Балғын ару
Пәні: Сынып сағаты
Сынып жетекшісі: Толеуова М.М.
Тақырыбы: « Балғын ару »
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Мақсаты: 1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе.
— Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Балғын ару » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
— Бұл сайыстың мақсаты қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау
1- жүргізуші: «Асыл тастан, өнер жастан
шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Сынып сұлтандарының атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтауды.
— Назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.
2- жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген – ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8- наурыз күні құтты болсын, —
Аналар мен арулар мерекесі! – деп ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.
- Ұлжан сен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық, айдайсың
Ата – ана үмітін ақтайсың.
- Гүлсаядай қыз табылмас,
Өзі әдемі, сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Сегіз қырлы бір сырлы.
- Сыныптасым Аяжан
Сабақты жақсы оқиды.
Ылғи бестік алады,
Әдепті қыз болады.
- Айтайын мен сіздерге, әдемі наз –
Оқиды менімен көктем мен жаз!
Ай менен Күн секілді егіз қыздар
Мереке құтты болсын Айназ, Елназ!
- Сымбаттысын Аяулым,
Талаптанып оқисын.
Мақсат қойсаң алдыңа
Жетерсің талай мұратқа.
- Томирис біздің өнерлі,
Шашы ұзын, келбетті.
Нәзік, тәтті сөзімен
Баурап алар бар жұртты.
- Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Махаббат көзге түседі.
- Алма жүзді Дильназ
Күлімдеген жүзің мәз.
Саған сірә тең келер,
Жер жапанда қыз аз.
- Аяулым, аяулысың, ардақтысың
Жүресін әрдайым сен салмақтысың.
Тілеймін саған тек жақсылық
Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.
- Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Нұржамал ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
- Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Біздің әсем Айтолқын!
- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару » байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу – маржан шашылсын!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен -8- наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
- жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
«Балғын ару» сайысын
Рұқсат болса бастайық.
Мұғалім: Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылар: Майра Берикболовна, т.б.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
1жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
- Негізгі бөлім.
Мұғалім: Бүгінгі сайыста қыздар 3- топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді.
( слайд)
2- жүргізуші: Көркіне сай ақылы бар,
Ақжүністей арулар
Ақылың көрсек несі бар?
« Ақжүніс» тобын қарсы ал!
1- жүргізуші: Ақ маңдайы айдай боп,
Шытырма көйлек үстінде.
Сұлу Жібектей бұралып,
Қыздар тұрса несі айып?
« Қыз Жібек » тобын қарсы алыңдар!
2-жүргізуші: Ақылды да, әдемі де ару жан!
Бар қасиет бір бойынан табылған.
Әсем әнмен, шешен сөзбен, биімен
Таңғалдырған талай жұртты әсем Баян!
« Баян Сұлу » тобын қарсы алайық.
Мұғалім: « Балғын ару » сайысы 5- бөлімнен тұрады.
- Бөлім: « Таныстыру»
- Бөлім: « Таңғалмаңыз»
- Бөлім: « Ұзын шаштың формуласы»
- Бөлім: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
- Бөлім: « Білім — ақылдың көркі»
1- жүргізуші: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халықтың сақтай білген ізгі салтын.
Мұғалім: Сайысымыздың 1- кезеңі б/ша ендігі сөзді топ жетекшілеріне береміз.
Бұл сынақта топ жетекшілерінің инабаттылығы, сәлем беру рәсімі, тіл шеберлігін көріп тамашалаймыз.
1 Сайыс: « Таныстыру»
Топ жетекшілерін ортаға шақырайық.
« Ақжүніс» тобы
Үлгі алып өткен күннен
Жүріп келе жатырмыз сара жолмен
« Болмасақ та ұқсап бақ » деген сөз бар,
Өнеге аламыз Ақжүністен.
Солардай болу – біздің арманымыз,
Әрқашан да керек –ақ қой ибалы қыз.
Ақылшы бола білейік өмірде
Сол себепті « Ақжүніс» топ аталамыз.
« Қыз Жібек » тобы
Қыр гүліндей нәзік және шырайлы
Күн көзіндей әсем неткен ажарлы.
Ару қыздар – қазағымның мақтанышы,
Соның бірі айтар едік Жібек қызды.
Әсем сұлу көркімен даңқы жетті,
Сол себепті « Қыз Жібек » біздің топтың аты.
« Баян сұлу» тобы
Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,
Қыздар ғой көрік берген кең далаға.
Қыздар – гүл, қыздар нәзік бұл әлемде.
Қыздар ол – болашақта асыл ана.
Сұлу қыздар қалған талай тарихтан,
Баянсұлу еді соның бірі қазақта.
