Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыру жолдары

Бастауыш   сынып  оқушыларының  сыни  ойлауын  қалыптастыру  жолдары

Қазақстанның  әлемдік   білім  беру  кеңістігіне  енуі  отандық  білім  дамуының  стратегиялық  жоспарын  әзірлеуді  және  соған  орай  ұлттық  білім  жүйесінің  жетістіктерімен  білім  дамуындағы  жалпы  әлемдік  үрдістерді  ескеретін  жаңа  үлгісіне  көшуді  талап  етуде.Білім  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізінде  оқушы  белгілі  бір қажетті  біліктермен  дағдылардың  иесі,оқу  әрекетінің  субъектісі,әртүрлі  мәдениеттер  мен  өз  көзқарасы  тұрғысынан  білімді,сауатты,өз  ойын  дұрыс  әрі  шебер  жеткізе білетін,мәдениетті  болуға   тиіс.

Ахмет Байтұрсынұлы:«Тілдің  міндеті-ақылдың  аңдауын  аңдағанша,қиялдың  меңзеуін меңзегенше,көңілдің  түйуін  түйгенінше  айтуға  жарау.Айта  білетін  адам  табылса,тіл  пайдалануға  әрқашан  жарайды.Тек  айта  білетін  адам  табылуы  қиын»,-деген.Сондықтан  қазіргі  таңда  жаңа  тұрпатты мұғалімнің  міндеті-баланың  өзім  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінген  бала  әрқашан өмірде   өз  жолын  таба  алатынына  кепілдік  бере  алады.Жаңа    білім  беру  жүйесінің  талаптарына  сәйкес   өз  тәжірбиемде оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуда   сын  тұрғысынан    ойлау  техналогиясын  қолданып  жүрмін.Сыни  ойлау-ашық  қоғам  негізі.Сыни  ойлау  деген-әр  жеке  тұлғаның  кез  келген жағдайдағы  мәселені  ойлап,зерттеп  қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.Сыни  тұрғыныдан  ойлау, өзіндік,жеке  ойлау  болып  табылады.Ол-өз  алдына  сұрақтар қойып  және  үнемі  оларға  жауап  іздеу,шешімін   табуды қажет  ететін  мәселені  анықтау,әр  мәселеге   байланысты  өз  пікірін  айту,оны  дәлелдей  алу,сонымен  қатар  басқалардың   пікірлерін   дәлірек  қарастыруды  және  дәлелдемелердің    қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.Нағыз  сабақ –ол  әрқашан    диалог, іздене,           дайындала,үйрене,шәкірттер  болашағын  ойлай   жасалған  еңбек  пен   тәжірибенің  бірлігі.Тәжірибеде  сын  тұрғысынан ойлауға  жетелеу  негізінен  үш  бөліктен  тұрады:

Біріншіден,   сын  тұрғысынан  ойлау   өзіндік  және  жеке  ойлау  болып  табылады.

Екіншіден,  сын  тұрғысынан  оқыту   жаттанды  қағидаларды  дәлелдеп  айта  беру   емес ,оқушы  оқып  оны   есте  сақтап  айту  қабілеті  жоқ  керісінше  терең  ойлау  арқылы  ескіге  жаңаша  көзқарас  қалыптастыру  мүмкін,тың  идеялар  ойлап  табуы  мүмкін.

Үшіншіден,  сын  тұрғысынан   ойлау  сұрақтар  қойып,шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтаудан  басталады.Жалпы  адамзат    баласы  тумысынан     білуге  құмар  болып  келеді.Өзінің  жеке  қызығушылықтарымен  қажеттіліктеріне  жауап  беруге  талпынады.

Бастауышта  сәтті   сабақ  белгіленген  мақсатқа  жетуге   ұстазбен  оқушының   өзара  ынтымақтастығы  негізінде   жүзеге  асатын  үрдіс.Оқыту үрдісінде  оқушылардың  өз  бетімен   білім  алуға  дағдыларын  қалыптастыруда  аталған  бағдарламаның  өзіндік  құрамы  бар.Олар  қызығушылықты  ояту,мағынаны  ашу,ой  толғаныс  кезеңдерінен  түзіледі.

Қызығушылықты  ояту.

