Балықтар ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Балықтар

Сабақтың мақсаты: а) білімділік Оқушыларға балық туралы толық түсінік беру, балықтардың пайдасы туралы айту, балықты бейнелеуге деген қызығушылығын ояту.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды сурет салу арқылы байқампаздыққа, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, тапқырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Баланың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: балық түрлерінің суреті, теледидар, диск, аквариум, балықтары бар шам, балықтан жасалған тағамдар, дәрумендер, уылдырық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

А) Психологиялық жаттығу

Сәлем деймін күнге мен,

Сәлем деймін мен саған,

Сәлем дейміз апайға,

Қонақтарға құстарға.

Еркем, еркем еркем- ай,

Еркелеткен еркем- ай

Жақсы көрем өмірді,

Жақсы көрем мен сені.

  • Бәрекелді.
  • Енді бәріміз орнымызға отырайық.
  • Қазір қай сабақ?
  • Сурет сабағы.
  • Оқу құралдарың дайын ба?
  • Мен сіздерге жұмбақ жасырамын, кім тез табады екен?

Аузы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

  • Балық
  • Өте дұрыс.
  • Ендеше біз бүгінгі сурет сабағында осы балық суретін саламыз.
  • Балалар, кім айтады, балықтар қайда өмір сүреді?
  • Суда, көлде, өзенде, теңізде.
  • Өте дұрыс.
  • Қандай балық түрлерін білесіңдер? (сазан, шортан, ит балық тсс)
  • Жарайсыңдар, өте дұрыс.
  • Ендеше бәріміз тақтаға қарайық

ЖАҢА САБАҚ

  • Балалар, тақтаға қарасақ балықтардың көптеген түрлері бар екенін байқаймыз. Өздерің айтқандай балық түрлері: сазан, бекіре, алабұға, май шабақ, жалпақ балық, тұқы, көксерке, жайын, шортан, табан балық және т.б.
  • Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте- бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық- кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал, ең кішкентай балық- итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де әр түрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақ балық, табан балық, жылан балық.

          Балықтардың көбеюі: Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Осы уылдырықты біз біз «патшалар тағамы» дейміз. Мынау міне осы балықтардың уылдырықтары.

  • Қазір балалар, балықтардың түрлерін және уылдырықты қай жерге шашатындары туралы мына мультфильмнен қарап көрейік.

Балықтардың пайдасы: Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

ІІІ Сергіту сәті:

  • Балалар, ал қане бәріміз партадан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
  • Бойымызды сергітіп алсақ енді осы балықтың суретін салайық.

Ащы көлде жоқ балық,

Тұщы көлде жоқ балық

Ал, балалар салайық

Сол балыққа тоқталып.

Жұмыс барысы:

  • Балалар, енді қолымызға қарындашымызды алып, әдемі балықтың суретін салайық
  • Жұмысты бастамас бұрын үш түрлі сия дайындап аламыз.
  • Бірінші түспен жай ғана сопақша саламыз, екінші түспен құлағын, кеудесін саламыз.
  • Жіңішке қылқаламмен бір қабат жиегін түгел жүргізіп шығамыз.
  • Араласпаған сиямен көзін, аузын, құйрығын саламыз.
  • Балалар өз ойлары бойынша балықтың суретін салып, түрлі- түсті бояумен бояп аяқтаймыз.

Қол маторикасына арналған жаттығу.

  • Міне, балалар, сіздер бүгінгі сабағымыздағы балықтың суретін де әдемі салдыңдар.
  • Осыған дейінгі сурет сабағында тағы нелердің суретін салып едік.
  • Мысық, қоян, кірпі, қасқыр, үй жануарларының ішіндегі ешкінің суретін салдық.
  • Бәрекелді, балалар.
  • Енді, осы өткен сабақтарымызда салған суреттерімізді қолдарымыз арқылы көрсетейікші.
  • Дұрыс, өте жақсы жасадыңдар.

Ү. Қорытынды: