«НАТЮРМОРТ» тақырыбында бейнелеу өнері пәнінен 5 сыныпта ұйымдастырылған ашық сабақтың жоспары
САБАҚ ЖОСПАРЫ Бейнелеу өнері-5………
САБАҚ: Натюрморт | МЕКТЕП: «Үлкенбөкен мектеп балабақша» кешені КММ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Оқушыларда түстану ерекшеліктері қалыптасады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: теориялық білімдерін тапсырма орындауда қолданады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Өздігінше жұмыс істеуге дағдыланды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: | Ілгергі топ: Түрлі натюрморттар құрастырады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатардағы топ: шаблондарды пайдаланады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер: көкөніс түрлері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған тақырыптар: 1. Мәтінде не туралы айтылған? 2. Қандай көкөністер бейнеленген? 3. Түстерді қалай пайдаланамыз? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: · Бір тектес натюрморт құрастыру · Аралас натюрморт құрастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу (қол жаттықтыру) | Гүл салу Критерийлері: · 3 күлте-1ұ · 5 күлте-2ұ · Жүрекше-3ұ · Түймесі-1ұ · 1 жапырақ-1ұ · 2жапырақ-2ұ · Сабағы-1ұ · Түрлі түсті-2ұ · Қосымша-2ұ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтағы көрнекілік материалдар | Тарату парақшалары, тірек сызбалар, мәтін, түсті қағаз,АКТ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жалпы құрылымдық методикасы | Сурет салуды үш деңгейлік оқыту теориясы бойынша орындау І.Репродуктивтік деңгей. ІІ.Эвристикалық деңгей: ІІІ.Шығармашылық деңгей. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ж о с п а р | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Оқыту мазмұны, іс-әрекеттер | Оқытудың әдіс тәсілдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру бөлімі | Көкөністерді атау | Топқа бөлу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті: әуенді бейнеүзік | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпқа сәйкес ой қозғау | Тірек мәтінді оқу | Топпен ақылдасу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І.Репродуктивтік деңгей.
| Ең алдымен қажетті түсті қағаздан көкөніс пішінін өлшеп, қиып дайындап аламыз. Қажетті өлшемдермен қиып, бейне шығарамыз. | Көрнекіліктерге сүйене отырып, тапсырманы орындау (түсті қағаз пайдалану) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ.Эвристикалық деңгей:
| Қағаз бетіне қиялдау арқылы композициялап құрастыру. Заттарды орналастыру, салыстыра отырып пішіндерді қағаз көлеміне есептеп орналастырып натюрморт шығарамыз. | Топта талдау, пікір алмасу, натюрмортты бірнеше тәсілмен орналастыру (түсті қағаз пайдалану) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ.Шығармашылық деңгей. | Өрнектің, көкөністердің көңілкүйлік реңін табу, штрихтау арқылы барлық композициясының шешмін табу. | Мәтін бойынша орындалу тәсілдерін талдайды: (түсті қағаз пайдалану) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмсы түсті қарындашпен біртектес натюрморт жұмысын ұйымдастыру Бағалау………………………. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпқа сәйкес ой қозғау Көкөністер туралы ертегі Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті. Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын. Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын. Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді. Аңқау қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті.» — деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы. Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді. Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын. Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті.
«НАТЮРМОРТ» тақырыбында бейнелеу өнері пәнінен 5 сыныпта ұйымдастырылған ашық сабақтың жоспары
Бағалау парақшасы Топ басшы……….
3 тапсырмаға – «5», 2 тапсырмаға- «4», 1 тапсырмаға – «3», мүлдем қатыспаған оқушыға – «2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||