Ә.Сәрсенбаев «Халық кегінің күйшісі»
Сабақтың тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев «Халық кегінің күйшісі».
Сабақтың мақсаты:
- Халық кегінің күйшісі Құрманғазының күйлерімен,өмірімен таныстыру.
- Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
- Оқушыларды елін сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құрманғазының, Динаның портреттері, Ә.Сәрсенбаевтың портреті, ұлттық аспаптар суреті, домбыра, бор, тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, ЖДИКСО-ІІ стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих, Музыка
І.Қызығушылығын ояту.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасына берілген «Интернат қоймасы» әңгімесін сұрақтар арқылы пысықтау.
- Мазмұнын сұрау.
- Әңгіменің авторы кім?
- Әңгіме неге интернат қоймасы деп аталады?
ІІ.Мағынаны тани білу.
Жаңа сабақ.
(Сарыарқа күйі орындалып тұрады)
а) Орындалған кімнің күйі?
ә)Күй қалай аталады?
б)Қандай күйлерді білесіңдер?
в) Күйші дегеніміз кім?
-Құрманғазының суретін таратамын.Әр топ өздері толтырады.
1 топ 2 топ 3 топ
Құрманғазы Құрманғазы Құрманғазы
Топтастыру:
«Сарыарқа», «Адай»күйлері
1818 ж туған 1889 ж қайтыс болған
Күйші
Күй атасы
Өнер иесі
«Балбырауын» күйі
- Ал, енді балалар! Мына жасаған қорытындымыз неге ұқсайды? (Күнге)
- Неге біз күнге ұқсатамыз?
- Ол көбінесе қай салада еңбек сіңірді? (музыка)
- Ендеше оқушылар, бүгінгі сендердің өтетін тақырыптарың «Халық кегінің күйшісі» деп аталады.
(Баяу үнмен күй орындалып тұрады)
а) Әңгіменің авторымен таныстыру
ә)Әңгіменің 1-ші бөлімін мұғалімнің оқуы.
б) Қиын сөздермен жұмыс.
Топпен жұмыс.
І топ
Сарапшы парағы №1
- Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?
- Бала нені көрді?
ІІ топ
Сарапшы парағы №2
- Қойшы бала кім екен?
- Кенет дөң астында не естілді?
ІІІ топ
Сарапшы парағы №3
- Бала томар ағаштан не жасамақшы болды деп ойлайсыңдар?
- Құрманғазы туралы не білдіңдер?
в) Екінші бөлімді тізбектете оқыту.
е) Сұрақтар қою
— Келген адам кім екен?
— Махамбет Құрманғазыны неге алып кетпеді?
ж) Әңгімені рольге бөліп оқытқызу.
Қорытынды:
(Тақтаға домбыраны ілемін, пернелерде сұрақтар болады)
- Біз бүгін кім туралы әңгіме өтті?
- Әңгіме неге халық кегінің күйшісі деп аталады?
- Құрманғазының күйлерді қандай аспап арқылы жеткізген?
- Өлең оқылады.
Үйрендім
Мен
Домбырамның
Құлағын
Келтіріп
До, ре, ми, фа, соль, ля, си
Атам айтты:
Талабың бар шырағым
Әлі үйреніп кетесің-деп
Шай үстінде желпініп
Құрманғазы, Динаның,
Күй табағын жинадым.
Өсе берсін талабым
Ертең елім сүйсінер
Домбырашы боламын.
Үйге тапсырма:
а)Әңгіменің мазмұнын айту.
б)Махамбетпен қойшы баланың кездескен жерін суретке салу.
Бағалау.
Күй ойналады.