«Тілге құрмет-елге құрмет» тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:   Тілге құрмет- елге құрмет

Сабақтың мақсаты:

                                 А) білімділік:    Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат    беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру;

                Ә) дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс , анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.

Б) тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Тақырыптық кеш сабағы.

Сабақтың  өту әдісі:    Сұрақ- жауап, тақырыпқа арналған кеспе қағаздармен              жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, «шешендіктануға» байланысты кітап көрмесі.

                         Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2.Еліміздің әнұраны

3.Мектеп оқушыларының анты

4.Саяси  хабарлама

5.Қорытынды

 

Мұғалім:

Оқушылар , біз білеміз ана тілі десек, барлық өткен кеткеніміз есімізге түсіп, сөнгеніміз қайта  жана түспек. Ана тілі десек, халқымыздың қазіргісі мен болашағы көз алдымызға келмек. Яғни, ана тіліміз арқылы халық тағдыры,                                                     ұлт болашағы өлшенбек. Тіліміз арқылы ұлттық мүддеміз бен мүмкіншілігіміз айқындалмақ. Демек, тіл тағдыры- ел тағдыры. Тілдің дамуы- елдің дамуы. Сонымен қатар,тілге құрмет-елге құрмет болып табылмақ!

Туған елімізді, туған жерімізді, Отанымызды, отбасымызды ана тілі арқылы қабылдасақ бізден асқан бақытты ұрпақ жоқ шығар сірә. Тілдің сойылын соғып, тіл үшін отқа түсіп жатқан аға- апаларымыз қаншама. Міне біз солардың ерен еңбектеріне аз ғана үлесімізді қоспақпыз. Сіздер жас ұрпақ ретінде ана тіліміздің одан әрі көркейтіп, дамуына ат салысуларың керек. Ендеше, тілім деп , елім деп соққан жүрегі бар алаштың айбынды ұл-қыздарын  22- қыркүйек тіл мерекесімен құттықтаймын!

1995 жылы 30 – тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі ҚР Мемлекетттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы» Заң  қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының тілі- қазақ тілі» екені жазылды. (Дәптерімізге  жазып  аламыз!

Үйге берген жаттау өлеңдерімізді айтамыз:

  1. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.

Әбу Сарсенбаев

Әділжан

 

  1. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске.

Айта бергім келеді, айта бергім.

Жұбан Молдағалиев

Тілек

  1. Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Дихан Әбілов

Сержан

 

  1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әбділдә Тәжібаев

Аманат

 

  1. Ана – тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай  сыйлап бағып-қағып.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

« Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.

Мұсафар Әлімбаев

Дәурен

 

  1. Сүйемін туған тілім – анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ерлан

 

Мұғалім:

Ал, балалар, енді бәріміз түгелдей назар аударып мына мақал- мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

Тіл- адам ойының…. (айнасы)

Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі)

Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)

Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)

Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)

Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)

Жақсы сөз-… (ырыс)

Сөз тапқанға… (қолқа жоқ)

Ел тірегі-…. (тіл)

Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ)

 

Мұғалім:

Ендеше,  кім бізге өзінің жадында жүрген асыл сөздерді айтып береді?Мақалдан соң кезекті ақындардың асыл жырларына берсек. Тіл туралы тебіренбеген жан кемде –кем. Қане, кім бізге тіл туралы жыр оқып береді?

 

Мұғалім:  Ендеше оқушылар, мына сөз тіркестерінің мағынасын тауып көрелік!

Көздің жауын алады — әдемі, керемет;

Тілі мірдің оғындай — өткір, шешен

Тонның ішкі бауындай – Бірлік;

Айдай аузы, күндей көзі бар- әдемі, керемет;

Айрандай ұйып отыру- Бірлік;

Дәм-тұздас болу-дос

Аспан айналып жерге түскендей-ыстық

Көз байланды -қараңғылық

Ит өлген жер-алыс

Қас пен көздің арасында –жылдам

Мұғалім:     Мінекей оқушылар білімімізді сынап  көрдік. Бұл тіліміздегі  тіркестердің аз ғана бөлігі. Барлық  сөз түбіне үңілер болсақ біз көп нәрсені оқып үйренуіміз  керек. Сонда ғана біз өз ана тілмізге тереңнен үңіле аламыз.Ендігі кезекті ой-толғауға беріп көрсек. «Жасай бер, ана тілім-  қазақ тілі!» атты оқушылардың ой- толғауын тыңдап көрсек?

Мұғалім:    Ал келесі оқушылар,үйден дайындап келген тіл туралы асыл сөз,мақал-мәтелдерін оқып, бір мақалды талдап береді? Кезек сіздерде…

Мұғалім:    Жарайсыңдар балалар!  Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана емес, мемлекеттік тіл. Міне, осыны бір сәтке де естен шығармауымыз керек!

Біздер «Жылы лебіз» стратегиясы бойынша өз ана тілімізде бір- бірімізге тілек айтып көрелік: (парталас көршісіне арнап тілек айтады)

Мұғалім:  

Ана  тілім-  бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің- анаң сыйлап өтіңдер.

Қорытынды

Мұғалім:  (Оқушылармен  бірге)

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

Мұғалім:  Ата- бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық.Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ!