айна, көбелек, тоғай
- Адам денесінің ішкі мүшелері?
а) өкпе, бауыр, ішек, жүрек ә) қаңқа, бұлшық ет, тері б) бас, мойын, кеуде
- Мына өрмекші тәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіпті?
а) өрмекші ә) бүйі мен қарақұрт б) қанқыз
- Ауа температурасы +15,+20 градусқа жеткен кезде отырғызылатын қандай өсімдіктер?
а) жарықсүйгіш ә) жылусүйгіш б) ылғалсүйгіш