Шаршы салу және оның периметрін табу
Сабақтың тақырыбы: Шаршы салу және оның периметрін табу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Шаршы салуды, оның периметрін табуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ой, байқағыштық қабілетін , өз беттерінше жұмыс істеу, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, сызғыштар, слайдтар,төрт түліктің суреттері,плакаттар, текше,түрлі-түсті қағаздар.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, жеке, топтық,
өзіндік жұмыстар, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу, музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
- Армысың, Ару Күн!
Армысың, Жер — Ана!
Сүйетін шәкіртін
Ұстаздар аман ба?
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ашық сабақты хабарлау.
Жарыс кезеңдері:
- Бәйге (Үй тапсырмасын сұрау)
- Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін! ( Жаңа сабақ)
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.( Деңгейлік тапсырмалар)
- Әнді сүйсең , менше сүй.( Сергіту сәті)
- Қызықты математика. (Топтық жұмыстар)
- Ойлан, тап! ( Сабақты бекіту)
Ұпайлар шаршылармен есептеледі. Жасыл шаршы-5, сары шаршы-4, қызыл шаршы-3 ұпай. Қай топ жасыл шаршыларды көп жинаса жеңіске жетеді. Сыныпты 3 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.
1-топ басшысы-Жомартова Амангүл
2-топ басшысы-Берикбаева Айзат
3-топ басшысы-Сапар Абдолла
- Бәйге (Үй тапсырмасын сұрау)
Тест сұрақтары бойынша өткен сабақты пысықтау:
- Сөреде 20 кітап бар еді.Оқушы оның үшеуін алды.Сөреде неше кітап қалды?
А. 17 Ә. 16 Б. 15
- Теңдеуді тап:
А. 3+7=10 Ә. 5+х=15 Б. (20-10)+5=15
- 10 — а = 5 теңдеуінің мәнін тап:
А. 10 Ә. 7 Б. 5
- 15 бала алаңда ойнап жүр еді. Оларға тағы да 5 бала келіп қосылды. Алаңда барлығы неше бала болды?
А. 17 Ә.18 Б.20
- Периметрін табуға болады
А. Бұрыштың Ә. Сәуленің Б. Шаршының
Ой қозғау
-Шаршы деген не?
-Оның периметрін қалай табамыз?
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
- Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін! (Жаңа сабақ)
А) Күн жады мен тақырыпты жазу.
Ә) Көркем жазу: «Арифметикалық» диктант
100-20=? 44 + 6= ? 52 – 2=? 77 + 3=?
Шаршы — барлық қабырғалары тең геометриялық фигура.
Периметр — фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы. Оны латынның Р әрпімен белгілейміз.
№1 және № 2 тапсырмаларды орындау.Тақтаға оқушы орындайды, мұғалім интерактивті тақтада орындап шаршыны салу және периметрін табу туралы түсінік береді.
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл. (Деңгейлік тапсырмалар)
1-топ №3- есепті интерактивті тақтада орындайды.
Есепті 1 оқушы оқиды.
-Есеп не туралы? ( Сүт және кілегей туралы, төрт түлік мал туралы әңгімелеу)
Тақтаға орындайды:
1 л сүт — 33 тг
Кілегей -?, 47 тг қымбат
1л сүт және 1л кілегей -?
Шешуі: 33+47=80 33+80=113 Жауабы: 1л сүт және 1л кілегей -113 тг.
1л сүт-33 тг
Кілегей-?, 47 тг қымбат
Шешуі: 33+47 =80 Жауабы: Кілегей 80 тг
2-топ №4- есепті өз бетімен дәптерге орындайды, оқушылар оқиды.
39+а мұндағы а=61; 0; а-39 мұндағы а=100; 69.
39+61=100 100-39=61
39+0=39 39-39=0
3-топ №5 — есепті интерактивті тақтада оқушылар орындайды.
1м 0дм 0см 100 см
3дм 9см 39 см
________________ ________________
6дм 1см 61см = 6дм 9см
- Әнді сүйсең, менше сүй. (Сергіту сәті)
«Есеп сабағы» әнін айту,би қимылдарын жасау.
- Қызықты математика (Топтық жұмыс)
3 – топтың тапсырмасы «Қимақ» ойыны
Бұл ойынды жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Мынадай заттар: Қалам, өшіргіш, кәмпит, кітап, әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап қояды. Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, осы заттан «бар да, қалағаныңды қиып ал», — дейді. Ол адам қиған затын алады.
Осы «қимақ» ойынын біз былай ойнаймыз. Слайдта жіпке керілген заттарды таңдап, қиып аламыз. Әр заттың суретіне төмендегі есептер жасырылған. Есепті ауызша шығару керек, дұрыс шығарса ұпай алады.
- Ойлан тап! ( Сабақты бекіту)
1.Мәтіндегі сөйлемді толықтыр.
Барлық қабырғалары тең фигураны …………….. дейміз. Фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын ……………………. дейміз. Оны латынша …… әрпімен белгілейміз.
Шаршының қабырғасы 1 см болса, периметрі … см болады.
Шаршының қабырғасы 5 см болса, периметрі … см болады.
- Тік төртбұрыш пен шаршыны салыстыру.
Үйге тапсырма беру: 145 – беттегі № 6 — есепті шығарып келу
Қорытындылау. Жеңіске жеткен топты марапаттау, оқушыларды бағалау.