Үйрену  процесі-бұрынғы   білетін  және  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.Үйренуші  жаңа  ,түсініктерді,өзінің   білім  жаңа  ақпаратпен  толықтыруды,кеңейте  түседі.Сондықтан  да,сабақ  қарастырғалы  тұрған  мәселе  жайлы   оқушы  не  біледі,не  айта  алатындығын   анықтаудан   басталады.Осы  арқылы  ойды  қозғату,ояту  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.Осы  кезеңге  қызмет ететін  «Топтау»,»Түртіп  алу»,»Ойлану»,»Жұпта  талқылау»,»Болжау»,»Әлемді  шарлау»т.б.  деген  аттары  бар  әдістер  жинақталған.Қызығушылықты  ояту  кезеңнің  екінші  мақсаты-үйренушінің  белсенділігін  арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан  гөрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет  екені  даусыз.Оқушы  өзі  білетінін  еске  түсіреді,қағазға  жазады,көршісімен  бөліседі,тобында  талқылайды.Яғни  айту,бөлісу,ортаға  салу  арқылы  оның  ойы  ашылады,тазарады.Осылайша  шыңдалған  ойлауға  бірте-бірте  қадам   жасала  бастайды.Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа  білім   жайлы  ақпарат  жинап,оны  байырғы  біліммен  ұштастырады.Ойлау мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны  ашу.Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпарат пен  танысады,тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,тапсырмалар  орындайды.Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс   жасауына  көмектесетін  оқыту  стратегиялары  бар.Оқушылар  арасында оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне  алмау,өмірмен

 

ұштастыра  алмау  жиі  кездеседі.Мағынаны  түсінуді  ұйымдастыру  кемшіліктерді  болдырмаудың  кепілі.

Үйретушілер   білетіндерін  анықтап,білмейтіндерін  белгілеп  сұрауға  әзірленеді.Бұл  әрекет арқылы  жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білім   арасында,байланыстар  құруға  дағдыландырады.Тақырып  туралы  ой-толғаныс-бағдарламаның  үшінші  кезеңі.Күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,өзіне  басқаға  сын  көзбен   қарап,баға  беруге  үйретеді.Оқушылар  өз  ойларын,өздері  байқаған  ақпараттарды   өз  сөздерімен    айта  алады.Бұл  сатыда  оқушылар  бір-бірімен  әсерлі  түрде  ой  алмастыру,ой  түйістіру   өз  үйрену  жолын,кестесін    жасау  мақсатында    басқалардың  әр түрлі   кестесін  біліп  үйрену.Бұл  үйрену    сатысы  ойды  қайта  түйіп,жаңа  өзгерістер  жасайтын  кезең  болып  табылады.Әр  түрлі  шығармашылықпен ой түйістіру    болашақта  қолданылатын  мақсатты   құрылымға  жетелейді.

Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған. ,»Венн  диаграммасы»,»Еркін  жазу» сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың   ерекшелігіне,ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала  қолданылады.

Оқушылардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы   шыңдалып,белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы, қажетке  жарауын  қалыптастырады.Көп  ақпаратты  талдай,жинақтай отырып,ішінен  қажеттісін  алуға  үйретеді.Сын   тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқушылардың  шығапмашылық  қабілетін  дамыту  барысында  келесі  міндеттерді  анықтадым.Мазмұнға  байланысты  міндеттер:1.Әңгімені  оқып  танысады.2.Мазмұнын  ашады.3.Кейіпкерлерді  салыстыра  отырып  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтарын  сипаттай  алады.Сын  тұрғысынан   ойлауды  дамытуға  байланысты.Оқушының  оқу мен   жазу  арқылы  сыни  тұрғысынан  ойлауын  дамыту,қиалын  шарықтату  және  сезімін  ояту.Топтық  жұмыс   үрдісіне  байланысты   міндеті.

1.Оқушылар  бір-бірімен  пікірлесе  отырып,ортақ  қорытынды  шығарады.

2.Тақырыптық  түсініксіз  жерлерін  айқындайды.

3.Топтастарының  сұрақтарына  жауап  береді.

4.Қорытынды   шығарады,өз  пікірін  дәлелдейді.

 

Тәрбиелік  мәні:Өзара  құрмет   сезімін  тудыру.Басқаның   пікірін  сыйлауға  сөзін  бөлмеуге  тәрбиеленеді.

Сыни  тұрғыдан  оқу  мен  жазу  бағдарламасы  құрылымы  бойынша  ұйымдастырылған  сабақтар  баланың  ізденімпаздық,зерттеушілік,дәлелдеушілік,шығармашылық  қабілеттерін дамытатынына көзімді  жеткіздім.

Сабақта  сын  тұрғысынан  оқыту  технолгиясының  стратегияларын  пайдалана  отырып,балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып,ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген  сенімін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып  отырдым.