Қ.Жармағамбетов. Дуадақ

Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі:Басмағамбетова Гүлзада Құрманбайқызы.

Қазақ әдебиеті 3 класс.

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жармағамбетов. Дуадақ

Сабақтың мақсаты:

1.Қ.Жармағамбетовтың Дуадақ әңгімесінің мәнін түсінуге бағыттау, оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту.

2.Оқушылардың ой дамуын жетілдіру олардыңзейін тұрақтылығының қалыптастыруына ықпал ету.

3.Оқушылардың қайырымдылыққа өлі табиғатты, тірі табиғат иелеріне қамқор болуғашақыру, ата-ана, үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі аралас сабақ.

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта, үнтаспа.

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, кестелер, рейтингілік бағалау үлгісі, құстардың суреттері.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.

Арайлап алтын таң атты

Алтын сәуле таратты.

Күлімдеп күн келді

Жарқырап нұр берді.

Сабақтың кіріспе бөлімі:

І. Ауызша тест.

1.Балалар, қандай повеске кинофильм түсіріліп еді?

2.Ол повестің авторы кім?

3.Бердібек Соқпақбаев кім, балалар?

  1. Жеті қазынаны жаз?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Олай болса, балалар, сіздерге Бердібек Соқпақбаевтың жеті қазынаның бірі ақылды итке арналған әнгіме мазмұндауға берілді. Кәне, білімімізді ортаға салайық. 1.Мәтінді әр топ тізбектеп мазмұндайды.2. Сипаттама. Ақылды ит Майлыаяққа арналған сипаттама бір сөйлеммен хабарланады.3.Бекіту сұрақтары.

1.Қазір, қай мезгіл?

2.Бұдан соң қай мезгіл жалғасады?

3.Көктем келгенін қайдан білеміз?

ІІІ.Ендеше сол көктем келгенін бізге хабарлайтын тірі табиғат иелерінің біріне арнап жазған Қайнекей Жармағамбетов туралы үйге мәнжазба жазу тапсырылған болатын.

Біреуің, автордың туған елі, жері туралы айта қойындар.

Енді бірің мәнжазбадағы ең маңызды бөлігін атай ғой.

Өзіңе ұнаған жерін айта ғой.

ІV.Енді мына бір бейнелерге назар аударайық.

Бұл зиялы бейнелерде кімдер бейнелеген?

Бұл суреттерді неге ілдім? Неліктен ілдім?

Жаңа білім мазмұны
Зиялы адамдар өмір –тіршілігі

Біздің бүгінгі жаңа біліміміз шөл еркесі, ерекше құстардың бірі дудаққа арналып отыр. Осы ортада қандай ортақ мән-мағына ба? Ой түйіндеріңді сабақ соңында баяндайсыздар.

 

 

 

 

 

  1. Жаңа білім мәтіні іштей оқылады, ДЖИК – СО әдісі бойынша мазмұндалады, сұрақ қойылады, жауап қайтарылады, жоспар құрылыды.

Ұтымды жоспар тақтаға жазылады.

Жоспар:

1.Жол бойында.

  1. Айбарлы дуадақ.
  2. Қалбайдың әрекеті.
  3. Арпалыс.
  4. Интерактивтік тақтада кесте толтырылады.
   Жыл    құстары Қыстап   қалатын құстарКиелі      құстар  Қызыл кітапқа енген құстарКөктемде алғаш келетін құстарҰшпайтын құстар

VII. Эссе жазу.

Тақырыбы

 

 

Дуадақ
Киелі  құстар
Құс – қанатты дос
Құстардың пайдасы

 

 

 

 

ІІІ. Қортынды бөлім.

VIII. Ой қорытынды жасалады. Ортақ түйін талданады.

IХ. Шығармашылық жұмыс.

Тақырыптары:Мейірбан ана. Менің әжем. Киелі құс.Еркін тақырып.

Х. Өзін – өзі бағалау.

Қай баланың бесі көп

Сол баланың есі көп.

Кімдер алса төртті көп

Санайық класс көркі деп.

Балалар, дуадақтардың тұқымы қайта көбеюіне ат салысайық.

Оқушылар бағаларын құс ұясына жұмыртқалар салу арқылы бағаларын көрсетеді.