Бастауышпен қоштасу кеші
1 – жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең, білім озар
Ақыры керек болар бір асқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауышым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 – жүргізуші:
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрсен – бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат – дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып қошеметтеп шақырайық
Бүгінгі түлектерді ортамызға!
3 – жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты
4 – жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар
Оқу оқы, адал еңбек етсін деп
Тілеген ғой Абай, Ыбырай бабалар
1 – жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен
2 – жүргізуші:
Сондай – ақ біздің ыстығымызға тоза білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Томирис:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді
Маусымжан:
Мектеп – үйім, ұстаздарым ата – анам
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған
Нұржан:
Мектебім алтын ұя өрісім
Мұғалім – білім көлісің
өзіңнен талмай үйреніп
келеміз өсіп ел үшін
Назерке:
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл әнім
Ән: «Мектебім»
3 — жүргізуші:
Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік.
4 – жүргізуші:
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1 – жүргізуші:
Сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2 – жүргізуші:
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Дана:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барған
Маусымжан:
Енді міне сағымдай боп өте шықты
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір – бір мықты
Жасмин:
Алғаш рет өзіңнен
Білім алар балалар
Оқу сынын өзіңнен
Білім алар балалар
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді
3 – жүргізуші:
Иә, осы мектебімізге арнап жыр – жырлап, би – билейміз деп отырған өнерлі өрендеріміз көп. Олай болса, кезекті биге берейік.
Би:
4 – жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі аналарымыз «ұстаздар» екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән – жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
1 – жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырламызды аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
Ақжан:
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Дулат:
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз
Бейнеңіз жүректерге сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үміт пен сеніміз ақталады
Нұржан:
Мұғалім ұстазысың балалардың
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңа
Бірі де жеткізе алмас бағалардың
Гүлшырын:
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті
Қоссаңдар бірді екіге үш болады
Деуші едің, біліммен күш толады
Алғыр болып, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап
Алина:
Бала десе ойламайды өз қанын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шын жүректен жатса, тұрса тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – талапты
А – ардақты
З – зиялы
Балғындарға баянды
Сырын төккен ұстазым
Шәкіртіне аяулы
Нұрын төккен ұстазым
Есейіп ертең кетсең де
Шәкіртпін ұстаз алдында
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым
Хор : «Ұстазым»
2 – жүргізуші:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата – анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы
Эльянора
Ыстық – ау кім – кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген
Мирлан:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ән:
Көрініс: «Пәндер айтысы»
3 – жүргізуші:
Әр пәннің өзіндік әр сыры бар
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
әр ұстаздың жадымызда үні бар
Әр пән мұғалімдеріне арнау
4 – жүргізуші:
Оқуды еткен жан басты ұғым
Іздеген бақытын табады
Өзіңе тапсырдым жас буын
Білімнің кілтін бұл бағалы
( Білім кілтін беру рәсімі )
1 – жүргізуші:
Арғымақтай қолына алып бас жібін
Кеудеге тақтың азаматтың ақ гүлін
Ұрпақтар үшін айнымас заңға айналған
Бастайық енді құжат беру дәстүрін – деп,
Бастауыш бітірушілерге дипломдарын табыстау үшін сөз кезегін мектеп директорына береміз.
Диплом табыстау
Хор: «Жас түлектер жыры»
2 – жүргізуші:
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
3 – жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың. Біз болашақта саналы да, ақылды болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарымызға береміз
Би:
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстазар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз
Ұсынғаны адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс , амандық
Бәрі:
Мың алғыс сіздерге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!