Біздерге өнегелі із қалдырған,
« Баян сұлу» атадық сол себепті топтың атын.
— Қыздарымызға рахмет. Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
2 Сайыс: « Таңғалмаңыз!»
2-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі – өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
1-жүргізуші: « Таңғалмаңыз!» сайысы.
Қыздарымыз жоқтан барды жасаса, таңғалмаңыз!
Бардан жоқты жасаса, тағы да таңғалмаңыз!
Мұғалім: бұл сайыстың тапсырмасы: дайын тағамның құрамынан берілген үлгі б/ша тағам түрін жасау.
— Жұмысымызды бастайық. Іске сәт!
— Қыздарымыздың тағамдары дайын болғанға дейін, сыныбымыздың « сегіз қырлы, бір сырлы » ұлдарының бірі Нұртілекті, Сыйланды, Арманды қарсы алайық. Әр топтан 1-1 қыздан шықсың. Тапсырмасы: бұрым өру. Аяқтағаннан кейін әділқазылар алқасына барып көрсетеді. Ұпай саны қыздың тобына беріледі. ( қазақша өлең)
— Қыздардың жасаған тағамдарын тамашалайық.
— Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
3 Сайыс: « Ұзын шаштың формуласы»
2-жүргізуші: Сұлу қызға жарасқан,
Өрілген қос бұрымы.
Ұзын бұрым кескенің
Қазақтың жаман ырымы.
- жүргізуші: Бұрымды қыз сайысы
Тәрбиелі, мәнді де
Шашты күтіп өсіру
Қыз баланың сәні де.
Мұғалім: Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, сусабындарына жарнама жасайды.
« Ақжүніс» тобының жарнамасын тамашалайық.
Бұрымды қыз – сұлу қыз,
Әлбетте сіз сұлусыз.
Әрленсін десең шашыңыз,
« Тимотей» жуыңыз.
Өте жақсы шашыңызды күте білген,
Әр талын таза ұстаңыз лас, кірден.
Қиялдағы арудай күйге енесіз,
Әрдайым « Тимотей» бірге жүрсеңіз.
« Қыз Жібек » тобының жарнамасын тамашалайық.
Қайратты да, сұлу шаш
Арманыңда жүре ма?
Арманыңа жеткізер
Сусабыны « Нивея»
Тыңдаңыздар, босқа қарап тұрмаңыздар!
«Нивея» сусабының акцияменен сатып алыңыздар!
« Баян сұлу» тобының жарнамасы.
Бағасы сапасы сай,
« Сиос» сусабыны заманға сай.
« Сиос» — ертегіде жүргендей,
« Сиос» — күй кешесін сұлулықты көргендей.
Қою шашын толқып тұрса әрқашан
Таңдағаның дұрыс болар еш өкінбей.
— Сайыс нәтижелерін тыңдайық.
4 Сайыс: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
2- жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,
Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.
Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.
1- жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
« Шеше көрген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, – дей отыра
қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық.
Мұғалім: Бұл сайыстың тапсырмасы А3 форматы, дайын ою — өрнектер беріледі содан түскиіз құрау қажет.
— Сайыс нәтижелерін тыңдайық.
5 Сайыс: « Білім — ақылдың көркі»
Қыз баланың көркіне ақылы да сай болуы керек. Онда бүлдіршін қыздарымыздың білімін тексерейік.
Ана тілі
- « Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
- Атақты билерді ата.
- А. Құнанбаевтың табиғатқа арналған өлеңдерін ата.
Қазақ тілі
- Сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін анықта:
Мектеп, ұзын, жетпіс, жазды, әңгіме.
- Сөйлемде жалқы есімді тап:
Сырдария мен Әмудария — Арал теңізіне құяды.
- Сын есімді тап:
Қауырсыны құндыздай,
Қос жанары жұлдыздай.
Математика
- Сынып оқушыларына 21 оқулық және 42 дәптер таратылып берілді. Дәптерге қарағанда неше оқулық кем берілген?
- 1 метр неше сантиметр?
- 1 кг тұз ауыр ма, 1 мақта ауыр ма?
Еркін тақырып
- Бір әуенге билеу. ( 1 әуенге билеу)
- Қай қала? ( суретін көрсету)
- Кімнің суреті бейнеленген?
Осымен бұл сайысымыз аяқталды. Қыздарымызға көп рахмет.
— Кеш қорытындысын әділқазылар шығарады. Оғанға дейін «Қара жорға » биін тамашалайық. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай атақ беріледі, жеңімпаз « Балғын арулар » лентасы мен марапатталады.
Марапаттау.
1- жүргізуші: Бақытың бастан кетпесің,
Жамандық қуып жетпесін.
Әсем күлкі жүзіңнен
Өмір бойы кетпесін.
- жүргізуші: Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше.