«Армян асханасы – Айлазан тағамының дайындалу әдісі» «Тағам дайындау технологиясы» пәнінен ашық сабақ
Атырау облысы, Жылыой ауданы
Құлсары қаласы, Жылыой мұнай және газ
технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Исмагулова Анаргүл Сағынғалиқызы
«Армян асханасы – Айлазан тағамының дайындалу әдісі»
«Тағам дайындау технологиясы» пәнінен ашық сабақ
ІІ санатты өндірістік оқу шебері: Исмагулова А.С.
Құлсары – 2014ж.
Ашық сабақ жоспары.
Пәні: « Тағам дайындау технологиясы»
Тобы: 13
Курсы: ІІІ
Тақырыбы: Армян асханасы
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға Армян халқының салт – дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен олардың ерекшеліктерін, дайындалу әдістерінің принциптерін таныстыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларға тағам дайындау кезінде қатаң түрде қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
В) Дамытушылық: Оқушылардың мамандыққа деген ой — өрісін дамыту.
Сабақ әдісі: аралас сабақ (модульдік ойын элементтері, карточкалы тапсырмалар, деңгейлік тапсырма, сөзжұмбақ, өзін — өзі бағалау, калькуляциялық карта, тест сұрақтары, видеосюжет)
Пәнаралық байланыс:
- Азық – түлік тағамдарының тауартануы
- Калькуляция және есеп
- Тамақтандыру кәсіпорнын жабдықтау
- Санитария және гигиена
- Тамақтандыру кәсіпорнын ұйымдастыру
- Өндірістік оқу сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, ғаламтор, карточкалар, кроссвордтар, видеосюжеттер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
- Үйге тапсырма тексеру «Белорусс халқының ұлттық тағамдары – Драники, Кановики»: 10 мин
А) «Сиқырлы сандықша»
Б) «Ой шабуылы» оқушыларға парақтар таратылып, сұрақ тез оқылып, оқушылар иә, жок деп тез жауап жазады.
- Жаңа сабаққа дайындық: 3 мин (жаңа тақырып туралы оқушылар ойын білу)
- Жаңа сабақ түсіндіру: — 13 мин
А) Лекция
Б) Дайындалу әдісін суретпен көрсету
- Бекіту: 4 мин
А) Технологиялық сызба
- Жеке оқушымен жұмыс: 5 мин
А) Тест сұрақтары.
- Пысықтау: 3 мин
А) Фильворд
- Үйге тапсырма: 2 мин
- Қорытындылау: 2 мин
А) Не білдім? Нені білгім келеді? (оқушыларға парақтар таратылады)
- Бағалау: 1 мин
- Үйге тапсырманы тексеру:
І. «Сиқырлы сандықша» — оқушыларға сандықша ішіне қайталау тақырыптың сұрақтары жазылып, ұсынылады. 4-5 оқушы суырып, тез жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
- Белорусс ұлттық тағамдарының негізгі қолданылатыны қандай көкөніс? (КАРТОП)
- Драник – тағамын қандай тағамға ұқсас? (ҚҰЙМАҚ)
- Кановик – тағамын әзірлеу үшін картопты алдын ала қандай күйде қайнатады? (ҚАБЫҒЫ АРШЫЛМАҒАН КҮЙДЕ)
- Драник – тағамының құрамына қандай өнімдер кіреді? (КАРТОП, ҰН, ТҰЗ, АСТЫҚ СОДА)
- Кановик – тағамын немен ұсынады? (САРЫ МАЙМЕН)
ІІ. «Ой шабуылы»
Оқушы аты – жөні: ___________________________________________
р/с | Сұрақтар | «Иә» | «Жоқ» |
1. | Картоп борщтын негізгі бөлігі болып есептеле ма? | Иә | |
2. | Драник тағамын әзірлеген кезде картопты үккіштен қайнатылған күйінде өткіземе? | Жоқ | |
3. | Кановик тағамын формаға келуі үшін жұмыртқаның пайдасы барма? | Иә | |
4. | Драник тағамын қаймақпен ұсынуға болама? | Иә | |
5. | Кановик тағамына қоспа ретінде пияз қолдануға болама? | Жоқ | |
6. | Кановикті салқын күйде ұсынама? | Жоқ |
- Жаңа сабаққа дайындық.
- Жаңа сабақ түсіндіру:
І. Лекция
ІІ. Дайындалу әдісі.
- Бекіту:
Технологиялық сызбасы:
- Жеке оқушымен жұмыс – 7 мин
А) Тест
Оқушының аты – жөні ________________________________________
- Армян халқының кондитерлік өнімі:
А. Хашлама
Б. Люля — кебаб
В. Аганц
- Аганц тағамын дайындау кезінде бидайды жуып, кептіріп, калай қуырады?
А. Майды қуыру процессі аяқталған кезде себеді
Б. Майсыз қуырады
В. Көп мөлшердегі майда қуырады
- Армян халқының тұшпарасы қалай аталады?
А. Шаахар — Локум
Б. Борактар
В. Жазғы толма
- Борактар тағамын қандай формаға келтиреди?
А. Цилиндр
Б. Дөңгелек
В. Тіктөртбұрышты
- Мацун – дегеніміз не?
А. Тұздық
Б. Қышқыл сүт
В. Сорпа
- Қамырға 50гр мөлшеріндегі коньяк немесе арақ қосып дайындалатын армян кондитерлік тағамы.
А. Люля – кебаб
Б. Жазғы толма
В.Шаахар – Локум
- Ереван бозбашы тағамындағы етті қанша граммнан турайды?
А. 20-30гр
Б. 40-50гр
В. 60-70гр
- Люля – кебабты қандай жабдықта қуырады?
А. Гриль аппаратында
Б. Қуыру пешінде
В. Қысқы толқынды пеште
- Хашлама тағамын әзірлегенде өнімдердің текшесінің арасына қандай дәмдеуіш қосады?
А. Тұз бұрыш
Б. Тұз, бұрыш, аскөк
В. Тұз, бұрыш, қызыл бұрыш
- Хашлама тағамын әзірлеу кезінде қандай ыстық өңдеуді пайдаланады?
А. Бөктіру
Б. Қуыру
В. Бұқтыру
- Пысықтау
А) Фильворд
Е | Р | Е | В | І | Ұ | Һ | Ә | Б | О | Д | Ү |
У | П | О | А | К | Б | О | Р | А | Қ | Т | А |
Н | Э | Ф | Н | Ы | Ө | К | А | Д | Т | З | Р |
А | А | Ю | В | Х | Я | Ш | І | ||||
Д | Й | Ъ | Р | Ъ | П | Ц | Ә | ||||
Р | Л | З | Т | Х | А | Ш | Ң | ||||
М | А | Х | Ь | Ф | Р | Л | О | ||||
Щ | З | Ж | М | А | Л | А | Ь | ||||
Ж | А | Й | Б | Щ | Л | Г | Д | О | Ц | М | Б |
Я | Н | У | Ш | Л | Ю | С | У | У | К | А | В |
Ц | Ш | К | Ц | У | Л | Ы | А | М | Е | П | Ж |
А | Г | А | Н | Е | Я | К | Е | Б | А | Б | Ү |
- Қорытындылау
Не білдім? Нені білгім келеді?
- Үйге тапсырма
- Бағалау