Әлемнің ақпараттық бейнесі
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы
Ильич атындағы орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімі Ержанова Махаббат Ажахметовна
Сабақтың тақырыбы: §1.1.Әлемнің ақпараттық бейнесі
Мақсаты: Оқушылар ірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерін түсінеді, мысалдар келтіреді.
Міндеттері:
- Әлемнің ақпараттық бейнесі ұғымын түсінеді;
- Бірлескен оқуда берілген тапсырмаларды орындайды;
- Оқушылардың ақпараттық сауаттылығы, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесу, іздену
Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ой қозғау сұрақ-жауап), Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Жылдам оқу» Диалогтік оқыту. Топтық жұмыс формасы.
АКТ, Оқыту үшін бағалау/оқуды бағалау: (формативті, өзара, өзін-өзі бағалау)
ПДҚ: презентация, 7-сынып электронды оқулығы, суреттер
Дерек көздері: «Информатика негіздері» журналы, эл.оқулық, суреттер.
С а б а қ ж о с п а р ы | |
Ұйымдастыру кезең 2 мин | 2 топқа бөлу (жұлдызшалар) |
Үй тапсырмасын сұрау 10 мин | ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі және жұмыс орнын ұйымдастыру |
БІЛУ 2 мин | Миға шабуыл: слайдтағы суретпен жұмыс, пікірлесу |
ТҮСІНУ 13 мин
| «Жылдам оқу» оқыта үйрету әдісіЖаңа білімді меңгеру үшін қосымша әдебиетпен жұмыс (презентация қарау, эл.оқулықпен жұмыс) |
ҚОЛДАНУ 13 мин
| Дәптермен жұмыс. Қосымша мәлімет. Сөздікпен жұмыс.Топтық жұмыс (сызба, мәтін т.б.), топтық жұмысты қорғау |
ТАЛДАУ 2 мин | Тапсырма 1.Мен үшін «Әлемнің ақпараттық бейнесі» деген ұғым бұл – Жауаптар(+; — ) |
ЖИНАҚТАУ 2 мин | Сұрақ-жауап |
БАҒАЛАУ 1мин | Топтық жұмысты өзара бағалау,Бағалау парағы (өзін-өзі бағалау) |
КЕРІ БАЙЛАНЫС Үй тапсырмасы: | §1.1.Әлемнің ақпараттық бейнесі |
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең 2 мин: 2 топқа бөлу (жұлдызшалар)
Үй тапсырмасын сұрау 10мин: ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
- Топтар үй тапсырмасын айтады;
- Қарсы топ сұрақ қояды;
- Суретті қорғау (таратпалы тапсырма)
Үй тапсырмасын қорытындылау: Таратпалы тапсырмалар
1-топ 2-топ
БІЛУ 2 мин
Миға шабуыл: слайдтағы суретпен жұмыс, оқушылармен пікірлесу, жаңа тақырыпты өзектілеу
Жаңа сабақ:
«Әлемнің ақпараттық бейнесі»
ТҮСІНУ 13 мин «Жылдам оқу» әдісімен жаңа тақырыпты оқушының меңгеруіне мүмкіндік беріледі.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.
Оқулықпен жұмыстан кейін жалпы сұрақ қойылады:
Адам ақпаратпен не атқарады?
- Адам ақпараттарды қабылдайды
- Адам ақпараттарды сақтай алады
- Адам ақпарттарды таратады Ақпараттық процестер
- Адам ақпараттарды өңдей алады.
Жаңа білімді меңгеру үшін қосымша әдебиетпен жұмыс (презентация қарау, эл.оқулықпен жұмыс):
Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды
- Адамның ақпаратты қабылдау тәсілдері
Адамның бейнелеу тәсілдері
Қосымша сәлімет
Сөздікпен жұмыс: Информатика ұғымы нені білдіреді?
Информатика — ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласына ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық т.б. мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде (іпformаtіon – ақпарат және automatigue – автоматика) ақпартты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайдаланылды.
Информатика пәні және міндеттері
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Информатика сегіз негізгі бағытттардан тұрады:
Информатиканың негізгі мәселелері:
- кез-келген табиғаттағы информациялық процестерді зерттеу;
- информациялық техниканы жасау және информациялық процестерді зерттеу нәтижелерінің базасында информацияларды өңдеудің жаңаша технологиясын жасау;
- компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді пайдаланудың ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу.
ҚОЛДАНУ 13 мин. Дәптерге ереже жазады
ЕРЕЖЕ: Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Топтық жұмыс (сызба, мәтін т.б.), топтық жұмысты қорғау
ТАЛДАУ 2 мин
Тапсырма 1. Сұраққа жауап бер.
Мен үшін «Әлемнің ақпараттық бейнесі» деген ұғым бұл –
Жауаптар(+; — )
Мен бұрын білмеген жаңалықтар
Компьютердің жадысында сақталғандар
Қоршаған орта туралы мәлімет
Не нәрсені естісемде,көрсемде,сезінсемде
Не нәрсені радиодан, теледидардан хабарласа,хаттарда жазылса
Не нәрсе жазбаларда,кітаптарда,
Фильмдерде,фотосуреттерде сақтағандар.
Менің қоршауымдағы бәрлық өзгерістер.
Менің қоршаған айналамдағы барлық заттар.
ЖИНАҚТАУ 2 мин
Ақпарат? Ақпарат – бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда.
Қоршаған орта? Қоршаған орта өлі табиғат (тау-тас т.б.), тірі табиғат (адамдар, жануарлар т.б.).
Адам ақпаратты қалай қабылдайды? /көру 90, есту 9, иіс сезу, дәм сезу және сипау 1 пайыз/
Ақпараттық үдерістер дегеніміз не? /ақпаратты алу, сақтау, тарату, өңдеу/
Оқыту үшін бағалау/оқуды бағалау 1мин (топтық жұмысты өзара бағалау)
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Үй тапсырмасы: «Жаңа ақпараттық әлем» тақырыбын оқып келу.